Бірінші байлы? – денсаулы? дейміз. Біра? осы с?зді? салма?ын, ж?ктер жауапкершілігін к?біне сезбейтін де, мойындамайтын да сы?айлымыз. Айтыл?ан с?тте к??ілімізге ?онады, ??ла?ымыз?а жа?ады. Келісеміз. Сонсо? ?зіміз ауа жайылып ж?ре береміз. С?йтіп к?ндерді? к?нінде бір арылмас дертке шалды?ып санымызды со?амыз. “Жал?ан – ай!” деп к?кірегіміз ?арс айырылып, ?мірден т??іле бастаймыз.
“Т?ннен жан арты? еді, - дейді Абай атамыз - т?нді жан?а бас ?р?ызса керек еді. Жо? біз олай ?ылмады, ?за?тай шулап, ?ар?адай бар?ылдады?. Жан бізді жас к?німізде билеп ж?рген еді. Ержеткен со?, к?ш енген со?, о?ан билетпедік, жанды т?нге бас ?р?ызды?, ешн?рсеге к??ілмен ?арамады?, к??іл айтып т?рса сенбедік. К?збен к?рген н?рсені? де сыртын к?ргеннен-а? тойды?…”
Т?ннен жан арты?… Билік жанда ?ой. Біра? ??мырымыз аз ба, к?п пе… кеше, б?гін, шамасы ерте? де билік жанда емес т?нде Пендешіліктен т?нді то?айтып, с?йтіп аурулар ?атарын молайтып ж?рген жай бар. Тым болмаса, жан мен т?н бірлігін, ара ?атынасында?ы бірлікті неге са?тамас?а? Біреу ?шін емес, ?зі? ?шін, отбасы?, ?зі?сіз толайым болмайтын к?кірегі? ?шін.
Денсаулы? - т?н, рухани ж?не ?леуметтік игілікті? жиынты?ы. Денені ?немі ширы?тыру, шыны?тыру, сананы? сапа де?гейін к?теру, интеллект ?рісін биіктету, рухы?ды шы?дау - б?рі де денсаулы??а ?ызмет етеді десек ?ателеспейміз.
Ел Президентіні? “?аза?стан - 2030” жолдамасында?ы ?за? мерзімді басымды?ты? бірі – “?аза?стан азаматтарыны? денсаулы?ы, білімі м?н ?л ау?аты” тарма?ында,“…азамат-тарымызды? ?з ?міріні? ая?ына дейін сай болуы ж?не оларды ?орша?ан таби?и ортаны? таза болуы ?шін” азаматтарымызды салауатты ?мір салтына ?зірлеу ?ажеттігі к?рсетілген. Б?гінгі та?да ?з т?уелсіздігін ал?ан егеменді еліміз осы ба?ытта ?аза?стан мектептеріне жан-жа?ты дамы?ан, денсаулы?ы мы?ты, салауатты ?мір салтын м?рат т?т?ан дара т?л?аларды т?рбиелеу басты талап етіп ?ойыл?ан.
?аза?стан азаматтарыны? денсаулы?ын ны?айту, салауатты ?мір салтын ынталандыру туралы елбасыны? жолдауын, егемендікті? кілтін ?стар жастарды? болаша?ына апаратын, алтын с?рлеу десе болады.
“Дені сау адам - таби?атты? е? ?ымбат жемісі” деп тегін айтылма?ан.
?азіргі ?о?амымызда халы?ты? таби?и ?сімі т?мендеп, сыр?аттанушылы? ж?не ?лім–жітім де?гейі арта т?сті. ?сіресе, балалар мен жастарды? денсаулы?ы ?ауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі ??марлы? ж?не улы заттар?а ?уестік, адамгершілікке жат мінез-??лы?, ерте жынысты? ?атынас ке?інен етек алуда.
С?з со?ында ?айра айтарымыз, халы? денсаулы?ы тек медицина ?ызметкерлеріні? к?сіби тірлігі ?ана емес, б?кіл ?о?амны? т?тас денсаулы? са?тау?а ж?не ны?айту?а арнал?ан ?йлескен іс-?имыл ?рекеттеріні? жемісі екенін баршамыз да ??ыну?а тиіспіз. Сонда ?ана ?орша?ан ортаны са?тай отырып, таза су ішіп, д?рыс тама?танып, иманды ж?не салауатты ?мір салттарын т?ра?ты ?алыптастырса? болаша?ты? жар?ын кепілі болма?.
Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:
Спорт журналы 2014жыл №3
Егемен ?аза?стан газеті
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Марлам?аш ( эстафеталы? ойын) »
Салауатты өмір салты
Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, №110 мектеп-лицейінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Искаков Шаншархан
Ауырып ем ізденгенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”
Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.