Просмотр содержимого документа
«РЕФЛЕКСОТЕРАПИЯҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ТЕРАПИЯСЫ»
РЕФЛЕКСОТЕРАПИЯҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ
ПАЙДАЛАНУ ТЕРАПИЯСЫ
(КЕЛБЕТ ЖӘНЕ ЖАЛПАҚ ТАБАНДЫ(ҚАЗТАБАНДЫ)ТҮЗЕУ)
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар келбетін және жалпақ табандығын түзеуге арналған. Балаларға 2-жастан қолдануға ұсынылған.
КЕЛБЕТ ЖӘНЕ ЖАЛПАҚ ТАБАНДЫ ТҮЗЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУЫ:
-келбетті түзеу үшін профилактикалық құрал;
-жалпақ табан дамуының алдын алу үшін профилактикалық құрал
-өмірлік тынысын және жұмысқа қабілеттілігін көтеру;
-ұйқының және ағза зат алмасуының қалпына келуі;
-бас миының қан айналымын жақсарту;
-күні бойы жағымды күш-қуатпен нәрдену, көңіл-күйді жақсарту;
-зиян әдеттерден құтылуға көмегін тигізеді;
КЕЛБЕТ ЖӘНЕ ЖАЛПАҚ ТАБАН ТҮЗЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫДА ЖАТТЫҒУЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
(ЖАҢА БАСТАУШЫЛАРҒА):
1.Алғашқы қалпы-орындықта отыру; аяқтары табанымен құрылғыда-кезекпен бірде саусақтарын көтеріп, сонан соң өкшесін-көтеріп отырады. 15-20 секунд аралығында орындалады.
2.Алғашқы қалпы-орындықта отыру; аяқты табандары құрылғының сол (оң) жағында. Табандарының ұсақ қадымымен, құрылғының сол (оң) жағына қозғалыс жасаймыз және қайта қалпына қайтамыз.15-20 секунд аралығында орындалады.
3.Алғашқы қалпы-орындықта отыру; аяқтары табанымен құрылғыда. Бір уақытта табандарымызды ішкі және сыртқы жағына қайырамыз.15-20 секунд аралығында орындалады.
4.Алғашқы қалпы-орындықта отыру, аяқтары табанымен құрылғыда; Орындыққа қолдарымызбен тіреліп отырып, кезекпен бірде оң, бірде сол аяқтарымызды көтереміз. 15-20 секунд аралығында орындалады.
5.Алғашқы қалпы-орындықта отыру, қолдарымыз тіземізде, аяқтары табанымен құрылғыда; Тік тұрып қолдарымызды мықында ұстаймыз. Алғашқы қалпына келу.15-20 секунд аралығында орындалады.
6.Алғашқы қалпы-орындықта отыру, аяқтары табанымен құрылғыда; орындыққа қолдарымызбен тіреліп отырып, тізелерімізбен солдан оңға және қайтадан айналым қозғалыстарын орындаймыз. 15-20 секунд аралығында орындалады.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР:
1.«ПИНГВИН»
Алғашқы қалпы:жіңішкелене тік тұру, аяқтарын бір-бірінен алшақтатып қою. Қолдары дене бойында дене қысылған,алақандары еденге қаралған. 360 градусқа ұсақ қадамдармен бұрылыс жасаймыз да қайтадын қалпына келеміз. 15-20 секунд аралығында орындалады.
2.«ШӨРІК»
Алғашқы қалпы негізгі,құрылғыда тұру. Қолдарымыз мықында, құрылғының оң(сол) жағында тұрып,табанымызбен ұсақ қадамдармен құрылғының сол(оң) жағына жылжимыз да, қайтадан бұрынғы орнымызға келеміз. 15-20 секунд аралығында орындалады.
3.«Алма жинау»
Алғашқы қалпы: аяқтарымыз бірге, қолдарымыз жоғары тік көтерілген. Еңкейіп, тіземізді бүгіп, жерден шашылып қалған алмаларды жинаған сияқтымыз (демді сыртқа шығару).
4.«Кім биік...»
Алғашқы қалпы негізгі, құрылғыда тұру. Қолдарымызды тік жоғары көтереміз, аяқ саусақтарының ұшына тұрып жоғарыға созыламыз (дем ішке алу), алғашқы қалпы келу (демді сыртқа шығару). 6-8 рет қайталау.
5.«Ат жүрісі»
Алғашқы қалпы негізгі, құрылғыда тұру. Бір орнында тұрып қолдарымен кеңінен сермеп бір орнында жүру және аяқтарын кезектесіп, тізесін бүгіп жоғары көтеріп жүру. 15-20 секунд аралығында орындау.
6.«Отын кесуші»
Алғашқы қалпы: аяқтары құрылғының шеттерінде қойылған; қолдары «құлыпталынған» түрде бастан жоғары көтеріліп артқа қайырылған.
7.«Тербелу»
Алғашқы қалпы құрылғыда:аяқтары иықтарының кеңдігінің мөлшерінде, қолдары мықында. Аяқ саусақтарының ұшына көтеріліп, құрылғыдан өкшесін тартып алу (байқап істеу керек). Алғашқы қалпына қайта келу. Өкшеге тұру,аяқ саусақтарын құрылғыдан тартып алу (байқап істеу керек). Алғашқы қалпына қайта келу. 6-8 рет қайталау.
8.«Ұшақ»
Алғашқы қалпы: аяқтарымыз бірге, қолдарымыз екі жақта. Ұшақ қимылдарына ұқсатып денемізбен солға және оңға қисаю. 10-15 секунд аралығында орындау.
ГИМНАСТИКАЛЫҚ ТАЯҚШАМЕН, КЕЛБЕТ ЖӘНЕ ЖАЛПАҚ ТАБАНДЫ (ҚАЗТАБАНДЫ) ТҮЗЕУГЕ, АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР ЖИЫНТЫҒЫ:
1.Алғашқы қалпы негізгі, құрылғыда тұру. Таяқшаны қолда көлденеңінен төменде ұстап тұру. Таяқшаны кеудеге көтеру. Таяқшаны жоғары көтеру,аяқ саусақтарына көтерілу, таяқшаға қарау. Таяқшаны кеудеге түсіру. Алғашқы қалпы қайта келу. 4-6 рет қайталау.
2.Алғашқы қалпы: аяқтарын бірге қойып тұру. Таяқша бастан жоғарыда кеңінен ұсталған. Дененің солға қисаюымен бірге сол аяқты солға жылжыту. Алғашқы қалпына қайта келу. Осының бәрін оң жаққа қайталау. Алғашқы қалпына қайта келу. 4-6 рет қайталау.
3.Алғашқы қалпы: аяқтары бөлек, таяқша бастан жоғары, кеңінен ұсталған. Солға бұрылу. Алғашқы қалпы. Оңға бұрылу. Алғашқы қалпы. 4-6 рет қайталау.
4.Алғашқы қалпы: аяқтары құрылғының шеттерінде, таяқша көлденеңінен төменде. Алға еңкейіп, таяқшаны еденге қою. Түзеліп тұру, қолдары мықында. Алға еңкейіп таяқшаны алу. Алғашқы қалпына қайта келу. 4-6 рет қайталау.
6.Алғашқы қалпы: тік тұру, таяқша акртта көлденеңінен төменде. Аяқ саусақтарының ұшына отыру, тұла бойы тік, таяқша тізе астында қысылған. Қолдары алақандарымен ішке қаратып көтеру. Таяқшаны артынан алу. Алғашқы қалпына қайта келіп 6-8 рет қайталау.
7.Алғашқы қалпы: аяқтары бөлек, таяқша көлденеңінен төменде. Сол қолды жоғары көтеру, оң жаққа тербелу ырғақтар жасау. Алғашқы қалпына қайта келу. Осының бәрін тек оң жаққа қайталау. Алғашқы қалпына келу. 6-8 рет қайталау.
« Мәди Бәпиұлы атындағы №44 жалпы
орта білім беретін мектебі» КММ
РЕФЛЕКСОТЕРАПИЯҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ТЕРАПИЯСЫ