Қорытынды бөлім Н е г і з г і б ө л і м і 3 – 5 мин. 28- 30мин |
Сапқа тұрғызу. Оқушыларға жаңа сабақты хабарлау. Саптық жаттығулар «Теңел! Тік тұр! Орында қадам бас! Тоқта!» командаларының орындалу әдіс тәсілдерін түсіндіру, көрсету, жаттықтыру. «Теңел!» командасы берілгенде Оң жақ шетте тұрған оқушы ғана алға қарап, қалғандары бастарын оңға бұрады иек сәл көтеріледі,кеудені тік ұстап,ал дене біршама алға ұмсынылуы керек, қолдарды алақандарды ішке қаратып ,бүйірге және жамбастың ортасына ұстап, ал саусақтарды жартылай бүгіп және жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек , аяқтың өкшесі бірге тұмсығы ашық. «Тік тұр!» командасы берілгенде басты жоғары және тік, иекті алға шығармай өзінің алдына қарауы керек. «Орында қадам бас!» командасы берілгенде адым аяқты көтерумен және түсірумен көрсетіледі, бұл ретте аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, алғашқы қадам сол аяқтан басталады тізбекте тұрған оқушылардың барлығы сол аяқтан бастауы керек. Денені тік ұстап , басты көтеріп, тізе биігірек көтерілгенде аяқтың ұшын төмен қарай созу керек, қол еркін қозғалады. «Тоқта!» командасы сол аяққа беріліп оң аяқпен аяқталады.
«Арынды арқан» ойыны. Ойыншылар дөңгеленген шеңбер құрып тұрадыі. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшынан ұстап шеңбер ортасында отырады.Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады .осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған ойыншы жеңімпаз атанады. «Аңшылар» ойыны . Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірі - « үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып , ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып , үйректерді атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ал уақыт екі жаққа тең беріледі . Берілген уақыт өткеннен кейін , аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар ұтқан болып есептелінеді.
1.Сапқа тұрғыз. Ағзаны қалпына келтіру босаңсыту жаттығулары.. 2.Жаңа сабақты қорыту (Сұрақ, жауап) 3Оқушылардың білімін бағалау. 4.Үйге тапсырма беру. Оқушыларды сыныпқа қайтару.
| 10 - 12 мин 3 – 5 рет 10 – 15 рет 3 – 5 рет 3 – 5 рет 10 – 12 мин 3 – 5 рет 3 – 5 рет 3 – 5 рет 5 - 8 мин |
Командаларды мұқият тыңдау.
Орындалу әдістерін түсіну есте сақтау .
Жаттығуларды дұрыс орындауға дағдылану
. Аяқты бірдей алу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Ойын ережесін қатаң сақтау. Қауіпсіздік ережелерін ескерту. Ойын ережесін қатаң сақтау. Жаттығу № 5 |