Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлімі – Командалық спорт ойындары арқылы өзара әрекеттестік. |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: ЖҰМАЛЫҚЫЗЫ ҰЛБОЛСЫН |
Мектеп: «Құрық ауылы №6 орта мектебі» КММ | Қатысқандар саны: |
Сынып: 7б | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: Ойын техникасын жақсарту (волейбол: допты жоғарыдан беру) |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті: Қауіпсіздік ережелерді біледі, қимыл қозғалыс реттілігін сақтай алады. Түрлі жаттығулардың әдіс тәсілін және ережелерін түсінеді Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: Оқушылар жұппен және топпен тиімді жұмыс істей алады, арнайы спорттық қимыл қозғалысын әрекетін орындай алады. Кейбір оқушылар келесіге қабілетті: Оқушылар ойындағы әр түрлі қозғалыс әрекеттерін біледі, допты жоғарындан түсірмей қимыл қозғалыс дәлдігін сақтай отырып, ойнай алады. |
Жетістік критерийлері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді | Білімалушы • Қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау туралы біледі. • Қозғалыс әрекеттерін дәлдігін бақылайды. • Қимыл-қозғалыс икемділік үйлесімділігін сақтайды. •Допты жоғарыдан беру әдісін түсіндіреді және көрсетеді; •Оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасайды және командалық бірлесу әрекеттерін жүзеге асырады. | | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология үш тілде: кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру допты лақтыру, қағып алу, алып жүру қарсы тұру, қорғаныс, қауіпсіздік волейбол volley- удар с лета-қалқып ұру вall –мяч-доп ойыншы-игрок-рlayer тор-сетка- volleyвall net Сапқа тұру, оңға солға бұрылу, допты жоғарыдан тор арқылы беру, қабылдау, ойыншының тұрысы, саппен жүгіру волейбол торы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Допты жоғарыдан бергенде қолды қалай дұрыс қойамыз.............? Жоғарыдан допты беру кезіндегі ойыншының тұрысы................? |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілік, бір біріне деген сый құрмет және шыншылдық. |
Пәнаралық байланыстар | Физика – бұрыш, траектория, серпілу Биология – бұлшықеттер жұмысы, тірек қимыл аппараты |
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға ойын техникасын жетілдіруге арналған видео үзінді көрсету. |
Бастапқы білім | Оқушылар қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі, командалық ойындар туралы дағдылар мен реттілікті біледі. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 10минут | Оқушыларды сапқа тұрғызу, түгендеу, сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру сабақ барысындағы техника қауіпсіздігін түсіндіру. Саппен жүру қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып, өкшемен жүру. Жүруден жүгіріске өтіп, алаң шетімен жүгіру. Алаң бұрышынан бұрышқа орындалатын арнайы жүгіру жаттығулары қолды алға, артқа айналдырып, бір жақ қырымен жүгіру, аяқты артқа сермеп жүгіру, тізені көтеріп жүгіру Демалыс жаттығулары. Жалпы бір орында волейбол добымен допсыз орындалатын дене қыздыру жаттығулары: Б.Қ басты айналдыру оңға солға Б.Қ допты екі қолмен жоғары көтеріп оңға, солға созылу жаттығуларын орындау. Б.Қ допты аяқтың арасынан өткізіп сегіздік жасау. Б.Қ допты жоғары лақтырып, қол соғып, қағып алу. Б.Қ қолды толығымен айналдыру: алдыға -артқа қарай. Б.Қ шынтақты айналдыру. Б.Қ иықты айналдыру. Б.Қ бір қолды белге таяп, оңға, солға іиілу. Б.Қ қол желкеде оңға, солға бұрылу Б.Қ екі қолды белге қойып, белді айналдыру: оң, сол жаққа. Б.Қ білекті, аяқтың ұшын айналдыру Б.Қ оң және сол аяққа отыру, аяқ бұлшықеттерін созу. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен, бос кеңістік, волейбол добы. мұғалім үшін уақыт өлшегіш, ысқырық |
Сабақтың ортасы 25 минут | (С) Оқушыларды сапқа тұрғызып, сабақтың тақырыбына сай ойын техникасын жетілдіруге допты жоғарыдан беру техникасы туралы видео үзінді көрсету. Техника қауіпсіздігіне тоқтала кету Оқушылармен жұптық, топтық жұмыс жасау үшін карточка тарату арқылы бөлу. (ЖЖДФ) Допты жоғарыдан беру ойыншының тұрысын көрсетеді. Екі оқушы жақын арақашықтықта бір-біріне қарама –қарсы тұрып, допты жоғарыдан беру әдісі, қимылы арқылы екі қолмен бір-біріне допты береді. Дискриптор: Білім алушы -Ойыншының тұрысының техникасын дұрыс көрсету -Аяқ қолдың бір-бірімен үйлесімді жұмыс жасауы (Ж Ж) Екі оқушы белгілі бір арақашықтықта бір-біріне қарама –қарсы тұрып, допты жоғарыдан екі қолмен ұстап, бастан асыра, тура лақтырып беру. Дискриптор: Білім алушы -Допты дұрыс қимыл қозғалысқа сай орындау -Допты серіктесіне дәл тура жеткізу (Ж) Оқушылар жерге арқаны тік ұстап отырып, алақанды ашып саусақ күштері арқылы допты жерге соғу. Дискриптор: Білім алушы -Допты жерге соғу кезінде қолды дұрыс ұстау -Жаттығуды дұрыс орындау (СЖ) Әр оқушы бір волейбол добын алып, допты қабырғаға бір орында соғу білектің қимыл қозғалысын жетілдіруге арналған жаттығуды орындайды. Допты жоғарыдан бір орында түсірмей қағу. Дискриптор: Білім алушы -Білектің қимылының дұрыс жұмыс жасауы -Бір орында допты түсірмей жоғарыдан қағу (ЖЖДФ)Допты оқушы өз басынан асыра көтеріп, қарсы тұрған ойыншыға жоғарыдан екі қолмен береді. Дискриптор: Білім алушы -Жаттығуды дұрыс орындау -Допты дұрыс, биік әрі тура жеткізе білу (ЖЖДФ) Оқушы допты екі қолмен жоғарыдан беру әдісін орындау үшін, қарсы тұрған оқушыға допты биікке лақтырып береді. Дискриптор: Білім алушы -Допты дұрыс бағытқа қайтарып беру -Допты саусақпен беру -Бір-біріне допты дәл жеткізу (ЖЖ)Торға дейін допты жерге екі қолмен соғып, тордың арғы жағындығы оқушыға жеткізу, ал қарсы тұрған оқушы допты серіктесіне жоғарыдан екі қолмен беру әдісі арқылы қайтарады. Дискриптор: Білім алушы -Ойыншы допты түсіріп алмай, қозғалыста тордан асыра қайтарып бере алады -Жоғарыдан беру кезінде допты дұрыс көзбен бақылай алады (Т) Оқушыларды үш топқа бөлу, тор арқылы екі жақ бетке қозғалыста допты жоғарыдан беру. Дискриптор: Білім алушы -Қозғалыс үйлесімділігін дұрыс сақтайды -Допты көзбен дұрыс қадағалай біледі | Үлкен экран, ноутбук Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. мұғалім үшін уақыт өлшегіш ысқырық Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, волейбол торы Волейбол торы, сондай-ақ волейбол доптары |
Сабақтың соңы 5 минут | (С)Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуы: Оқушылар шеңберге тұрып, допты екі қолмен жоғары көтеру арқылы шаңырақ жасайды.. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі: Төмендегі кубоктардың денгейіне қарай стикер қағаздарын жабыстыру арқылы сабақ туралы пікірлерін қалдырады. -Мен бәрін түсіндім, тапсырмаларды толық орындай алдым. | | -Мен бәрін түсіндім, бірақ тапсырмаларды орындау қыйындау болды. | | -Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындай алмадым. | | | Волейбол добы
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Физикалық дене қабілеті жоғары, епті оқушыларды мұғаліммен тәжірибе алмасу, күрделі жаттығу түрін ұсыну. | Байқау, тыңдау, сұрақ қою. -Оқушылардың топтық, жұптық жұмыс кезінде допты жоғарыдан дұрыс беруіне көңіл аудару. -Доптың бағытын дұрыс беруінде, оқушының қозғалысын қарау. | Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету. Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау. Сабақтың кіріспе, негізгі бөліміндерінде техника қауіпсіздігін сақтау. Жүгіру жалпы дене қыздырыну кезінде ара қашықтықты сақтау және демалыс жаттығуларын әр кезеңнен кейін орындау. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: |