Қысқа мерзімді жоспар
Пәні:Дене шынықтыру
Сыныбы: 2 «Г, Ғ»
Мерзімі: 7,8,9. 12. 2016ж.
Пән мұғалімі:Алиева К
Сабақтың тақырыбы
Тепе – теңдік сақтау жаттығулары
Жалпы мақсаттар
Тепе – теңдік сақтау жаттығулардың техникасын үйрету.
Оқыту нәтижесі
Гимнастика туралы білімдерін толықтырады, тез бағдарлауға үйренеді,
топтық,ұжымдық жұмыс істеуге үйренеді, шығармашылық қабілеті артады.
Оқыту әдістері
Қызығушылығын ояту, практикалық, түсіндіру, үйрету.
Тапсырмалар түрлері
Мұғалімнің
іс – әрекеті
Оқушылардың
іс – әрекеті
Ресурстар
Жұмыс түрі,
уақыты
Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру жұмысы
Түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерін таныстыру.
Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру.
Ұйымдастыру.
2 мин
Техника қауіпсіздік ережелерімен танысады
Қыздырыну жаттығулары
Жүру үстінде орындалатын жаттығулар,
жүгіру үстіндегі жаттығулар,
бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар орындатылады.Сап бойынша жәй жүріспен жүру.Солға бұрыл!
Жалпы дамыту жаттығулары: Б.қ.а.а.и.к қол белде басты 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру
- Б.қ.а.а.и.к қол басы иықта қолды алдыға 4 сан, артқа 4 сан айналдыру
- Б.қ.а.а.а.и.к қолды ашып артқа 4рет, алдығ 4рет айналдыру
- Б.қ.а.а.а.и.к қол кеуде алдында, 1,2 қолды жазбайсерпу,
- 3,4 қолдыашыпжазып серпу
- Б.қ.а.а.а.и.кқолбелде, белді 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру
- Б.қ.а.а.а. оңқолдысол аяққасол қолды оң аяққа тигізу
- Б.қ.н.т 1 тіреп отыру, 2 тіреп жату, 3 тіреп отыру, 4 бастапқы қалып
- Б.қ.н.т 4 сан оң аяқта, 4 сан сол аяқтаүш сан қосаяқпен, 3сан қосаяқпен 4- ші сан 180 градусқасекіру
Жаттығуларды орындайды.
Жаттығулар орындату.
7 мин
Оқушылар сабаққа дайындықтарын көрсетеді.
Жаңа сабақ
Адам бір орнында немесе қозғалыс үстінде белгілі бір уақыт бойы өз денесін бір қалыпта ұстай алуын тепе – теңдік сақтау деп атайды. Тепе – теңдік сақтау әдетте аяқ астындағы тіректің көлеміне, сезім мүшелерінің қалыпты жұмысына байланысты болады.
Тепе – теңдік сақтау адам өмірінің әр кезеңінде әр түрлі болады. Алайда, ол қимыл – қозғалыс әрекеттерінің көбеюіне, күрделенуіне және жалпы денені дамыту, жетілдіру жұмыстарының сапалы жүргізілуіне байланысты болып келеді. Әр түрлі қимыл – қозғалыстар кезінде, әрқандай қалыпта тепе- теңдікті сақтауға арналған жаттығулар ең алдымен адамның зейінін, ойлау қабілетін жетілдіреді. Мұндай жаттығулар ептілікке, күрделі қимыл – қозғалыстарды өз еркімен батыл түрде жасауға дағдыландырады.
Тепе – теңдік сақтау жаттығуларын үнемі орындау арқылы қабылдау, көру және қозғалыс түйсіктерінің өзара байланысы жетіледі.
Оқушылар біртіндеп жасап көреді.
Ысқырық, гимнастикалық бөрене
Түсіндіру.
15 мин
Жаңа сабақ туралы мағлұмат алады, өтілген жаңа материалды меңгереді.
Жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату
- Әрқандай қалыпта тұрып, денені дұрыс ұстай білуге үйрену (бір аяқпен тұру).
- Әр түрлі қимыл – қозғалыстар жасау үстінде тепе – теңдікті сақтау (қолды екі жаққа созып айналу).
- Жазық емес нәрсенің үстімен және жүк көтеріп жүргенде тепе – теңдікті сақтау (төбесіне кітап қойып, бөрененің үстімен жүру).
Оқушылар техникаларды көрсетеді.
Ысқырық, гимнастикалық бөрене
Жаттығуларды орындату.
8 мин
Техникасын практикада үйренеді.
Рефлексия (қорытындылау)
Сапқа тұрғызу,оқушылардың жетістіктерін айтып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы сабақты қорыту.
Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты игергендерін көрсетеді.
Қорытындылау3 мин
Ойларын қорытып, тұжырым жасауға дағдыланады, жетістігін біледі.
Бағалау
Топ жетекшісіне таратылған бағалау парақтары арқылы бағаланады. Критерийлерге тоқталып неліктен ондай баға қойғаны сұралады. Критерийлер:
- Сабаққа қатысу ынтасы
- Жаңа тақырыпты меңгеруі
- Жаттығуларды орындағанда шапшаңдығы мен дұрыстығы
- Топта жұмыс жасауы
Оқушы бағасымен келісетінін не келіспейтінін және неліктен екенін айтады.
Бағалау.
2 мин
Өз-өзінің жетістігіне баға беруге үйренеді.