Дайындық бөлімі. 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Жаңа сабақпен таныстыру. 2. Бір орында орындалатын жаттығулар: оңға бұрыл, солға бұрыл, кері айналу, секіріп кері айналу. Залды айналып жүгіру. Басымызды оңға 2 рет, сроға 2 рет, 3. 2 қол белде,2 рет оңға, 2 рет солға айналдырамыз. Сол қол белде, оң қолды жоғары созып бастан асыра қисайту. Аяқтың ортасын сәл ашып оң қолдың ұшын оң аяққа тигізу, сол қолдың ұшымен сол аяққа тигізу, екі қолды еденге созып артқа шалқаю. 4. Жүріспен жаттығу: бағыттаушы залдың бойымен оң қапталмен қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру. Қол желкеде, өкшемен жүру. Қол белде аяқтың сырымен, ішімен жүру. 5. Жүгіріспен орындалатын жаттығулар: оң қапталмен секіріп қолды алдыға айналдыру. Сол қапталмен секіріп қолды артқа айналдыру. Қол алдында тізені көтеріп екі қолды тізеге тигізу. Қол артта аяқтың іші чыртына тигізу. Қол артта табанды қолға тигізу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы:"Гимнастика"»
Қандыағаш қалалық
№4 орта мектебінің
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Аманбаева Рыскүл Ибайдуллаевна
Сабақтың тақырыбы:«Гимнастика»
Дайындық бөлімі.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау. Жаңа сабақпен таныстыру.
Бір орында орындалатын жаттығулар: оңға бұрыл, солға бұрыл, кері айналу, секіріп кері айналу. Залды айналып жүгіру. Басымызды оңға 2 рет, сроға 2 рет,
2 қол белде,2 рет оңға, 2 рет солға айналдырамыз. Сол қол белде, оң қолды жоғары созып бастан асыра қисайту. Аяқтың ортасын сәл ашып оң қолдың ұшын оң аяққа тигізу, сол қолдың ұшымен сол аяққа тигізу, екі қолды еденге созып артқа шалқаю.
Жүріспен жаттығу: бағыттаушы залдың бойымен оң қапталмен қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру. Қол желкеде, өкшемен жүру. Қол белде аяқтың сырымен, ішімен жүру.
Жүгіріспен орындалатын жаттығулар: оң қапталмен секіріп қолды алдыға айналдыру. Сол қапталмен секіріп қолды артқа айналдыру. Қол алдында тізені көтеріп екі қолды тізеге тигізу. Қол артта аяқтың іші чыртына тигізу. Қол артта табанды қолға тигізу.
Сергіту жаттығуы.
Негізгі бөлім: Жаңа сабақ: Гимнастика, тепе-теңдік жаттығуы.
-Балалар спорт дегеніміз не?
-Спорт-дегеніміз- денені шынықтыру
-Спорттың қай түрін білесіңдер?
-гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, ауыр атлетика, шаңғы, би жаттығулары, жүзу, ат спорты
Енді балалар осы саланың ішінде гимнастикалық жаттығуларға тоқталып өтейік. Гимнастика ең алғаш- Грецияда пайда болған. Гимнастиканы грек тілінен аударғанда-жеңіл киіммен жүріп орындалатын жаттығу дегенді білдіреді. Гимнастика спорттың бір түрі ретінде спорттық гимнастика және көркем гимнастика болып бөлінеді.
Спорттық гимнастикаға- жалпы секіру, жүгіру, лақтыру, өрмелеу жатады. Ал, көркем гимнастикаға-тепе-теңдікті сақтау жаттығулары жатады. Тепе-теңдік сақтау дегеніміз-құлап кетпеудің алдын алу деген мағынаны білдіреді. Тепе-теңдік сақтау жаттығулары гимнастикалық орындықта дөңгелек және төрт бұрышты бөренеде орындалады. Мысалы, бөренеде, көпір үстінен өткенде, велосипед тепкенде т.б. Балалар тепе-теңдікті қай жерде жасауға болмайды (шаршаған кезде тепе –теңдік жаттығуларын орындауға болмайды. Өйткені құлап кетуі әбден мүмкін). Тепе-теңдік жаттығуларын жасау үшін бөрененің биіктігі қыздар үшін 100-110 см-ге дейін болады. Ұлдарға одан көбірек.
Қорытынды: Сапқа тұрғызу, қалыпқа келтіру жаттығулары, жаттығу орындаған кезінде жіберілген қателерді айту.