kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі мекемеге балаларды? ойын ар?ылы ?имылын дамыту?а ?дістемелік ??ралы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Мына ?дістемелі ??рал жалпы дене шыны?тырудан барлы? топтын балаларына арналган. мында жалпы ?имылды ойындар. ?дістемелік ??ралдын аты  "Мектепке дейінгі мекемеге балаларды? ойын ар?ылы ?имылын дамыту?а ?дістемелік ??ралы." деп аталады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі мекемеге балаларды? ойын ар?ылы ?имылын дамыту?а ?дістемелік ??ралы.»

Павлодар қаласы «№5 сәбилер бақшасы» МҚКК










Мектепке дейінгі мекемеге балалардың ойын арқылы қимылын дамытуға әдістемелік құралы.









Дене шынықтыру нұсқаушысы:

Альжанова О.А.









2016ж.



Алғы сөз


Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бал организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен,
ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. 

























Қимылдық ойындар

1-ші сәбилер тобы

«Қуыршақтарға қонаққа».

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.
«Қоңырау қайдан естіледі?»

Балалар қабырғаға беттерін беріп тұрады. Күтуші әйел бөлменің басқа бір шетіне тығылып тұрады да қоңырау соғады. Тәрбиеші балаларға: «Тыңдаңдар, қоңырау қайдан соғылып тұр, қоңырауды табыңдар», - дейді. Балалар қоңырауды тапқан кезде, тәрбиеші оларды мақтайды, одан кейін балаларға тағы да қабырғаға беттерін беріп тұруды ұсынады. Күтуші әйел басқа жерге тығылады да қайтадан қоңырау соғады.
«Жолмен (жалғыз аяқ жолмен)».

Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады. Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
«Кішкене өзен арқылы».

Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
«Поезд».

Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
«Жел көбік».

Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, жақын-жақын дөңгелене тұрады. Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді айтады.
Көпіре гөр көбік-шар,
Көпіре гөр кеңіп шар.
Осы күйі қал тұрып,
Кете көрме жарылып.
Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді кеңейте түседі. Тәрбиеші: «Жел көбік жарылды» деген кезде барлық балалар қолдарын төмен түсіріп, бір дауыспен. «Тарс етті», - дейді де тізерлеп отыра кетеді. Тәрбиеші жаңа көбік үрлеуді ұсынады: балалар орындарынан тұрады, қайтадан дөңгелектеніп тұрады, ойын қайта басталады.
«Жалаушаны әкел (таяқ арқылы аттап өту)».
Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да балалардың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады. Балалардың барлығы жалаушамен оралғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. (тәрбиеші ритммен қолын соғады немесе бір-екі, бір-екі деп дауыстап тұрады.)
Одан кейін ойын балалардың басқа тобымен жүргізіледі.
«Күн мен жаңбыр». Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.
«Допты қуып жет». Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады.
Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

«Кім солай сөйлейді?» Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету. Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке турады, ортасында доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші»

«Кім сені шақырды, тап» Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Құрал: арнайы құрал керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада турған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге турады – шақырған бала ортаға турады.

«Бес санына шапалақта» Мақсаты: Беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойында екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5 дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсын»

«Бұл не қылған дыбыс» Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.

"Ойна, жүгір, балақай"   Мақсаты: Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын артыру.

Тәрбиеші: Денсаулық деген сөзді қалай түсінесіздер?

Балалар:Ауырмайтын салауатты өмір сақтайтын, дұрыс тамақтанатын дене шынықтырумен айналысатын  дені сау адамды айтамыз.

Тәрбиеші: Өте дұрыс. (жан – жақты жаттықтыратын жаттығулар).

Бір қатармен  жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру.

Доппен жаттығу, секіру шеңбер жасап жәй жүру, екі қатарға бөліну.

Денсаулық жайлы мақал – мәтелдер айтқызу.

Денсаулық - зор байлық.

Деңі – саудың жаны сау.

Тазалық - денсаулық кепілі.

 Сергіту сәті: Балалар сендер қалай өмір сүресіңдер?

Балалар: Жақсы,  жақсы,  жақсы.

Балалар сендер қалай жүгіресіңдер?

Балалар сендер қалай секіресіңдер?

Балалар сендер қалай күресесіңдер?

Ал енді балалар ойынымызды бастаймыз.

«Торғайлар және машина» Ойын ережесі: Ойын залындағы орындықтарға балаларды отырғызу. Бұл балапанның ұясы. Сендер балапансыңдар деп түсіндіру. Қарсы жақта үлкен жол. Онда машына жүреді. Тәрбиеші машинаны айдайтын шофер.

Тәрбиеші торғайлардың ұшып келіп жолға қонуларын сұрайды. Балалар орындықтан тұрып торғай болып ұшып келеді.

Тәрбиешінің белгісі бойынша «машина келеді, торғайлар ұшады», - балалар құс болып ұшып орындыққа барып отырады. 

 Машина жолдан өтіп кетті.  Ойынға 10 -12 бала қатысады.

«Жүрдек поезд» Балалар бір – бірін ұстамай тұрғызу. Балалар вагон, ал тәрбиеші паровоз. Тәрбиеші гудок берілген кезде  жүрдек поезд баяу жүре бастайды. Бір айналыста баяу жүрген соң жылдам жүгіреді.

     Тәрбиеші станцияға жақындадық дегенде балалар баяу жүріске ауысады. Станцияда поезд тоқтайды.       Станциядағы балаларға еркін қыдыруына рұқсат етіледі. Берілген белгі бойына балалар сап түзеп поезд болып жүріп кетеді. Тәрбиеші: Сабақты қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.

«Күш сынаспақ».  Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 
«Тауық күрес».  Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. 
«Арқан тарту». Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады Қай топ арқанды өз жағына тартып,алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса ,құламаған бала жеңіске жетеді. 
«Хан «алшы» Бұқл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. 
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. 
«Көтермек» Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады. 
«Орамал тастамақ» Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артамда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. 
Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді. 
«Ақсерек-көксерек». Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады.Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ. Ойынды бастайды 
Ақсрек-ау ақ серек Бізден сізге кім керек. 
2-ші Ақсерек –ау ақ серек Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек 
Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады.Ойын осылай жалғаса береді. 
«Қыз –қуу» Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. 
«Асау мәстек» Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға 
Былай дейді. 
Ер екеніңді білейін 
Ешкі сойып берейін 
Тақия алсаң еңкейіп 
Құламасаң теңкейіп 
Ерлігіңе сенейін 
Ойын шартын қабылдап ,ортаға шыққан бала: 
Асау мәстек бұл болса 
Үйретейін көріңіз 
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек.Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. 
«Түйілген орамал» Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды.Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды.Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады.Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды.Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі.Осылайша ойын жүргізіледі,түйулі орамалды алғанша қуалай береді.Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді..Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады.ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұралы. 


Қимылдық ойындар

2-ші сәбилер тобы.


«Соқыр теке». Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып қойылады. 
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ 
Қайда кеткен құлыншақ 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені ізден тап-тап Деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді. 
«Әуе таяқ». Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топта 5-тен 10 –ға дейін ойыншы. Болады.Екі топқа екі таяқша (жұмсақ)беріледі,жерге түзу сызық сызылады.Ойыншының біреуі ортаға шығады да бір алақанына зат жасырып,екінші қолының жұдырығын бірдей жұмады. 
Екінші ойыншы зат жасырылған қолды тапса,ойынды бастаушы сол болады.Сөйтіп қолындағы таяғын жоғары лақтырады.Осы кезде қасындағы таяғын лақтырады да,қасындағы баланың таяғын қағып түсіруі шарт.Таяқты қағып түсірген бала өз тобына ұпай әкеледі. 
«Қара құлақ». Ойынға 5-10 бала қатысады.Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді.Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады.Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылапр қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. Таяп келіп мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады.Біреуі ойбай бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі.Қалғандары да –қарақұлақ,қара құлақ!-деп бытырай қашады.Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады.Ұсталған бала қарақұлақ болып,ойын әрі қарай жалғасады. 
«Алақан соқпақ». Ойынға қатысушы балалар үйге немесе оңаша жерге жиналады да дөңгелене отырады.Орталарынан бастаушы белгілейді.Оған сүлгі (орамал)беріледі.Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге –Алақанды тос!-дейді.Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп-Сүлгі қайда?-деп сұрайды.Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды.АКты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады.Бастаушы-сүлгі қайда?-деп атын айтады.Ойын осы ретпен жалғаса береді.Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. 
«Атқаума». Ойынды 6 бала 3-3-тен бөлініп ойнайды.Бір бала сол қолымен өзінің оң қолының білезігінен ұстайды.Содан кейінгілері де солай істейді де бір-бірімен қолдарын айқастырады.Үшінші бала көзі таңыулы күйде екінші баланың айқасқан қолына отырады..Қолдасып тұрған балалар:-Атқаума,атқаума –деп қаумалай көтерген бойы мөлшерлі жерге дейін жетеді.Бірінші бала ақ сандық,көк сандық десе,көзі таңулы бала -көк сандық ,көк сандық деп жауап береді.Қаумалап келе жатақан балалар : 
Бақа,бақа балпақ басың неге жалпақ? 
Бұтың неге талтақ Көзің неге тостақ 
Бұған көзі таңулы бала былай деп жауап береді.:- 
Темір терсек көп киіп Басым содан жалпақ 
Теуіп ,теуіп қашырды Бұтым содан тостақ! 
Балалар қолдарын жіберген кезде бала құлап түссе,айып тартады.Құламай тік түссе қалған текі бала көтеріп жүре береді. 
«Сақина жасыру». Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерініғң үстіне алақандарын жаяды.Бастаушы жұлулы қолын әрбір ойыншың алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді.Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. 
«Белбеу соқ». Ойывншылар екі-екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады.Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс. Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады.Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі.ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да,өзі де бір жұптың алдына тұра қалады.Оның орнына келесі ойыншы шығып,ойынды жалғастыра береді.Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді. 
«Арқан түю».  Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-ойын бастайды –деп дауыстайды.Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналады,арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді.балалар арқан үстімен секіріп тұрады.Кімде-кімнің аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді,тақпақ,өлең айтады немесе билеп береді.Ойын осылай жалғаса береді. 
«Допты қуып жет». Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты:бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді.»Допты қуып жет»деген белгі бойынша ,балалар допты ұстап алып тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. к/құралдар: түрлі-түсті ,үлкен-кішілі доптар. 
«Тышқан мен мысық». Ойын мақсаты:балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады.Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. К\құралдар: мысық,тышқан бетперделері. 
«Түлкі мен балапандар». Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды.Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады.Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс.Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс. К\құралдар: түлкің мен балапандар беп перделері. 
«Боран». Бұл үлкен кең залда болады.Бұл ойынға қажетті заттар «боран» киімі (ақ түсті беп перде,гимнастикалық қабырға болуы тиіс) 
Ойын шарты:ойынға 8-10 бала қатыса алады.Бір баланы боран киімін кигізіп,қалған балалар боран алып кетпеуі үшін,Боран у-у-у деп келе қалғанда гимнастикалық қабарғаға өрмелеп шығуы керек.Боран соғып балаларды бір айналып өтеді.Ұсталып қалған баланы,боран алып кетеді.Ойын 2-3 рет қайталанып ойналады. К\Құралдар: Боран киімі ақ матадан тігілген жамылғы бептерде. 
«Ұйқыдағы аю».  Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді. К\Құраладар:Аю бетпердесі. 
«Үш табан». Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке,бүк,ішік) «ұшуға» кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса,көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады. Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр. 
«Хан талапай». Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға ,орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан. 
«Аударыспақ». Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек. 
«Теңге ілу». Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. 
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді. 



Қимылдық ойындар

Ортаңғы тобы

«Санамақ». Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек. 
«Тасымақ». Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.
«Тасымалдау». Екі-екіден қарама-қарсы 3-4 жерге 4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді. 
«Қарамырза». Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады. 
Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді. 
«Айдапсал». Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді. 
«Шертпек». Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. 
«Белбеу соқ». Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады. 
«Бөрік жасырмақ». Ойынғақатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек.Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды.Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да , ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді. 
«Асау көк». Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ, немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатында ұйымдастырылады.Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын» айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды.Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады.Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек. 
«АЙДАПСАЛ – ОЙЫНЫ» Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды. Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.
«АРЫНДЫ АРҚАН – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді. Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.
«АРҚАН ТАРТЫС – ОЙЫНЫ». Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.
«АТҚАУМА – ОЙЫНЫ». Ойынды алты бала үш үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.
«АҚШАМШЫҚ – ОЙЫНЫ».Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады. Айыпкер көпшіліктіңұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма – әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс. Көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды
«АҢШЫЛАР – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.
«АҢШЫЛАР МЕН ҚОЯНДАР – ОЙЫНЫ». Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады. Екі жерде бір-бірінен қашықтығы елу жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге – шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жеткенше оққа ұшқан қоян ойыннан шығып қалады. Барлық қоянды аңшылар атып біткенше, ойын тоқтамайды.
«БІЗ ДЕ – ОЙЫНЫ». Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.Ойын бастаушы: мен көлге барамын. Балалар: біз де.
Ойын бастаушы: онан үйрек ұстап аламын. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: үйректің жарымын күшігіме беремін. Балалар: біз де. Ойын бастаушы: күшігім жейді. Осы кезде біреу; «біз де», деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң ойын қайта басталады.
«ДАУЫСТА, АТЫҢДЫ АЙТАМ – ОЙЫНЫ». Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
«КӨРШІ – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар екі екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
«МОНДАНАҚ – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.

Қимылдық ойындар

Ересек тобы


«СОҚЫРТЕКЕ – ОЙЫНЫ» Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.
«СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН – ОЙЫНЫ». Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.
«ТАПШЫ, КІМНІҢ ДАУСЫ? – ОЙЫНЫ» Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:«Секір секір» деген кім, білгіш болсаң таба ғой. Тауып ал да, өзің кеп, Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.«Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.
«ТАСЫМАҚ – ОЙЫНЫ» Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады. Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.
«ТАЯҚ ЖҮГІРТУ – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады. Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады.
«ТЫМПИ ТЫМПИ – ОЙЫНЫ». «Тымпи тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым тырыс, тымпи тымпи», дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейді. Айыбын өтегеннен кейін ол ортаға шығып, ойынды басқарып кетеді.
«ТҰТҚЫН АЛУ – ОЙЫНЫ» Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір-бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір-бірлеп, «алал- ай, бұлал- ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір-бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал -ай, бұлал- айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылайша бірінші топ көпірдің астынан өтеді де, тұтқындарды екінші топ ұстайды.
«ШАЛМА – ОЙЫНЫ» Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады. Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.
«ШЕРТПЕК – ОЙЫНЫ» Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды. Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.
«ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА – ОЙЫНЫ». Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
«ҚАРАГИЕ – ОЙЫНЫ». «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды. Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.
«ҚАРАМЫРЗА – ОЙЫНЫ». Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.
«ҚАССЫҢ БА, ДОССЫҢ БА? – ОЙЫНЫ». «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады. Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы: Көршіңмен қассың ба, доссың ба? деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:
«ҚЫНДЫҚ САНДЫҚ – ОЙЫНЫ». Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.
«ҰШТЫ ҰШТЫ – ОЙЫНЫ» .Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
«АЙГӨЛЕК – ОЙЫНЫ» Ойын кең алаңда өткізіледі. Ойыншылар саны мен жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді де, арасы он бес – жиырма метрдей жерде қол ұстасып қарама қарсы тізбек құрайды. Ойын жүргізуші екі топтың біреуіне кезек береді. Олар барлығы қосылып төмендегі өлеңді айтады:
«ТЕҢГЕ АЛУ – ОЙЫНЫ»
Асаба ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50 - 70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұрған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. ОЙЫНЫ арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый - сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.
«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ – ОЙЫНЫ»
Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады....
«ОҚТАУ ТАРТЫС – ОЙЫНЫ»Бұл ойынды ойнау үшін ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады, оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.
«АТТАМАҚ – ОЙЫНЫ»Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұру қажет. Біріншісі – төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейіп, ал енді үшіншісінен тағы да аттап өту керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап бір айналдырып қоя беру керек.
"ЕГІЗ СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫОйындардан бөлек мұғалімнің әрбір сабақтарда қолданатыны үлестірмелі кәртішкелер. Үлестірмелі кәртішкелер де балалардың жұмыс кезіндегі өздерінің жауаптылығына, қатесіз орындап, жақсы баға алуларына да әсер етеді. Олар да дұрыс, тиімді құрылғанды жақсы көреді.
"ЖАНУАРЛАР КЕҢЕСІ" - ОЙЫНЫ
Тапсырма: жануарлардың аттары арқылы сандарға жасырылған әріптерді тауып, берілген нақыл сөзді оқимыз. Берілген суреттерден кірпі, қасқыр, түлкі, маймыл, қоянның аттарын таптық.
КРИПТОГРАММАЛАР - "ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ" - ОЙЫНЫ
Тапсырма: алдымен сөйлемдерді толықтыратын сөздерді тап. Тапқан сөздерің сенің жасырынған мақалды оқуыңа көмектеседі.
"КІМ ЖЫЛДАМ?" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы Оынныдардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.
"ҚҰРЫЛЫСШЫ" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілеттері дамып, тез ойлап, тез айту қабілеттері артады, сөздік қорлары ұлғаяды. Ойынның ойналу әдісі: тақтаға құрылыс материалдары ретінде қатаң, ұяң, үнді дыбыстары жазылады. Осы дыбыстарға сай келетін дауысты дыбыстарды таңдау арқылы сөздер құрастырады.
"АЯҚТАЛМАҒАН СӨЗДЕР" - ОЙЫНЫ
Ойынның мақсаты. Оқушылардың дауысты және дауыссыз дыбыстар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдарды еске түсіру болып табылады.


Қимылдық ойындар

Даярлық тобы

«Масаны ұста». Ойнаушылар бір-бірінен қол созымдай жерде дөңгеленіп, бетін ортаға беріп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, оның қолында шыбық (ұзындығы 1-1,5 м) оған картон қағаздан жасап жіпке байланған маса ұзындығы 0,5м бар. Тәрбиеші масаны шыбықпен балалардан жоғарылау етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде, балалар оны ұстауға тырысып, секіреді. Масаны кім ұстаса: «Мен ұстадым» , - дейді.Бұдан кейін тәрбиеші шыбықпен балалардың үстінен тағы да айналдырады. Ойынды қайталап бастар алдында тәрбиеші балаларға 1-2 қадам кейін шегіну керек екенін ескерту керек, өйткені балалар масаны ұстаймыз деп секірген кезде шеңберді аздап тарылтады.Шыбықпен масаны айналдырған кезде, тәрбиеші балалар масаны ұстап алатындай биіктікте, біресе жоғарлатып, біресе төмендетіп тұруы керек.

«Ойын варианты». Егер ойнаушылар тобы шағындау болса, тәрбиеші картон маса байланған шыбықты ұстап алға қарай жүгіруіне болады, ал балалар оны қуып жетуге тырысады.Бақалар.Алаңның ортасында үлкен дөңгелек шеңбер сызады немесе дөңгелек форма етіп жуан жіп тастайды. Балалардың бір тобы шеңберді жағалай тұрады, ал қалғандары алаңның екінші бір жағына орналасқан орындықтарда отырады. Орындықтарда отырған балалармен бірге тәрбиеші мынадай өлең айтады:Бақалар басы қалтаңдап,Шоршиды жолда талтаңдап.Бақ-бақ, бақ-бақ, бақ,Жүгіреді талтақтап.Шеңберді жағалап дөңгеленіп тұрған балалар бақа сияқты секіреді. Өлең аяқталғаннан кейін, орындықта отырған балалар алақандарын соғады (бақаларды шошытады); бақалар шалшық суға – сызықтан секіреді де жүресінен отыра кетеді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады.

«Кім шапшаң»Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 1 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып 2 - ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.
«Картобыңды егіп кел де, жинап ал» Ойыншылардың алдында арасы 1м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.
«Арқан тарту». Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Орамал тастамақ Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.
«Аспазшы»Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
«Отбасы»Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.
«Мектеп»Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
«Өз жұбыңды тап». Ойын шарты: Балаларға екі түсті жалауша таратылады, әр бала бір жалаушадан, музыка ойналады, балалар алаңда жүгіреді, музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады, жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар:Перизат, ПеризатАузыңды ашып құр қалмаСерігіңді тез таңда, - дейдіЕскерту: Жүгірген кезде балалар жалаушаларды жоғары ұстауы тиіс. Бірінші жұп қайталанбауы керек.

«Жер, су, ауа» Ойын шарты: Дөңгелене тұрған балаларға бастаушы допты лақтырып жіберіп,»жер» десе жануардың, жәндіктердің атын атауы керек, «су» десе балық, «ауа» десе құс атын атауы керек. Жауаптан шатасқан бала айыбын өтейді.
Ескерту: допты ұстап кідіртуге болмайды, жауабын айтып қайта тез лақтыруы шарт.
Қорытынды.Ойыннан соң балалар сап түзеп залдан шығады

«Қарандашпен ойын». Қырлы қарандашты екі алақан ортасына салып, бұрасың, жоғарыдан саусақ Ұштарына қарай.Қарандашты әрбір саусақтарды бүгіп, қысып ұстау.Қарандашты саусақпен ұстай білу, 1-ші және 2-ші саусақтарың үстінен,орта және кішкентай саусақпен төменнен.

«Жалауды тап-Найди флажок».

Сипаттама. Бала-шағалар арада бір жақта бөлменің, қонақ бөлменің немесе алаңшықтың орындықтарда отырады. Тәрбиеші оларды жап- көздерді сұрайды, ал өзі сол уақытта жалауларды бөлменің бөлек-бөлек жерлерінде раскладывает. Кейін ол: жалауларды" айтады "ізде-. Бала-шағалар көздерді ашады, ша бөлмеге аралайды, Есқалилармыз. Тап- жалау тәрбиешіге деген жарайды. Қашан барлық бала-шағалар ша жалауға табады, тәрбиеші олармен өту ша бөлмеге ұсынады, кейін тағы жалауларды жияды және оларды раскладывает. Ойын қайталанады. Нұсқаулар жаса-. Орынына жалаулардың және сырттың ұсақ пәндері: кубик, солтандар, сылдырмақтар болу біледі. Пәндердің болу тиіс сонша, неше бала-шаға. Тәуір, жалау немесе кубиктер бір түстің болса, әйтпесе бала оған неғұрлым ұна- ана сайлайтын, бас сырттың бала-шағаларының қынжылта. Раскладывать жалауды немесе пәндерді қажет олай, чтобы балдырғандар емес өте ұзақ оларды Есқалилармыз және жеңілтек жету білді.

"Тал-шыбықтар өседі"

Сол ойын омыртқаны бекітеді. Бала ағашты бейнелейді. Пальма - қолдар алақан соқпақтармен төмен жоғары көтер-, байсалды қолдармен шайқақтатамыз. Елочка - төмен қолдар және шиеленісті жақтарға, алақан соқпақтар жоғары көтер-. Емен үлкен - жаз- аяқ кеңірек, қол жоғары көтер-, бүк- ара шынтақ. Бірақ алғаш ағаш жас - карточкаларға деген отырамыз. Бірақ міне ол өс- биік және биік - жоғары көтеріл- және созыл- бас тұмсық. Қозғалғыш және физикалық пішінді дамыт- бекітетін балалар ойынның елі өмір сүреді. Басты ұмытпа-, не балалық - сол тек умственное даму. Сол және уақыт, қашан сендердің балдырғаныңның келешек денсаулығының негізі закладывается.Сюжетті қозғалғыш ойын бала-шағаларға бекіт- тамашаны және білімдерді туралы көрініс және қапта- әлемнің пәндерінде көмектеседі. Айталық, туралы ауудың(поезда, ұшақтарда, автомобильтарда) және пользования ұсталығының түрлі ақы-пұлдарында олармен, туралы оның аууының өзгешеліктерінде, туралы түрлі құстың және айуанаттың әдеттерінде және т.д.

«Допты құлатып алмаппын» Бала-шағалар бас қонақ бөлменің орталығында салып бер- сызықтың(қарамастан немесе баудың) тұрады. Тапсырма: таста- допты вверх беріледі, аула- ол, о жерді сал- және аула- ол, подбросить вверх, алқындыр- мақта және аула-. Бас-басы жаттығу бір адымға алға(доп жығылмаса) өрлеумен орындалады. Доп құласа, бала орталықтың сызығына деген қайтады және тағы жаттығуды орындау бастайды. Бас-басы бала дейін мөренің(жалау) жетуге керек. Ара сызықтан дейін мөренің - 5-8 метр.

«Кім жоғары шық- тастайды» Бала-шағалар бас сызықтың тұрады және допты туралы қабырғалардың тастайды, оны аулайды және бір адымды кейін жасайды. Ақырын-ақырын сызықтан деген опасыздық жасай, тастайды және допты аулайды. Ана, кім не ретке допты және барлықтың жоғары шық- сызықтан жеңеді құлатып алмаппын болу болады.

«Жеккөрінішті бол- және допты аула» Бала-шағалар теңға деген бөліседі, бас бас-басы тең өзінің добының. Бір бала баста корточках отырады, екі баста арада 3-3 тұрады, 5 м одан. Отыр- допты қолдармен тұр- жеккөрінішті болады, тез тұрады, айнала бұрады, серіктеспен тастанды допты аулайды, тағы бастапқы жағдайды қабылдайды. Ойын 4-6 рет қайталанады. Бұдан әрі бала-шағалар местами өзгереді.

«Допты аула» Екеу бала-шаға баста арада 3-4 м дос достан тұрады және допты бөлек-бөлек әдіс-айлалармен асыра лақтырады. Үш бала олардың арасында болады және над онымен летящий допты аулауға тырысады. Ол допты ауласа, сол баланың жеріне деген болады, допты тастадым, ал ана, в өзін кезекті, оның жерін қарызға алады.

«Допты себя жеккөрінішті бол» Бала-шағалар на корточки ауқымға отырады, бетпен орталыққа, қарамастан және дос досқа внутри к ауқымның перекатывают. Бас-басы, кімге доп докатился, сияқты болады тезірек жеккөрінішті бол- ол себя қолмен тырысады, аяқтарға деген тыйа. Осаленный бала(доп аяқтарға деген кездестірді) тез арқамен ауқымға бұрады. Ойын созылады дейін ана кездердің, әлі де "неосаленным" бір бала қалады.




Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар

арқылы тиімді ұйымдастыру


Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру. Мінекей оқушылар да, ата-аналарда, тіпті мұғалімдер де асыға күткен биылғы жазғы демалысқа жеттік десек болады. Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе. Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық үйірме жұмыстары енді уақытша тоқтайды. Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс кезінде балаларының тоғыз ай уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыру қиынға соғады. Оның себебі ата-ананың уақыты да, мүмкіншілігі де жетпей жатады. Ата-ана үшін ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу. Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей:
балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Сондықтан төменде ойындарды жіктеп, балаларды қызықтырады-ау деген тақырыптарда бірнеше түрлерін беріп отырмын. Ойындардың негізгі мақсаты қысқаша беріліп отыр. Бұл ойындарды бұрыннан танымал ойындармен бірге пайдалана отырып, баланының ойы мен тәрбиесін жеке тұлға ретінде заманауи талаптарға сай ұштауға, одан әрі дамытуға қадам басамыз деп ойлаймын. Ойындарды жас ерекшелігіне қарай өзгертіп, икемдеуге оңай, әрі балалардың өздеріде өздігінше жүргізе алатындай жеңіл.

Қимылды ойындар


«Айдаһардың құйрығы». Мақсаты: Балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу. Ойынға қатысушылар бірінің артынан бірі тізбектеле белдерінен ұстап тұрады. Ең бірінші тұрған адам –«айдаһардың басы». Ең соңғысы - «құйрығы» болады. Ойын кезінде көңілді музыка қойылады. «Айдаһардың басы» ең күрделі жолдармен жүре отырып өз «құйрығын» ұстап алуға тырысады. Оның мақсаты – ұстап алу, «құйрықтың» мақсаты – ұстатпау, қайткенде де қашып құтылу. Егер «құйрық» ұсталып қалса, ол - «бас» болады. Ойын өз жалғасын табады.

«Қызыл табан». Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету. Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы лагердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.


«Көңілді маймылдар» Мақсаты: Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.
Жүргізуші- «Маймылдарың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң-
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!
Ойынға қатысушылар тақпақты жүргізушімен бірге қайталап, әр түрлі қимылдар жасап, әбден еркінсиді. Бірақ «үш» деген сөзден кейін қозғалмай бір орында қатып қалады. Бірінші қозғалып қойғандар ең соңғы ойыншы қалғанша шетінен ойыннан шыға береді.


«Айна». Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру. Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» - жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.

Логикалық ойындар

«Балық, құс, аң» Мақсаты:Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: -Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

«Мақал жарыс» Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.
І нұсқа. Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.
ІІ нұсқа. Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.


«Тапқыштар». Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту. Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде). Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр). Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады). Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені). Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды) Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты) Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)

Өзін-өзі тануға арналған ойындар


«Жақсы сөз - жарым ырыс» Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу. Қатысушыларды шеңбер бойына отырғызамыз. Жүргізуші «жақсы сөздерді» айта отырып, қолындағы допты кез-келген балаға лақтыра салады. Допты алған бала дереу бір «жақсы сөзді» айтады да келесі балаға допты лақтырады. Жақсы сөздер тізбегі осылай жалғаса береді. Ойынның шарты бойынша айтылған сөздер қайталанбауы керек. Сөз таппай қалған, немесе қайталанған сөз айтқан қатысушы ойыннан шығады. Ойынның тағы бір ізгі шарты бар: ойыннан шығып қалған баланы досы «жақсы сөз» сыйлап қайта кіргізе алады. Бірақ бір рет қана бұл мүмкіндікті пайдалана алады.
«Мамандықтар таңдау» Мақсаты: Баланың мамандықтар туралы білімін кеңейте отырып, еңбек ету арқылы өз мақсатына жетуге болатындығын ұғындыру.
Ортаға әр түрлі мамандықтар аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады. Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама т.б. жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. Барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады.
«Мен кіммін?». Мақсаты: Баланың өз бойындағы қасиеттері мен қылықтарын таразылауға үйрету. Әрі ол арды жақсы, жаман деп жіктей білуге, ажыратуға үйрету. Әділ болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу. Әр бала параққа екі бейне салады. Біреуі: күліп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл бейненің жан-жағына тек қана өз бойындағы жақсы қасиеттерін жазады. Екінші сурет: қабағын түйіп, түнеріп тұрған бала-күннің бейнесі. Бұл суретке керісінше өз бойындағы өзіне ұнамайтын қылықтарын жазады. Ең соңында әр бала өз жұмысына өзі баға береді. «Шыншыл бала» атағы беріледі.

«Қуыршақтарға қонаққа». Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.

Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын-ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды.

Тәрбиеші баланың ретсіз кез келген қазақты ұра бермей, оларды кезекпен ұруын бақылауы керек.

«Ұшты - ұшты» Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты (қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты (қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты (қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты (қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты (қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты (қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты (қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.
«Ақ қоян» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
«Қасқырлар мен лақтар» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.
«Қаздар» Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.
«Төбеде доп қуу» Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 - 4 метр жерде тұрады. Капитандар бір - бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.
«Күн мен түн» Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

«Аспазшы» Мақсаты: Балаларды тағамның түрлерімен таныстыру. Оларға жасаудың қарапайым жолдарын түсіндіру. Асты қадірлеуге үйрету.
«Отбасы» Мақсаты: Отбасы мүшелерін білу, олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Бауырмалдыққа, мейірбандыққа баулу. Өздеріне берген рөлдерді дұрыс орындап, тату ойнауға тәрбиелеу.


Құрылысшы» Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер, мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
«Мектеп» Мақсаты: Балалардың мектеп жайында білімдерін толықтыру. Бірі мұғалім бірі оқушы болып ойнай білуге үйрету. Үлкендердің іс-әрекетін қайталай білуге, мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарының қандай болу керектігін көрсету. Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту.
«Жолаушылар» Мақсаты: Балалардың көңілднрін көтеріп саяхатқа шығару. Саяхатқа баратын көлік түрлерімен таныстыру. Жолға шыққанда балаларға жол жүру ережесін түсіндіру.

«Шаштараз» Мақсаты: Балаларды шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.
«Торғайлар мен автомобиль» Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа үйрету. Бір бала автомобиль, қалған балалар торғайлар болып орындықтарда отырады. Педагог торғайларға жем шашып шақырады. Торғайлар жем тере бастаған кезде зырылдап автомобиль келеді. Торғайлар автомобильден қашып орындықтарына отыра қалады.
«Күн мен жаңбыр» Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету.
Бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «күн»деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын жасырып тығылады.
«Доп шеңберде» Мақсаты. Кеңістікте бейімделуге,допты басқа біреуге беріп, лақтыруға үйрету.

«Лақтыр да ұстап ал» Мақсаты. Тура бағытта допты лақтыруға үйрету, оны шапшаң лақтыру, кеңістікте бейімделуге үйрету.

«Кеглиге тигіз» Мақсаты. Қарапайым дағдыларды дамыту, допты мақсаттаған жерге түсіру.

«Туннельдегі доп» Мақсаты. Екі қолымен допты итеруге үйретіп дағдыландыру, заттар арасын бағалауға үйрету.

«Акула және теңіз аты» Мақсаты. Хопта отырып екі аяқпен еденнен итерісу.

«Менің көңілді сыңғырлаған добым» Бұл ойында доп міндетті түрде жақсы секіру қажет. 4- жасынан бастап үлкендер балаға келесі нұсқаларды көрсете алады. Ойна,ойна допты жоғалтпа. Әр ойынға қатысушы бала допты алып, оң,сол,және екі қолдарымен досына кедергі жасамай допты итеру.Жылдам және нақты жүгірген жеңіпаз болады.

«Ұшқыш доп» Бұл ойынның негізгі мақсаты күшті дамыту. Допты ауыстыру балалар арасында отырып жүзеге асады, топтар еркін қалыпта. Допты ең аз жерге түсірген топ жеңімпаз болады.

«Шеңбер бойымен допты қуу» Ойынға қатысушылар үлкен емес шеңбер құрып бірінші,екінші болып бөлінеді. Бірінші нөмірдегілер – бір топ, екінші нөмірдегілер – екінші топ. Екі ойыншы капитан. Олардың әрқайсысында бір-бір доптан.Мұғалім белгі бергенде шеңбер бойымен капитан допты жібереді, әр топтың қатысушылары допты капитанға қайтып жылдам қайтарып беруге тырысады. Тапсырманы бірінші болып орындаған топ жеңімпаз болады.

«Ақ сандық, көк сандық» Мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету. Мазмұны: ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады. Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды: «Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді. Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады. Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді. 
Ойынның ережесі: 
1. Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады. 
2. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс. 
3. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек. 
4. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады. 
Әдістемелік нұсқаулар: Ойын қызықты өту үшін мұғалім алдын ала дайындық жүргізеді. 
«Алтын балық» Мақсаты: бір – біріне соғылып қалмай, бұлтарып жүгіруге дағдыландыру. Мазмұны: ойын алаңының (теңіздің) ені 5-6 м, ұзындығы 20-22 м. «Теңіздің» бір шетінде «балықшының» «қорабы» сызылады. Мұғалім ойыншылардың арасынан өзіне бір көмекші таңдап алады. Көмекші «теңіздің» бір жағында, ал мұғалім – «балықшы» қолына бір шетіне құм салынған қалташа байланған ұзындығы 5-6 м жіп ұстап, «теңіздің» екінші жағасында жүреді. Балалар – «балықтар» теңіздің ортасында «малтып» жүреді. Мұғалім кенеттен «ұста» деп, көмекшісіне жіптің бір шетін лақтырады. Сол кезде жіптің бір жағындағы «балықтар» ұсталған болып есептеледі. Олар балықтарды жіппен қаумалаған күйі балықшының «қорабына» апарып «салып» қояды. Балықшының «Балықтар, малти беріңдер!» деген белгісі бойынша ойыншылар ойынды әрі қарай жалғастыра береді. Ойын осылай екі рет ойналған соң үшінші ретте ұсталған балықтардың арасынан балықшы «алтын балықты» таңдап алып, өзіне көмекші етіп сайлайды. 
Ойынның ережесі: 
1. Балықтар «ұста» деген белгіні күтіп, балықшының қимылын аңдиды. 
2. Балықшы мен оның көмекшісіне «теңізге» кіруге болмайды. 
3. Ұсталған балықтарға «аудан» шығуға болмайды. 
4. Балықшы балықтарды қолымен ұстауына болмайды. 
«Қуғыншыдан құтқару» Мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. Ойынның ережесі. 
1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
«Сызықтан секіру» Мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету. 
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50 см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі. 
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп , аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына барып тұрады. Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы секіріп өтеді. Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады. 
Ойынның ережесі 1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады. 2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек. 3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс. 
«Қалашықтар арасындағы доптар». Мақсаты: допты аяқпен тебудің әдістерін жетілдіру.  Керекті құралдар: 2 футбол добы, 10 ағаш кесіндісі немесе кеглилер. Мазмұны. Ұзындығы 16-20м, ені 8-10м алаңның шетіне сөре сызығы сызылады. Ойынның ережесі. 1.Бірінші ойыншы допты теуіп жүгіріп кеткенде тізбекте тұрғандар бір қадам алға қарай жылжып тұрулары керек. 2.Ойынды бітірген бала тізбектің соңына барып тұрады. 3.Қойылған белгілерді оң және сол жақтарымен кезек айналып өту қажет. 4.Жығылған белгілерді бос тұрған ойыншылар қайта тұрғызып қояды. 
«Қай команда допты ұзақ ұстайды». Мақсаты: допты бір-біріне қарсыластар арасында жүріп дәлдеп лақтырып, қағып алуға үйрету. 
Керекті құралдар: резеңке доп немесе волейбол добы. Ойынның ережесі. 
1. Доппен 3 қадамнан артық жүруге болмайды. 2. Доп ұстаған балаға қол тигізуге болмайды. 3. Бір ойыншыға допты қатй-қайта беруге болмайды. 
4. Допты басқа командадан алған сайын капитандар айғайлап санын айтып тұрады. 
«Төрт баған».  Мақсаты: доп соғу мен тез бұлтарып жүгіру арқылы жеке басының қимыл-қозғалыс әрекеттерін үйлестіруге үйрету. 
Керекті құралдар: кішкентай резеңке доп. Ойынның ережесі. 1. Алаңдағы ойыншы доп алаңда болғанда бағандардың арасымен жүгіре алады. Допты соғатын екінші балаға бергенде жүгіруге болмайды. 2. Бағаннан ұстап тұрған ойыншыны соғуға болмайды. 3. Басқа немесе аса қатты соққан ойыншыны ойыннан шығып кетеді. 4. Алаңда тұрған ойыншылар бір-біріне допты лақтырып беріп тұрады. 
«Бес-бестен шабуылға шығу».  Мақсаты: баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін қарапайым ережемен жетілдіру. Керекті құралдар: баскетбол добы, ысқырық. Ойынның ережесі. 1. Доппен 3 қадамнан артақ жүруге болмайды. 2. Асықпай қасындағы ойыншыларға допты жиі беріп, шығыршық жақындау керек. 3. Орын алмасуды кешікпей уақытында орындап отыру қажет. 4. Бір-бірін итеріп, қолдарындағы допты тартып алуға болмайды. 
«Эстафета түрлері»Мақсаты: командаға бөлініп, неше түрлі жаттығулар орындау арқылы өзара қимыл-қозғалыстарын үйлестіру,қимыл-қабілеттерін шыңдау. 1.Бір аяғын артқа бүгіп,оны бір қолымен ұстап секіріп жарысу; 
2.Бір тізені бүгіп, оны екі қолмен ұстап секіріп жарысу; 3.Жүрелерінен отырып, тез жүріп жарысу; 4.Төбелеріне кітап немесе басқа заттар қойып жүгіріп жарысу. 5.Бір қолына су құйылған қасықты ұстап,жүгіріп жарысу; 
6.Алаңның бір шетіне тез жүгіріп барып,қайтарда жұмсақ төсеніштің үстінен бастан асып домалап,қайта жүгіріп жарысу; 7.Белгіленген жерге дейін тез жүгіріп барып,солд жерде ине сабақтау, есеп шығару, жұмбақ шешу сияқты бір тапсырма орындап жарысу; 8.Әр комададан екі бала шығып,біреуі қолмен жүріп,екіншісі оның аяқтарын көтере ұстап жүгіріп жарысу; 9.Екі-екіден құшақтаса жүгіріп жарысу; 10.Екі-екіден бір-біріне теріс қарап ұрып,қолдарын айқастыра жүгіріп жарысу; 11.Екі-екіден бірін-бірі арқалай жүгіріп жарысу; 12.Қос аяқтап секіріп жарысу; 13.Төрт аяқтап еңбектеп жүгіру; 14.Жүрелеп отырып, бақаша секіріп жарысу. 
«Жалауша».  Мақсаты: жарысып тез жүгіруге,қарсыласынан бұрын жалаушаны алуға жаттықтыру. Керекті құралдар: ысқырық,жалауша,бор,таяқша. 
Ойынның ережесі. 1.Ойыншылар тұрған қатарларынан бір мезетте шығуын мұқият қадағалау қажет. 2. Шеңбердің сызығын басуға болмайды. 3. Шеңбер ішінен алған жалаушаны ойын жүргізушіге беріп, ойыншылар қайтадан тұрған орындарына жүгіріп кетеді. 
«Таяқша».  Мақсаты: қолындағы таяқшадан еңкейіп тез аттауға үйрету. 
Керекті құралдар: төрт гимнастикалық таяқша,ысқырық. Ойынның ережесі. 
1. Ойыншылардың ара қашықтықтары бір метрден кем болмауы керек. 
2. Таяқты екі қолмен ұстайды. 3. Таяқты артында тұрған балаға тек басынан асырып беру керек. 4. Ең соңғы бала таяқтан өте сала жүгіріп келіп, тізбектің алдына тұрып, қолын көтергенде ойын бітті деп саналады. 
«Түйілген орамал». Мақсаты: жүгіріп жүргенде қосымша жаттығулар орындауға үйрету. Керекті құралдар: ортасынан түйілген орамал және ысқырық. Ойынның ережесі. 1. Алаңның шетінен шығып кеткен ойыншы ойыннан шығып тұрады. 2. Орамалды лақтырғанда баланың атын атап лақтыру керек. 3. Орамалды қағып ала алмай қалған бала орамалды басқа балаға береді. 4. Қашып келе жатқан баланы ойын жүргізуші қуып жетсе, ол орамалды бере салуы керек. 
«Өткелек». Мақсаты: сапта тұрып бұрылу арқылы тұрыстарын өзгертуге жаттықтыру. Ойынның ережесі. 1. «Көшеде» тұрған ойыншылар сап түзеп,тік тұрулары керек. 2. Ойын жүргізушілерге тұрған балалардың арасынан өтуге болмайды, тек «көшелермен» жүгіреді. 3. Капитан ойын барысын мұқият қарап,бұйрықты уақытында беріп тұруы қажет. 
4. Берілген бұйрық «Бір,екі,үш!» дегенде тез орындалуы керек. 
«Қуғыншы». Мақсаты: балаларды қуғыншыны ортада ұстап тұрып, содан кейін одан қашып құтылуға әрекет жасауға үйрету. Ойынның ережесі. 
1.Шеңберде тұрғандар өлеңді барлығы бір уақытта аяқтаулары керек. 
2.Ойыншылар қуғыншыдан алысырақ тұрулары үшін шеңберде көбірек бала болады. 3.Барлық шеңбердегі ойыншылардың саны бірдей болады. 
4.Балалар қолдарын жібергеннен кейін ғана қуғыншылардың қуып ұстауына болады. 
«Бақшада» Мақсаты :өз бетінше жұптасып, допты бірі-бірімен неше тұрлі әдістермен лақтыруға үйрету. Керекті құралдар: балалардың санына сәйкес баскетбол добы немесе арасына мақта салынған доптар, бірнеше ұзын таяқтар,ысқырық. Ойынның ережесі. 1. Әр жұп бақшаға кірісімен тез-тез допты лақтырып, санап тұрулары керек (қауындардың саны). 2. Қай жұп көп қауын жинаса, солар жеңген болып саналады. 
«Көліктер». Мақсаты: берілген белгіні мұқият тыңдап, нақтылы қимыл-қозғалыс орындауға үйрету.  Ойынның ережесі. 1. Белгіден кейін айтылған көліктің қозғалысын, дыбысын бар ойыншы бірдей салып, қимыл-әрекеттер жасап жүреді.  2. Ойын алаңның түгелдей пайдалану қажет. 3. Ойын бастаушының белгісін мүдіртпей орындау қажет. 
«Жеті қалбыр». Мақсаты: қарсыласының добын тигізбей, қалбырларды бірінің үстіне бірін жинау. Керекті құралдар: жеті қалбыр, бір команда ойыншыларына жететін кішкентай резеңке доптар. Ойынның ережесі. 
1. Құлаған қалбырды кезекпен барлық ойыншылар қалаулары қажет. 
2. Бірнеше бала бір уақытта қалбырларды жинауы мүмкін. Ол қалбырлардың санына байланысты. 3. Допты барлық бала бірдей лақтыруға болады. 
4. Доппен бастан соғуға болмайды. 5. Жерден ыршып тиген доп саналмайды. 
6. Допты қағып алуға болмайды. 
«Бұрыш». Мақсаты: айналаны тез бағдарлап, өзіне керекті қимыл-қозғалыс жасау үшін уақытты нақтылы анықтауға үйрету. Керекті құралдар: бор, таяқша. Ойынның ережесі. 1. Ойын жүргізуші бір баланың қасында 3-5 секундтан артық тұрмайды. 2. Ойыннан шығып кеткен балға қайта келуге болмайды. 3. Жүгіріп бара жатқан баланы қолмен ұстауға болмайды. 
«Кім бірінші» (доппен). Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3 м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кі бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді. 

«Кім тез қимылдайды». Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады. Аралары 5-6 м. Әр команданың оң жағында бірінші тұрған оқушы обручты тез алып бас жағынан киіп тез аяғы жағынан шығаруы керек. Керісінше аяқ жағынан кіргізіп бас жағынан шығарып отырады. Қай команда тезірек бітсе сол команда жеңіске жетеді. 
«Қолмен допты домалату». Топты екі командаға бөлеміз. Бірінің артына бірі тұрады. Әр команданың алдында бір-бір доптан тұрады. Мұғалімнің белгісімен алдында тұрған оқушы допты домалатып, 5-6 м жердегі затты айналып өтіп өз командасына береді. Қай команда бірінші бітсе сол команда жеңеді. . 
«Қапты аяққа киіп секіру жарысы». Топты 2 командаға бөлеміз. Ойыншылар бірінің артынан бірі тұрады. Қатар тұрған екі тізбектің арасы бір-бірінен 3-5 қадамдай қашық болады. Тізбектердің  алдына сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады. Белгі берілісімен алдында тұрған екі оқушы қаппен затты айналып өтіп қайта оралады. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.

 «Кім бірінші» (доппен). Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. 

Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3  м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.

«Обручтың арасынан өту». Екі оқушы әр топтан обручты ұстап тұрады. Оқушыларды екі топқа бөлеміз. Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады. Белгі берісімен алдында тұрған оқушылар тез жүгіріп, обручтың арасынан өтіп, өз командасына алақанмен ұрып, эстафетаны береді, эстафета жалғаса береді. Бірінші болып жеткен команда жеңіске жетеді.

 «Кім тез қимылдайды». Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сапқа тұрады. Аралары 5-6 м. Әр команданың оң жағында бірінші тұрған оқушы обручты тез алып бас жағынан киіп тез аяғы жағынан шығаруы керек. Керісінше аяқ жағынан кіргізіп бас жағынан шығарып отырады. Қай команда тезірек бітсе сол команда жеңіске жетеді.

«Қолмен допты домалату». Топты екі командаға бөлеміз. Бірінің артына бірі тұрады. Әр команданың алдында бір-бір доптан тұрады. Мұғалімнің белгісімен алдында тұрған оқушы допты домалатып, 5-6 м жердегі затты айналып өтіп өз командасына береді. Қай команда бірінші бітсе сол команда жеңеді.

« Ракетамен шарикті ұрып жарысу». Топты екі командаға бөлеміз. Оқушылар бірінің артына бірі тұрады. Әр команданың алдынан сөре сызығы сызылады, ал олардың қашықтығы 10-15 м болатын қарсы жаққа бір-бір зат қойылады. Белгі берісімен алдында тұрған оқушы ракетамен шарикты алып жүреді, затты айналып өтіп, қайта оралады. Қай команда бірінші болып бітірсе сол жеңіске жетеді.


Жүгіріп ойнау.


«Жаяу көкпар». Бақылаушы таңдалады, ол ойын ережесінің дұрыс жүрілуін бақылайды және ойын барысында тәртіп бұзбауын қадағалайды; ол ойыншыларды бір сапқа тұрғызады, сыйлықтан 30 қадам жерде финиш анықталады. Саптағы әр ойыншының міндеті  қалған ойыншыларды жығып, сыйлыққа дейін жүгіріп жетіп, оны ұстап алып, онымен бірге финишке жету керек.

«Қарлығаш». Бұлойынды өткізу үшін міндетті түрде дөңгелек қажет. Одан кейін «қарлығашты» және «күзетшіні» таңдайды, қарлығаш дөңгелек ортасында отырады, ал күзетші басқа ойыншылардың шабуылынан қорғап жүреді. «Күзетші» шабуылдың біреуін ұстап алуға тырысады. Егер ол тырысып, ойыншының біреуін ұстап алса, ол «күзетші» атанады.


«Бүркіт».Балалар «Бүркітті» таңдайды. Қалған ойыншылар -  «қосаяқтар», «тышқандар», «құстар» болады. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша «бүркіт» ұясында отырады, ал қалғандары секіріп, жүгіріп, ұшып жүреді. Дабыл бойынша - бәрі тұрған жерінде қатып қалады, ал «бүркіт»  ұшып шығып, қозғалып қалған ойыншыны тауып алады да, ол ойыншы «бүркіт» атанады. 

«Ат шабыс». Ойыншыларда сандық реті тағылған, олар салт атты бейнесін бейнелейді. Салт аттылар белгілі ара  қашықтықта жарысады. Олардың шабысын тәрбиеші бақылап отырады. Кім де кім қалып қойса не итерсе, ол ойыннан шығады. Алда болып, жақсы жарысқан ойыншы жеңімпаз атанады. 

«Автомобильдер».Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рөлдер бар. Тәрбиешінің берілген дабылы бойынша әр түрлі түсті таяқшалармен балалар өзін жүргізуші ретінде санап, өз дабылы бойынша қимылдайды.

«Торғайлар мен мысық». Бірінші «мысықты» таңдайды,  қалған қатысушылар «құстар» болып зал ішінде жүгіріп  жүреді. Дабыл бойынша «мысық» жүгірі шығады да, оларды ұстай бастайды. Ұсталған «құс» енді «мысық» болады. 

«Киіз үй».Төрт орындықты қояды. Әрбір орындықтың үстінде орамал жатады. Балалар орындықты айнала жүгіріп, тәрбиешінің дабылы бойынша «киіз үй»  құрады: орамалдың бұрышынан ұстап жоғары көтереді. 

«Қыз қуу». Ойынға қыз бен жігіт қатысады. Екеуі де атпен шауып келеді. Жігіт атпен қыздың артынан қуады. Егер қызға жете алмаса,  онда қыз жігітті айыптап, қамшымен қуады.

«Сақина». Дөңгелек ортасында тұрған жүргізушіалақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып:«Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің мсіндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.

«Көкпар».  Бұл ойын «ат шабыс» ойыны тәрізді тек аттың үстінде отырған болып есестету арқылы ойналады.

«Көрінбейтін тақия». Ойыншылар айнала шеңбер болып тұрады. Жүргізуші барлық ойыншыларды айналып өтіп, білдіртпей бір ойыншының артына тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы бірден оны байқамаса, онда ол жүргізуші болады. Тақияны тапқан ойыншы жүргізушіні қуып жетіп, оған тақияны кигізу керек.




Еңбектеуге, өрмелеуге арналған ойындар.


«Балапандар». Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.

 «Киік». Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады. Жүргізуші балалардың арасымен келіп, былай дейді:

                                Желаяқ киік шабады,

                                Жолменен киік шабады.

                                Бір, екі, үш, төрт, бес,

                                Оны қалай ұстаймыз?

                                Оны қалай ұстаймыз?

 Дөңгелекті жауып, қолдарын жібереді. Егер «киік» ұсталса, ойыншылар ауысады.

«Мысық пен тышқан». Барлық балалар айнала шеңберге тұрып, «тышқан» мен «мысық» таңдайды. «Тышқандар» «мысықтан» қашады, дөңгелек ішінде жүругеде болады. «Мысықты» балалар дөңгелек ішіне жібермейді.

 «Тасбақа». Ойыншылар залда еден үстінде тасбақа болып жорғалайды. Тәрбиешінің дабылы бойынша қолдарын, аяқтарын ішінің астына жасырады.

«Кесіртке». Ойыншылар кесірткенің қалпын жасайды. Екі жіптің ортасымен, қолдарымен тіреп жорғалайды.

 «Жыландар». Балалар сәл ілгері еңкейіп, бір - бірінен ұстап тұрады. Берілген дабыл бойынша кедергілердің үстімен өрмелейді. Барынша «тізбекті» үзбеуге тырысады.

«Айгөлек».  Ойыншылар екі командаға бөлінеді, бір - біріне қарама - қарсы 20 - 30 қадам жерде қолдарынан ұстап тұрады. Бірінші команда ойынды бастайды:                   Айгөлек, Айгөлек

                                   Айдың беті аппақ қардай дөңгелек.

                                   Таудан биік, көлден жүйрік,

                                   Бастаймыз біз, жүгірмек.

                                   Кәне, бізге кім керек?

Келесі команда бұл сұраққа қажетті адамның атын атайды. Жүгірген ойыншы екінші команданың тізбегін ашуы қажет. Егер ашқан жағдайда, онда өзіне қажет адамды таңдайды, егер аша алмаса онда сол қалыпта қалады.

«Темірбай».Ойыншылар ортаға Темірбайды алып шеңбер жасайды да, былай дейді:                              Бес күн Темірбайда

                                       Қызықты, тату ойнаймыз,

                                       Өзенге барып шомылып,

                                       Тентек болып шылпылдап,

                                       Әдемі болып сәндендік.

                                       Тамақ және су ішпей

                                       Кешке орманда жүгірдік.

                                       Бір - бірімізге қарадықта,

                                       Осылай жасадық.

Соңғы сөздерінен кейін жүргізуші қимылдар жасайды. Барлығы соны қайталайды. Одан әрі басқа жүргізуші тағайындайды.

«Құрылысшылар».Залда текшелер шашылып жатыр. Тәрбиешінің дабылы бойынша ойыншылар жылдамдыққа үй тұрғызады.

 




Секіру ойындары.


«Қоян мен қасқыр». «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар  - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады. 

«Байланған орамал».Орамалды допқа ұқсатып орап байлайды. Бір ойыншы ортада тұрады, ал қалғандары оны қоршап айналып тұрады. Дабыл бергеннен кейін қатысушылар жан - жаққа жүгіріп, ортадағы ойыншыға ұстатпай, бір - біріне орамалды лақтырады. Ортадағы ойыншы «допты» қағып алуы керек. Орамалдан айырылып қалған ойыншы ортадағымен орын ауыстырады.

«Қораздар шайқасы». Бұл ойын үшін алдын - ала мүмкіндігінше үлкен етіп, дөңгелек сызу керек. Қарсыластар бір аяқтап жүріп, дөңгелек ішінен бір - бірін итеріп шығаруы керек. Екінші аяғы жерге тисе, ол ойыншы ұтылған болады.

«Тиынды көтер».Алаңның қарама - қарсы  жағына бастау сәті және финишті белгілейді. Тиындарды жайып қояды. Дабыл бойыншга жігіттер финишке қарай шабады. Шабыс кезінде тоқтамай, еңкейіп тиынды алады. Тиынды ең көп жинаған ойыншы ұтады.

«Қалпақты атып түсір».Ойынға қағаздан бүктелген бөрік те жарайды. Бас киімді 20 қадамдай жерге биіктігі 1 метрдей қазыққа іліп қояды. Ойыншы қолына  белбеу алып,  секірумен қазыққа дейін барып, белбеумен бас киімді қағып түсіреді.

«Ұя».Балалар өз - өздерін «құспын» деп елестетіп зал ішінде «ұшып», «секіріп» жүреді. Тәрбиешінің дабылы бойынша барлық  ойыншылар залда жатқан сақинаға келіп «ұяларына» ұшып келіп қонады.

«Қоян мен ит».Ойыншылар «итті» таңдайды, қалған ойыншылар «қоян» болады. Бір – бірінен ара қашықтығы 3 метр екі шеңбер орналастырылады. «Иттің» міндеті -  бір шеңберден екінші шеңберге секіріп жүрген «қоянды» ұстап алуы қажет. Ұстап алынған «қоян» ит болады.

 «Қақпан».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Бірінші команда -  «орман аңдары» болады, екінші команданың ойыншылары шеңберге айнала тұрып, бір - бірінің қолдарынан ұстап жоғары көтереді. «Аңдар» шуы балалар арасымен өтіп шығады. Шу басылған уақытта балалар қолдарын түсіріп, отыра қалады. Ұсталынған «аңдар» шеңбер болып тұрады.

«Шабыс».Балалар жүргізушіні таңдайды, айналып дөңгелене тұрады. Алақандарын шапалақтап, жай шоқырақпен дөңгелене, салт атты бейнесін сала отырып шабады.  Жеңімпаз атануы үшін жүргізушінің шеңбердің ортасына тастаған орамалын жүгіріп келе жатып қағып алуы керек.

«Балықшылар».Үш  «балықшыны» таңдайды, қолдарына сақина беріледі. Қалған балалар  - «балықтар» болады, олар жүзіп жүреді. «Балықшылар» былай дейді: Суда балықтар жүзіп жүр,

Балықтар асыр салып ойнап жүр,

Балақтар, балықтар – тентектер

Біз сендерді ұстап аламыз балықтар.

Сақинаға бірнеше «балықтар» ұстап алуға тырысады, өздері сосын «балықшылар» атанады.

«Түйе мен ботақан» Балалар айнала шеңбер бойына тұрады. «Түйе мен ботақан» - батыры таңдалады. «Түйе» дөңгелекті айналып жүріп, «ботасын» үйге шақырады, бота одан қашып, секіріп жүреді. Балалар түйені дөңгелек ішіне кіргізбеуге тырысады, ботаны қорғайды. Түйе ботасын ұстағаннан кейін, балалар олардың үстінен бір - бірлеп секіреді, ұсталынған балалар батыр атанады.




Тастау, лақтыру және қағып алу ойындары.


«Адасқан доп». Балалар дөңгелене шеңберге тұрады, бір - біріне допты бере бастайды. Жүргізуші дөңгелек сыртында допқа қолын тигізуге тырысады. Егер ол қолын допқа тигізсе, ол допты ұстаған баланың орнына тұрады. 

«Алшы» .Ең үлкен асықты қызыл түске бояйды, ол асық «Хан» деп аталады. Жүргізуші асықтарды уысына алып, қалған ойыншылардың алдына шашып тастайды. Одан кейін «хан» қай жағымен түскенін қараймыз. Сұқ саусақпен бас бармақтың көмегімен жақын жатқан асықтарды атамыз.

«Допқа тигіз». Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші команда сызық бойына сапқа тұрады, бір - біріне арқасымен екі қадам ара қашықтықта тұрады. Екінші команда да осылай, біріншіге параллель орналасады. Ойынға ойыншылар санына қарай доп қажет. Бір команда ойыншыларының міндеті - допты кезектесіп жоғары, кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші командада кезектесіп өз доптарымен белгіленген «мақсатқа» тигізу керек. Сосын керісінше жасалады.

«Орамал». Залдың ортасына орамал ілінеді. Қатарласып ойыншылар тұрады. Қолдарында шағын доп ұстайды. Ойыншылардың міндеті -  орамалды доппен қағу.

«Шұңқыр және доп».Ойыншылар кең  түрде дөңгеленіп тұрады. Әр ойыншы өз алдынан шағын шұңқыр қазады,  қолдарында таяқшалары бар. Ортадан үлкен шұңқыр қазылады. Жүргізуші допты ойыншылардың арасымен өткізуге тырысады, үлкен шұңқырға түсіруі қажет. Басқа ойыншылар жүргізушіге жол бермей, өз шұңқырларын қорғайды. Шұңқырсыз қалған ойыншы жүргізушіні алмастырады.

«Аңшылар».Ойынға 4 - 6 бірдей доптар қажет. Балалар екі топқа бөлінеді. Біреуі «аңшылар», ал екіншісі «қасқырлар» болады. Біреуі диаметрі 4 метрдей дөңгелектің сыртында, екіншісі ішінде болады. Аңшылар доппен атқылап, дөңгелек ішіндегі қасқырға тигізуі қажет, олар орнында тұрып, бұғады, иіледі, айналады немесе допты қағып алады. Әрбір тиген доп үшін аңшылар 1 ұпай алады, ал егер қасқырлар допты қағып алса, ұпай жойылады.

«Арқа».Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың мүшелері теріс қарап тұрып, аяқтарының арасымен допты екінші командаға бағыттайды. Одан кейін екінші команда қайталайды.

«Ұшты-ұшты».Жүргізуші түрлі құстардың атын атап, «ұшты-ұшты» деп қолдарын сермейді, барлық ойыншылар қайталап, қимылдар жасайды. Бір сәт жүргізуші: мысалы «сиыр» дейді; егер ойыншылардың біреуі қолын былғап қалса, ол қандай да болсын бір тапсырманы орындайды.

 «Доп соғу».Барлық ойыншыларда бір - бір доп. Екі қолмен тұрған жерінде допты кезектестіріп ұрғылайды. Ең көп допты ұрғылаған ойыншы ұтады.


Кеңістікті бағдарлау ойындары.


«Есімін тап». Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Біріншісі бөлмеде қалып, екіншісі шығады. Одан кейін ойыншы шыққан ойыншылардың есімдерінің ішінен бір есімді таңдайды. Шыққан команданың ойыншыларын бір - бірден ішке шақырады. Келген ойыншы өзін таңдаған ойыншыны сезіп, табуы керек.

«Инені тап».Ойыншының біреуі сыртқа шығады. Қалған ойыншылар инені тығады. Шыққан ойыншы ішке кіріп, ойыншыларды аралап, инені табуы керек.

«Кім күшті?». Екі ойыншы бір - біріне арқасымен тұрады, тұйық жіппен байланған жіптің түйіншегі екі ойыншының  ортасында орналасады. Екеуі бір уақытта өз жағына қарай бір - бірін тартады.


«Өз орныңды тап».Бұл ойынның тағы бір аты - «Үшіншісі артық» деп те аталады. Ойыншылар жұптасып, екеуден бір - біріне арқасымен дөңгелек  құрып тұрады. Ойынды бастаушы және жұбы жоқ ойыншы бастайды.

«Артық» ойыншы қашып, бастаушы оны қуады. Міндеті - қашушы кез - келген жұптың алдына барып тұра қалады. Осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болады.

«Кім кетті?».Жүргізушіні таңдап қалғандары дөңгелене тұрады. Жүргізуші мына командаларды орындайды: жүру, секіру, жүгіру сияқты, ал басқалары қайталайды. Одан кейін екі ойыншыға барып, оларға дөңгелекті айналып шығып, жүргізушінің орнына баруды тапсырады.

«Жұбыңды тап» Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ әр түрлі атрибудтарды бастарына киеді, екінші топ олардың балаларының атрибудтарын киеді. Бір - біріне арқаларымен тұрып, шынтақтарымен айқасып тұрады. Бұйрық бойынша бір - бірін жоғары, еденнен аяқтарын көтереді. Өз қарсыластарын көтерген топ жеңеді.


Эстафеталық ойындар.


«Айқасу». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Орталық алаңға бірінші жұп шығады: әрбір командадан бір - бір адам шығады. Бір - біріне арқасымен тұрып, шынтақтарын айқастырады. Команда бойынша бір - бірін көтереді, аяқтары еденнен көтерілуі керек. Қарсыласын көбірек көтерген  команда жеңімпаз атанады.

«Арқан тарту».Ойыншылар екі командаға 5 - 6 адамнан бөлінеді. Ортасында орамал байланған арқан алынады. Ойын міндеті -  арқанды өз жағына тартып жеңу.

«Жасақ».Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әрбір команда келесі тапсырманы орындайды: «миналы алаңнан» қойылған кедергілерден өту, «батпақтан» төсеніш іздерден өту, «гранаталар» лақтыру - кішкентай дорбаларды лақтыру.

«Жігіттер».Тәрбиеші: Құрметті жігіттер,

                                         Біз сіздерді қызықты,

                                         Әдемі ойынға шақырамыз.

Отырғандардың ішінен бір жігіт таңдап алынады. Ал қалған балалар аттың жүрісін салады. Сөйтіп, екінші ойыншы мен жігітті ауыстырады.

Мен атқа отырғызыңдар!

Киізде үй маған тар енді,

Жарқыраған жол үстінде,

Әшекейлері кілемше тәрізді әдемі,

Ат үстінде отырып алға қарай шабамын.

Қалған балалар ат үйірін бейнелейді. Ойын жігітті алмастырумен жалғаса береді.

 «Тапқыр».Тегіс жерге дөңгелек сызып, радиусына тең жіп алынады. Жүргізуші дөңгелек ортасында тұрып, тізе тұсында жіпті жай, біресе тез айналдырып, ойыншыларды ілуге тырысады. Қалған ойыншылар жіпке ұрынбай аттап не секіріп кетуі керек.


Жолдағы кедергілер.


«Көңілді жарыстар». Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Біріншісі бас  жақта қатарласып тұрады. Дабыл бойынша жолдағы кедергілерден өтіп, финишке жетуі керек: тізелей отырып кедергілер арасынан өту, аяқ арасына допты қысып өту, гимнастикалық орындықтан өрмелеп өту. Екінші команда да осыларды орындайды.

«Поезд».Балалар бір - бірінен ұстап әр түрлі төсеніштермен, текшелердің арасынан өтеді.

«Татулы  жарыстар». Тапсырманы жұптасып орындайды: бір бала қолымен еденге тіреледі, екінші бала оның аяғыннан ұстап белгілі ара қашықтыққа жүреді; араларына кеуде тұсына шар қысып жүру; екі ойыншы дөңгелек ішінде финалға дейін жүгіреді.


«Алғырлар»Залда кедергілер қойылған:секірмелі-доптар, қанаттар, шағын доптар, секіргіштер, аттар. Тәрбиешінің дабылы бойынша балалар түрлі жаттығулар жасап, дабыл бойынша орын ауыстырады. 


РЕЛАКСАЦИЯ


«Босаңсу және қатаю».Тік тұрып, қолдарын ілгері көтеру, саусақтарын жұдырыққа жұму, иық алдының бұлшықеттерін қатайту (3 - 4 сек). Күшті болам деп ойлап тұру. Бұлшықеттерді қатайту. Енді тұла бойынды босаңсытып: қолдарынды еркін төмен түсіріп, маятник тәрізді қимыл жасайды.

«Жаяу ат айдаушы қалпында» Міндетті түрде орындыққа отырып, денені алға қарай арқаны жай ғана еңкейту,басты төске қарай жібереміз, аяқты тік бұрыш жасап, қатар қою керек. Білек сүйектері жамбаста еркін жатады, қолымызды бос ұстаймыз, еркіндікке жібереміз. Көзді жұмып, бұлшықеттерді барынша босаңсыту. Қалып ат айдаушыны елестетеді.

«Теңіз  өмірі».Теңіздегі тіршілікті: теңіз балықтары, шабақтар,теңіз жұлдыздары, теңіз жұлдыздары, шаяндар, дельфиндер атауларын күн нұрына бөленіп, теңізде жүзген кездегі бейнелеріне ену, сезіну.

«Күн».Балалар дөңгелене тұрып күнге қарай қолдарын созады. Күн өз шуағын адамдардың жүрегіне, балаларға сыйлайды.Әр баланы күн нұрына бөлейді. Ал балалар өз кеудесінен күннің сәулесін айналасындағы тіршілікке жолдайды.

«Гүлдер».Әрбір гүл өзінше, ерекше иіс таратады, оған жәндіктер жиналады, өзінің әдемілігімен тіршілікке қуаныш сыйлайды. Айналаға тараған хош иіске балалар рахаттанады.

«Көбелек».Табандарын қатарластырып отырып, тізесін бүгіп, аяғын барынша жайып, білектерін айқастырып, табанын құшақтайды. Тізеден бүгілген аяқпен, ырғақты серіппелі тербеліс жасайды. Бала өзін гүлде отырған тәрізді сезініп, тізесін көтеріп, қолын түсіреді. Балмен нәрленген көбелек қолдарымен қанат қағып алысқа ұшып кетеді.

«Қысқы орман». Өзін қысқы орманда жүргендей, аязды күні қар жауып тұрғанын көз алдына елестету. Қар ұлпасы, жайлап ауада қалқып, жерге түсіп жатыр. Орман іші тыныш. Талдар көлеңкеде тұр, жел жоқ, тып - тыныш. Бір кезде жел көтеріліп, әуелі жайменен қар ұлпалары аспанға көтеріледі. Жаттығулар алыстан көрмеушілікті алдын – алуға жасалады.  

«Күз».Жылы, талдарда сары жапырақтар, олар желмен тербеліп тұр. Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп, көңілді шайқалып, жайлап аударылып, ұша жөнелді.

«Теңіз».Балалар өздеріне ыңғайлы қалыпты қабылдап, көздерін жұмады да, жағалауда тұрмын деп елестетіп, теңіздің шуын тыңдайды.

«Арамен ойнау».Аю алтын араны қонжықтармен бірге ойнауға шақырады. Балалар үйшік жасай отырып, тізелерін көтереді. Ара тізе астынан ұшып жүреді. Аю анасы былай дейді:  «Ұшты» және қонжықтар болып ұйымшыл аяқтарын тіке қояды, бірақ әккі ара ұстатқызбайды.

«Факирлер».Балалар аяқтарын айқастырып еденге отырады, қолдарын тізелеріне қойып, бел және мойын денелерін еркін ұстайды, көзін жұмып, басын жібереді. Әуен шырқалады, факирлер демалады.

«Шаңсорғыш».Күн сәулесінде шаңдар көңілді болып билейді. Шаңсорғыш жұмыс жасайды. Ақырын - ақырындап шаңдар айналып кетеді де, еденге барып шөгіледі. Шаңсорғыш шаң жинайды; кімге тисе, сол орнынан тұрып кетеді.

«Салқын - ыссы».Аю ана кетіп қалады. Қатты жел соқты да, саңылаулар арқылы ішке кіреді. Қонжықтар тонып қалады. Олар кішкентай будақдарша бүктетіліп жылынады. Өте ыссы болып кетеді. Қонжықтар жазылады. Тағы да өте қатты жел соғады.


«Ұйықтап жатқан мысық».Балалар төсеніш үстінде ұйықтап жатқан мысықтың ролін ойнайды. Мысық демалғанда оның іші жай қампиып, кері орнына түседі.

 «Шар». Шарды үрлеп жатырмын деп елестет, қолдарыңды іштеріне қойып, ішімізді де шар сияқты қампитамыз. Қарын бұлшықеттері қатаяды. Иығымызды көтермейміз. Дем аламыз, демді шығарамыз. Қарын бұлшықеттері босаңсынып, жұмсақтанады.

«Штанга».Залға жүргізушінің кіріп көргендегісі...

                    Аулада қарсы алады ол

                    Топ адамдары, әрқайсысы ұйықтап жатыр.. 

Жүргізуші  әр түрлі қалыпта тұрған балаларға жақындайды. Ол оларды оятқысы келеді, екі қолдарын көтереді, бірақ олар кері төмен түсіреді..

«Түс періштесі».Балалар орындыққа шеңбер болып отырады. Оларға қолында кішкентай таяқшасы бар қыз келеді, ол-түс періштесі. Ол әр ойыншының иығына тиеді,  сол адам ұйықтап қалады...

Періште барлық балаларға қарайды. Бәрі ұйықтап жатады, сосын ол жәймененкетіп қалады.

«Насос және доп».Балалар жұптасып бөлінеді. Біреуі үлкен доп, екіншісі допты үрлейтін насос болады. Тізені жартылай бүгіп, кеудені тұрған допқа жақындатады. Насос допты «С» дыбысын шығарып, үрлей бастайды. Үрлеген сайын доп үлкейе түседі. Тігінен тұрып, аяғы, тізесі түзеліп, аузы, ұрты, томпайа бастайды. Досы, доптан насостың шлангасын жұлып алады. Доптан қатты «Ш» деген дыбыс шығады.

«Қызыққыш Варвара». Айналасы жақсы көрінетіндей бастарын солға бұрады. Қазір мойын еттері қатайып тұр.Сол жақ мойынға тигізген кезде бұлшықеттер тас сияқты қатайған.

«Ғажайып түс».Тәрбиеші өлең оқиды, ал балалар көздерін жұмып, тыңдап жатады. Жәй дауыс, ұзақ үзіліс үлкен тыныштық береді. «Кірпіктері жіберіліп, көздері жұмылады, біз тыныш демаламыз, ғажайып түспен ұйықтаймыз. Біз арқылы түс көріп, тыныш дем алдың. Демалған жақсы, бірақ тұратын уақыт та болды...»

«Менің орманым».Сен өзіңді алаңда келе жатырмын деп елестет. Алыстан орман көрінеді. Орманға жол апарады. Алаң алтындай, жәй жел соғады да, жұмсақ шөптерді қимылдатады. Орман өмірге толы. Олардың барлық ағаштары сені қарсы алғандай шулап жатыр. Енді бірнеше адым... Қазір сен орманға кіресің. Кәне тоқтайық. Тоқта.Осы үзілісті есіңе сақта.

«Шипалы  күштер».1 Жаттығу. Мен қолайлы орналастым. Менің денемнің жағдайы еркін, босаңдау, қолайлы. Менің зейінім физикалық денеге және өзімнің көңіл - күйіме аударылды. Мен толықтай өз денемді сезінемін.

2 Жаттығу. Маған өте ыңғайлы және тыныш. Менің ойым, балалық шағым уайымсыз. Мен өзімді бақылаймын. Менің «мен» дегенім менің денемнің әр түйіршіктерінен кіріп өтеді.Әрбір түйіршік менімен кездесуге қуанышты.

3  Жаттығу. Мен өз зейінімді бетіме қойдым.Мен маңдай, ерін, бет, мойын бұлшықеттерін сезінемін және босаңсытамын. Менің қабағыма салмақ түседі және жабылады. Менің ернім босаңсынып, тілім еркінсінеді. Менің түр - әлпетім босаңсынып, мен терең - терең жайлылықты сезінемін және қорқынышсыз боламын.

4 Жаттығу. Мойын бұлшықеттері жұмсақ. Арқа, қарын бұлшықеттері толықтай босаңсыды. Менің аяғым және қолдарыма салмақ түседі. Мен жағымды ауыртпалықты сезінемін. Менің денем толықтай еркіндікті сезінеді.

 


«Өткелден өту» сахналау ойыны Мақсаты: жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу. Барысы: Бұл ойын үшін тас (қиыршық, дәнек) толған жәшік қажет. Балалар тышқандардың жүрісін келтіреді. Бірінің соңынан бірі тастардан адымдап жүреді. 
«Кесте құра» сахналау ойыны Мақсаты: қиялды дамыту, жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу. Барысы: Тәрбиеші балаларға ұзындығы әртүрлі түрлі түсті таяқшалар береді. Балалар жалаң аяқ тұрып, аяқ башпайларымен түсі және ұзындығы әртүрлі таяқшаларды қолданып, әртүрлі кестелер құрайды.
«Кім жылдам» Қатысушылар 3-5 ойыншыдан тұратың топқа бөлінеді. Әр топқа аққала жасау тапсырмасы беріледі. Қай топ аққаланы үлкен және тез арада жасаса, сол топ жеңіске жетеді. Содан 2-ші кезенінде 6-8 метр жерден қарсылысының аққаласына қар лақтырып құлату керек. Бұл ойынды кіші сыныптарға ойнатқан жөн болады. 

«Жанды нысана» Екі қарсылас команда бір-біріне қорама-қарсы орналасып тұрады. Әр ойыншы радиусы 0,5 метр шеңбер сызып, сол шеңбердің ішінде тұрады. Жүргізуші «Бірінші, баста!» деп белгі береді. Команданың бірінші ойыншысы қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады. Қарама-қарсы тұрған ойыншыға отыра қалуға, секіруге болады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Содан жүргізуші «Бірінші, жауап қайтар!» деп белгі береді. Сол кезде екінші команданың бірінші ойыншысы, қарама-қарсы тұрған ойыншыға қар лақтырады. Команданың барлық ойыншылары лақтырып болған кезде, жүргізуші дәл тигізген саның шығарып жеңімпаздарды анықтайды.
«Қоңырауды қуып жет» Ойыншылардың барлығында коньки болу керек. Ойыншылардың ішінен бір ойыншыға қоңырау ұсынылады. Төрт ойыншы қуғыншылар болып шығады. Жүргізуші белгі береді. Қоңырау ұстаған ойыншы қуғыншылардан қашады, ал қуғыншылар қолұстасып қоршап улу керек. Қоңырау ұстаған ойыншыға қауіпті жағдайда, қоңырауды басқа бір ойыншыға беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді. Ойыншылар шаршаған кезде басқа ойыншылармен алмасуға болады.

«Жүгіріп өту» Бұл ойынды көлемі 30х40 метр қарлы алаңда өткізеді. Алаңның шектерін қардан жал үйіп белгілеп қояды. Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді, біреуі жүгіріп өтушілер; екіншілері – атқыштар командасы делінеді. Атқыштар алаңның екі жағына орналасады, ал жүгіріп өтушілер алаңның сыртына орналасады. Жүргізуші белгі береді. Жүгіріп өтушілер бір-бірден алаңның ортасымен жүгіріп өтіп екінші жаққа жету керек. Ал, атқыштар екі жақтан қармен атқылап тигізу керек. Егер жүгірушілерге қар кесегі тисе, онда ол «оққа ұшып», ойыннан шығады. Ойын аяқталғанда орындары алмасады: жүгіріп өтушілер «атқыштар» болады да, ал атушылар жүгіріп өткіштер болады.Бұл ойынды шанамен де ойнауға болады. Жүгіріп өтушілердің бір ойыншысы шанаға отырады, екіншісі тасымалдайды. Егер қар кесегі тасымалдаушыға тисе 1 ұпай, шанадағы ойыншыға тисе 2 ұпай беріледі.

«Шайбамен эстафета» Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Ойыншылардың барлығында коньки болу керек Командалар сөреге орналасып тұрады. Әр командаға қарма-қарсы жерде жалаушалар орнатылады, бұл мәре. Жалаушаға дейін бірнеше фишка немесе кегли қойылады. Жүргізуші белгі береді. Әр команданың бірінші ойыншылары фишканының (кеглидін) арасымен, шайбаны клюшкамен алып жүріп, жалаушаны айналып, қайта сөреге келіп эстафетаны келесі ойыншыларға тапсырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

 «Қызықты эстафета». Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

«Доппен жарыс» Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

«Сыңар аяқ ойыны». Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

«Таяқща және секіртпемен секіру ойыны». Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді.

«Бір-бірінің үстінен секіру ойыны. Сапта тұрған  балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала  олардың  үстінен  аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да  осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

"Өз жұбыңды тап"Ойынның мақсаты: Белгі (сигнал) бойынша жүгіру, кеңістікті бағдарлау.Керекті құралдар: балалар санына байланысты жалаулар, бубен (сылдырмақ).

Ойынның барысы: Ойын ойнау үшін, ойынға қатысатын балалар санына қарай жалаулар алынады. Жалаулар екі түсте болады. Әр қатысушы бала бір түсті жалаудан алады. Тәрбиешінің белгісі бойынша (бубенді сылдырлату арқылы) балалар алаңда жүгіріп жүреді. Тәрбиешінің «Бір, екі, үш – жұбыңды тап!» - деген белгісімен өздеріне лайық түстегі жалауы бар баланың қасына тұрады. Ойынға қатысатын балалардың бүреуі артық болуы керек. Оған қарап, барлық балалар: ауызыңды ашып тұрмашы, өз жұбыңды тауып алшы» - дейді. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.Ескерту: Жүгірген кезде балалар жалауларын тік, жоғары ұстаулары керек.

"Құстар мен мысық"Ойынның мақсаты: Өзіне сенімді болуға, тапқырлыққа үйрету, балаларды шапшаң жүгіруге жаттықтыру.Керекті құралдар: Мысықтың бас киімі.

Ойынның барысы: Жерге шеңбер сызылады немесе жіп қойылады. Ойынға қатысушыны таңдап, тәрбиеші оны шеңбердің ортасына қояды. Ол – мысық, басқа балалар құстар болып сайланады. Құстар шеңбердің сыртында ұшып жүреді, мысық шеңбердің ішінде ұйықтап отырады. Мысық оянып, құстарды көріп, ұстай бастайды. Мысықтың қолы кімге тисе, сол ұсталды деп саналады да шеңбердің ортасына тұрады. Мысық 2-3 құсты ұстағаннан кейін, тәрбиеші басқа мысықты сайлайды. Ал ұсталған құстар басқа ойнаушыларға қосылады.

"Ұшақтар"Ойынның мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалысын дамыту, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.Керекті құралдар: жалаулар.Ойынның барысы: Балалар жалаулармен белгіленген алаңның әр жерінен 3-4 колоннаға тұрады. Ойынға қатысушылар ұшқыш болып ұшуға әзірленеді. Тәрбиешінің белгісі (сигналы) бойынша: «Ұшуға дайындал» - дегенде балалар қолдарымен қимыл жасайды. Педагог «Ұшасыңдар!» - дегенде, балалар қолдарын екі жаққа көтеріп, алаңның әр жеріне шашылып ұшады. Тәрбиешінің «Қоныңдар!» - деген белгісі бойынша ұшақтар жерге қонып, колоннаға тұрады. Тәрбиеші қай колоннаның балалары тез тұрғанын айтады. Колоннаның бастаушысы етіп алғашқыда белсенді балаларды тағайындайды. Балалардың жеңіл жүгірулерін қадағалау.

"Тышқан аулағыш"Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлау отырып, сенімді жүгіру.

Ойынның барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Біраз балалар (1/3) шеібер құрып – тышқан аулағыш болады, қалған балалар тышқандар болып сайланады. Олар шеңбердің сыртында, біресе жағынан, шеңбердің екінші жағынан жүгіріп жүріп, мына өлең жолдарын айтады.

Мысық тісін ақситады,

Көздерін шақшитады.

Дүрдитіп, күжірейтіп белін,

Айбат қылады ерің, - деп

Өлеңдеткеннен кейін, балалар тоқтап, қолын жоғары көтереді. Тышқандар ініне кіреді (шеңберге). Шеңбердің екінші жағынан шығады. Тәрбиеші «Мысық тышқанды ұстайды» - дегенде шеңберде тұрған балалар қолданын түсіріп, аяқтарын бүгіп отырып тышқандарды шеңберден шығармай ұстайды. Ұсталған балалар шеңберге тұрады, шеңбер үлкейеді. Тышқандардың көбі ұсталғаннан кейін, балалар ауысады, ойын қайта жалғастырылады.

"Аққу-қаздар"Ойынның мақсаты: балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту, жүгіруге үйрету, епті, жүйрік болуға тәрбиелеу.Керекті құралдар: қасқырдың, қожайынның бас киімі.Ойынның барысы: Ойынға қатысушылар өздерінің арасынан кімдер қасқыр мен қожайын ролін ойнайтынын белгілеп, қалғандары аққу-қаздар болады. Алаңның бір жағында отағасы мен қаздар тұратын үй сызылып салынады, екінші жағында – қыр астында жасырынған қасқыр. Отағасы қаздарын көкке тойынып, бой жазып қайту үшін далаға шығарып жібереді. Қаздар үйден едәуір жер алыстап кетеді. Шамалы уақыт қткен соң, қожайын қаздарын шақырады. Сөйтіп отағасы мен қаздардың бір-біріне тіл қатысуы басталады. Қаздар! Қаздар!Га, га, га.

Қарыңдарың ашты ма?Иә, иә, иә.

Аққу-қаздар, қайтыңдар!Қыр астында қасқыр бар!

Не істеп жатыр ол онда?Шіл жеп жатыр ол онда.

Ал үйге қарай қашыңдар!

Қаздар үйге қарай қашады, қасқыр оларды ұстап алуға ұмтылады.

Ұсталғандар ойыннан шығады. Барлық қаздар ұсталған кезде, ойын аяқталады. Соңында қалған ең епті жүйрік қаз қасқыр болады.

Ойын тәртібі: қаздар тек алаңнан шықпай «ұшуға» тиіс. Қасқыр оларды «Ал үйге қарай қашыңдар!» сөзінен кейін ғана ұстауға ұмтылады.

"Фигура жаса"Ойынның мақсаты: Балалардың сигнал бойынша жүгіру, заттардың атасынан жүріп және секіру сияқты қимылдарын жетілдіру.Керекті құрал: бубен.

Ойынның барысы: ойынға қатысушылардың арасынан «ойын жүргізушісі» тағайындалады. Ол жеке тұрады. Басқа балалар жүгіреді, бір аяғынан екінші аяғына секіреді. Олар бөлме ішінде немесе алаңда секіреді. Тәрбиешінің (сигнал) белгісі бойынша (бубен соғуы немесе «Тоқта» деген сөзі) барлығы өзіне ұнаған фигура жасап тоқтайды. Ойын жүргізушісі өзіне ұнаған фигураны таңдап айтады. Таңдап алынған бала «ойын жүргізушісі» болады, ойын ары қарай жалғастырылады.

"Шортандар мен шабақтар"Ойынның мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту, аяқ бұлшық еттерін жетілдіру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал: шортанның бас киімі.Ойынның барысы: Алаңның екі шетінде «шабақтардың» мекені болады. Ал ортада екі-үш «шортан» жүзіп жүреді. Шабақтар шортан жүрген жерден екінші мекеніне қарай жүзіп өтпекші болады. Сол кезде шортандар оларды қуады да, қолға түскендерін жағаға шығарып тастай береді. Ұсталған шабақтар бес-алтау болғанда, олар қол ұстасып «тор» болып, алаңның ортасына шығады. Өзге шабақтар «тордың» арасынан жүгіріп өтіп, бұрыңғы мекеніне жетуге тиіс. «Шортандар» тордың сыртында бұғып тұрады. Келесі ұсталған бес-алты бала қол ұстасып, шетте «себет» болып қалады. Ойын ең соңғы екі-үш шабақтар қалғанша жалғасады. Тағы да қолға түскен шабақтар енді «себетке» салынады. Келесі жолы сол балалар «шортан» болып сайланады.

"Бәйге"Ойынның мақсаты: Тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге тәрбиелеу.

Керекті құрал: ағаш аттар, қамшылар.Бәйге немесе ат жарысы – халқымыздың өте ертеден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Тай, құнан, дөнен тәрізді, аттың жас ерекшеліктеріне қарай, жарыс түрлері әр түрлі болады. Осыған байланысты балалар да жас ерекшеліктеріне қарай, «тай», «құнан», «дөнен» болып жарысқа түседі.

Ойынның барысы: балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәрбиеші сылдырмақпен белгі берген соң, балалар белгілі жерге барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала жеңімпаз болады.

"Ақ сүйек"Ойынның мақсаты: Баланың халқының тарихын білуге, достарымен қарым-қатынасын дамытуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.Керекті құрал: «Ақ сүйек».

Ойынның барысы: бұл ойында балалар екі топқа бөлінеді. Екә бастаушы тағайындалады. Екі топқа қатар сөре белгіленеді. Әр топтың ойыншылары қаз-қатар тұрады. Оның жетекшісі сүйекті лақтырады. Ал ойыншылар оны іздейді. Тапқан бала: «Менде!» деп айқайлап өз тобының сөресіне қарай жүгіреді. Екінші топтың балалары одан ақ сүйекті тартып алып, өз сөресіне қарай әкетуге тырысады. Өз сөресіне ақ сүйекті бұрын жеткізген топ жеңіске ие болады.

"Көк-пар"Ойынның мақсаты: Баланы ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелейді. Қол бұлшық еттерін дамытады. Көңіл-күйлерін көтереді.Керекті құралдар: 2-3 ат, қапшық.

«Көк-пар» тарту үлкен жиын тойлардағы ең негізгі ойындардың бірі болғандықтан, оған кеңінен түсінік беріледі. Негізінде, көк-парға серке тартатыны туралы әңгімеленіп, ойынға қатысушылардың міндетті түрде ат мінетіндігі айтылады. Бұл ойында кімде-кімнің аты жүйрік, өзі күшті, епті болса, сол адамның жеңіске жететіні түсіндіріледі.Ойынның барысы: балалар екі топқа бөлініп, тәрбиеші бір баланың есімін атап, оған қапшық-көкпарды береді, ол бала берілген сөреге дейін жетіп, қайта жүгіріп келуі қажет. Егер жолда оны басқа топтың балалары ұстап алса, көкпарды өз жағына тартып алуға тырысады. Көкпарды тартып алған болса, өз жағына қашады. Егер оған кедергі жасаса, өз жағындағы балаларға лақтырады. Көкпарды алып келген баланың тобына ұпай қосылады.

"Қасқыр мен қояндар"Ойынның мақсаты: Белгі (сигнал) бойынша қимыл жасай білуге үйрету, жүгіру, төрт аяқтап жүру, қос аяқпен секіру, аяғын бүгу, ұстап алу сияқты қимылдарын жетілдіру.Керекті құралдар: бүршіктер, тастар.Ойынның барысы: Санамақ арқылы бір бала «Қасқыр» болып тағайындалады, қалған балалар – «қояндар». Алаңның бір шетінен бүршіктермен немесе тастармен белгілеп қояндар үй жасайды (шеңбер құрып). Ойынның басында «қояндар» белгіленген өз орындарында тұрады. «Қасқыр» оларға қарама-қарсы тұрады. Тәрбиеші айтады:

Қояндар, секең, секең етеді Алаңға келіп жетеді. Жасыл шөптен жейді

Отырып тың тыңдайды: «Қасқыр келе жатыр ма?» деп.

Қояндар өз орындарынан шығып алаңға барады. Қос аяқпен секіреді, аяғын бүгіп отырады, шөп жейді, жан-жағына қарайды. Тәрбиеші «Қасқыр» деген кезде, қояндар қашады. Ұсталған қоянды қасқыр өз үйіне апарады.

"Кім жақсы секіреді"Ойынның мақсаты: Балаларға әр түрлі секіру түрлерін үйрету, аяқ бұлшық еттерін дамыту, жұптасып секіре білуге жаттықтыру.Ойынның барысы: Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе сол ұтады. Бұл ойынды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынандай түрлері бар:

Қос аяқтап секіру,Сыңар аяқтап, алма-кезек секіру,Аяқты қайшы қойып секіру

Отырып секіру,Екеулеп қол ұстасып секіру,Теріс айналып тұрып секіру,

Қолды қайшы ұстап секіру.





"Түлкі мен қасқыр"

Ойынның мақсаты: Балаларды жүгіруге, секіруге үйрету, қырағы, жүйрік болуға тәрбиелеу. Керекті құрал: Түлкі мен қасқырдың бас киімі. Ойынның барысы: Балалардың арасынан «түлкі» мен «қасқыр» сайланады. Қалған балалар өздеріне шеңбер сызып, соның ортасында тұрады. Бастаушының белгісі бойынша «түлкі» «қасқырдан» қашып бір шеңберге тығылады, ал онда тұрған бала түлкі болып қашып шығады. Ал егер «қасқыр» қуып жетіп «түлкіге» қолын тигізсе, онда олар рөлдерін ауыстырады. Ойын әрі қарай жалғастырылады. Ескерту: Бұл ойында қырағы, жүйрік балалар көзге түседі.

"Тауықтар мен түлкі"Ойынның мақсаты: Баланы епті болуға, өрмелеп мінуге, секіруге, жүгіруге тәрбиелеу. Керекті құралдар: Секіруге арналған кубтар, түлкінің бас киімі.

Ойынның барысы: Алаңның бір жағында тауық қора сызылып белгіленеді(оның мөлшері қатысатын баланың санына байланысты). Тауық қорада тауықтар бар(орындықтарда қонақтап отыр). Ал алаңның екінші жағында түлкінің іні бар. Ойында бір бала түлкі, ал қалғандары тауықтар болып сайланады. Тәрбиешінің белгісі бойынша тауықтар секіріп түсіп, қорадан шығып, аулада қанаттарын қағып жем жеп жүреді. Тәрбиешінің «Түлкі!» деген белгісі бойынша тауықтар қашады. Орындарына қонақтауға үлгермеген тауықтарды түлкі ұстап, өз ініне апарады. Қалған тауықтар қайта секіріп түседі, ойын жалғасады.

Ойында түлкі 2-3 тауық ұстағаннан кейін, түлкіні ауыстырады.

"Жерде қалып қойма"Ойынның мақсаты: Секіру, жүгіру, биікке шыға білуді үйрету.

Керекті құралдар: Шығатын баспалдақтар, кубтар(25-30 см), жоғарылатып қойылған ағаштар, аса биік емес жәшіктер, орындықтар.Ойынның барысы: «Ұстап алушы » тағайындалады. Оның қолына белгі байланады(повязка). Балалар алаңның әр жеріндегі, заттарға орналасады. Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар секіріп түсіп, айтылған қимыл, ырғақ бойынша алаңда жүреді. «Ұстап алушы» да көпшілікпен бірге жүреді. Тәрбиешінің «Ұста!» деген белгісі бойынша, балалар қайта биікке шығып алады (қойылған заттардың үстіне). «Ұстап алушы» биікке шыға алмай қалған баланы ұстап алады. Ұсталған балалар ойыннан шығады, жеке отырады. Ойын 2-3 рет ойналғаннан кейін, ұсталған балаларды санайды. Жаңадан «ұстап алушы» сайланып, ойын жалғастырылады. Ескерту: Тәрбиеші балалардың қос аяқпен, жеңіл секіріп түсуін, аяқтарын бүгуін, алаңның барлық жеріне жүгіруін, заттардан алыс жүгіруін қадағалап отырады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепке дейінгі мекемеге балаларды? ойын ар?ылы ?имылын дамыту?а ?дістемелік ??ралы.

Автор: Альжанова Ольга Анатольевна

Дата: 15.02.2016

Номер свидетельства: 293764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства