Дайындық бөлімі Ұйымдасқан түрде мектеп алаңына шығып бір қатарға сапқа тұру. «Түзеліңдер!» «Тік тұрыңдар!» Кезекшінің баяндамасы «Сәлеметсіздер ме?Еркін тұрыңдар.» Сабақтың мақсатын хабарлау.Волейбол допты екі қолымен астынаң, үстінен қабылдау әдістері. Волейбол допты қабылдап алу және қайтарып беру. Жалпы денені қыздыру жаттығулары. Алаңды айналып жүру ,аяқтың ұшымен,өкше мен табанның сыртқы,ішкі жанымен жүру. Жүгіру жаттығулары-б.қ.қол белге қойып,аяқты жоғары көтере,қолымызды алға ұстап,тіземізді жоғары көтере жүгіру. Аяқты артқа тастап жүгіру. Оң,сол жанымен қолды алға,артқа айналдыра қозғау. Артымен жүгіру,айнала жүгіру. Аяқты айқастыра жанымен жүгіру. Шапшаң жүгіру,жай жүгіріске көшу. Дендерін қалыпқа келтіру,жүру. Қозғалыста гимнастикалық бойжазба жаттығуларын орындау. |