1.Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика.
«Қашықтыққа гранат лақтыру,700 г.»
2. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: қашықтыққа гранат лақтырудың
әдіс тәсілдерін үйрету.
ә) дамытушылығы: екпін алып жүгіруді,
шапшаңдықты, қарқынмен гранатты лақтыруды,
үйретіп дамыту.
б) тәрбиелігі: оқушыларды ұжымдылыққа,
ұқыптылыққа, батылдылыққа, күштілікке,
тәртіптілікке тәрбиелеп баулу.
3. Сабақтың типі: аралас сабақ.
4. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
5.Сабақтың әдісі: жекелей, топтық, түсіндіру, көрсету.
6.Құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, метр, жалаушалар және
дайындық гранаталары.
7.Сабақтың барысы: 1.Дайындық бөлім : 10-15м
2. Негізгі бөлім : 20-25м
3.Қорытынды бөлім: 3-5м
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Тулеуов Абай Мұратбаевич
Сабақ бөлімі | Сабақтың мазмұны | Уақыт өлшемі | Әдістемелік нұсқаулар |
І |
Дайындық бөлім: Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу түгелдеу, сабақтың тақырып, мақсатын түсіндіру. Орында бұрылу жаттығулары: оңға, солға, кері. Жеңіл жүгіріс екі қатармен. Орнында жекелей және екеу ара жасалатын жаттығулар: 1.Б.Қ қол белде, аяқ иық көлемінде Сқ 1 басты алға еңкейтеміз, Сқ 2.артқа, Сқ 3.оң жанымызға, Сқ 4 сол жанымызға иілдіреміз. 2.Б.Қ Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде Сқ 1-2 оң қолды артқа сермейміз, Сқ 3-4 сол қолды ауыстырамыз., 3. Б.Қ Қол кеуде тұсында, аяқ иық көлемінде Сқ 1 Қолды жоғары көтереміз аяқтың ұшымен, Сқ 2 Б.Қ Сқ 3 Т.с.с Сқ 4 Б.Қ 4. Жұптасып екеу ара жаттығулар орындау. Б.Қ. Қолды қарама-қарсы айқастырамыз С.Қ 1-4 қолды жартылай күшпен бүгіп жазамыз алма кезек. С.Қ 5-8 қайталаймыз. 5. Б.Қ аяқты алшақ, қолымызды біріміздің иығымызға қоямыз. С.Қ 1-4 денемізді бүгіп алға еңкейіп серпіліп жасау. 6. Б.Қ Аяқты алшақ ашып, қарама-қарсы бір-біріміздің қолымыздан мықтап ұстаймыз. Сқ 1-2 бірінші қатардағылар оң аяққа, екінші қатардағылар сол аяққа отырып, созылып серпіліп жасау. С.Қ 3-4 т.с.с қайталаймыз. 7.Орнында секіру жаттығуы Б.Қ Қолды бос, еркін ұстаймыз Аяғымызды оңға-солға сермеп секіреміз. 8. Б.Қ Қолды бос, еркін ұстаймыз Аяғымызды алға-артқа сермеп секіреміз. Жүгіру үстінде орындалатын жаттығулар: а) тізені жоғары көтеріп жүгіру, ә) аяқты артқа сермеп, б) аяқты алға сермеп, в) оң жақ, сол жақ жанымен секіріп, г) тізені алма кезек жоғары көтеріп, д) адымдап секіру, ж) жылдамдықпен жүгіру, з) дем басу. | 10-15м
1-2м
30с 3м 8-10м 7-8р 7-8р
7-8р
5-6р
5-6р 5-6р
15с 15с |
Ара қашықтықты сақтау. Спорттық киіміне мән беру. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Нақты дұрыс бұрылуына назар аудару. Алаңнан екі айналым жасау 500м. Ара қашық- тықты сақтап жүгіру. Барлық жаттығуларды аяқтың ұшымен орындау. Дене тік, көзді жұмбаймыз. Денемізді тік, қолды түзу ұстап сермейміз. Дене тік, қолды барынша аяқтың ұшымен көтеріле созамыз. Денемізді сәл алға еңкейтіп, сол аяғымызды алға қоямыз. Тізені бүкпейміз,денемізді барынша алға еңкейтеміз. Кеуде тік, созылған аяқтың тізесін бүкпеу. Аяқтың ұшымен орташа жылдамдықпен орындау. Аяқтың ұшымен орташа жылдамдықпен орындау. Барынша тізені жоғары. Өкшені алақанға тигізу. Аяқты 45 қа көтеру. Иықты толық айналдыру. Барынша жоғары секіру. Аяқтан аяққа секіру. Бар екпінмен жүгіру. Терең дем алып, дем шығару. |
ІІ ІІІ IV
V |
VI VII |
Негізгі бөлім:
Қашықтыққа гранат лақтыру. Гранаттың ұсталуы және лақтырулы туралы кішігірім мағлұмат беру. 1.Бір қатарда, орнында қолды ауаға сермеу (имитация) оң және сол қолмен. 2.Бір қатарда орнынан 3-4 қадам жасап келіп қолды сермеу (имитация) 3. 5-6 метр жерден жүгіріп келіп қашықтыққа гранат лақтыру (сынақ) 4. Екі жақты футбол ойыны Қорытынды бөлім: Сапқа тұру, Сабақты қортындылау, бағалау. |
20-25м
4-5р
4-5р
2 реттен
7-8м | Лақтырудың әдіс тәсілдерін көрсету.
Сол аяқ алда, оң аяқты артқа қойып, денемізді сәл оң жанымызға бұрып қолды бастан асыра сілтейміз. Орнынан сол аяқтан бас-таймыз. ТҚЕ. Гранатты сенімді ұстау және лақтырғанда жан-жағына алаңдамау. Тапсырманы тек ғана мұғалімнің рұқсатынан кейін орындау. Ойын ережесімен ойнау. Ойнау барысында қауіп-сіздік ережесін қатаң сақтау. Оқушыларды бастапқы қалыпқа келтіру.Үйге тапсырма қайталап жүгіру 3х10м,с және кермеге тартылу 6 реттен 3қайтара. |