| Жалпы дене жаттығулары. Саппен жүру, қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен жүру; Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру; Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру; Жүрелеп отырып жүру Арнайы жүгіру жаттығулары Тізені көтеріп жүгіру; Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру; Қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру; Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру; Қолды желкеге қойып, аяқты артқа тастап жүгіру; Шапшаң жүгіру. Арнайы секіру жаттығулары. Оң және сол жақпен секіре жүгіру; Әр адымға секіріп қолды алға (артқа) айналдыру; Адымдап жүру демалуды бір қалыптандыру. Бір орында жасалатын жаттығулар Б.Қ.1. қолды алға созу Қолды жоғары көтеру Қолды жанға ұстау Бастапқы қалып ІІ.Б.Қ. 1-2 оң қолды жоғары ұстап сол қол белге, сол жақ жанға қисаямыз, 3-4 сол қол жоғарыда, оң қолды белге ұстап оң жақ жанға қисаямыз. ІІІ.Б.Қ. аяқты жартылай ашып тұрамыз. Сол жақ аяққа еңкейеміз. Ортаға еңкейеміз. Оң жақ аяққа еңкейеміз. Б.Қ. ІҮ Б.Қ. аяқты жартылай ашып тұрамыз. Оң жақ аяққа отырамыз Б.Қ. Сол жақ аяққа отырамыз Б.Қ Негізгі бөлім Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу. «Арқан тартыс» ойыны Команданың ортасында арнаулы сызық болады. Белгі бойынша барлық ойыншылар арқаннан ұстап тартысады. Кімнің командасы ортадағы белгіден асыроа сүйреп алса, сол команда жеңіске жетеді. «Қапшық жарыс» ойыны Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып қапты киім алып, 10-15 метр жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді, тағы сол сияқты қайталайды. «Жаяу аударыспақ» ойыны Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір- бір баланы ат қылып мінеді де, соның үстіне мініп отырып тартысады. Астындағы ойыншы қозғалмай тұруы тиіс. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сол жеңілген болып есептеледі. «Омбы» ойыны. Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр команданың ойыншылары өз асықтарын тігеді. Асықтардың дәл лортасында бір асықты омпысынан тігеді. Ойынды бастаушы бастайды. Ойыншылар кезек-кезек асықты атып, ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады. «Кім жылдам» ойыны Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге допты апарып қойып жүгіріп келу, келесі ойыншы допты алып келеді т.с.с. ойын бастаушы допты алып келіп допты жоғары көтереді. Қорытынды бөлім. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Оймен ойналатын ойындар. А) 9 саны мен 27 саны арасында неше жұп сан бар? Жауабы: 9 жұп сан Б)Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, екі арыстан, Екі қоян, бір түлкі Бәрі нешеу кім біледі? Жауабы: 9 Сабақты қорытындылау. Жарыс қорытындысын шығару. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Ұлттық және қимыл-қозғалыс ойындарына мәнжазба жазу. | 10 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 4-5 рет 25мин 3рет 1рет 1 рет 1 рет 5 мин | Қолды түзу ұстап жаттығудың Дұрыс орындалуына көңіл бөлу. Денені тік ұстап отырып жүру. Оқушылардың жаттығулары дұрыс жасап, қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау. Барынша терең тыныс алу Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау. Қол аяқты бүкпей тіке ұстау Жаттығу жасау кезінде тізені бүкпей тіке ұстау. Қолды белге ұстау, жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау. Арқанды ұстағанда бір- біріне қарама-қарсы тұруы керек. Қаптың аузын екі қолмен ұстап жүгіруге болады. Бірін-бірі ат қылып мінеді. Астындағы ойыншы қозғалмай тұруы керек Асықтарды атқан ойыншы омпыға тигізсе 5 ұпай, асыққа тигізсе 1 ұпай алды. Ойыншылар бір- бірінің артына сапта тұрады. Кедергілер арасымен жүгіру. Ойын қорытындысын шығару, жеңімпаз команданы мадақтау. |