Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему Сызы?тарды? ?стімен ?ос ая?тап секіру(бір-бірінен 1 метр ара?ашы?ты?та?ы т?рт сызы?).Музыкалы? – ыр?а?ты ?имылдар (ж?ру,ж?гіру) .»
КМҚК «Жауқазын» ясли бақшасы
«Толағай» ортаңғы қазақ тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Дайындаған тәрбиеші: Нурманова А.
22.01.2014 жыл
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Сызықтардың үстімен қос аяқтап секіру(бір-бірінен 1 метр арақашықтықтағы төрт сызық).Музыкалық – ырғақты қимылдар (жүру,жүгіру) .
Мақсаты: бірнеше сызықтың үстінен біртіндеп секіру, бір мезгілде қос аяқпен екпінді итерілу, денені алға қарай еңкейтпей аяқтың ұшымен бірге түсуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеуде: тізені жоғары көтеріп ырғақты жүруді орындау.
Көрнекілік: доп , арқан , үнтаспа.
Сабақтың барысы:
І-бөлім
Шеңберді бойымен жүру жаттығулары:
қолды белге қойып , аяқтың ұшымен жүру .
қолды белге қойып ,өкшемен жүру.
Қол белде, табанның қырымен жіру.
Қол белде табанның ішімен жүру.
Қол желкеде толық отырып жүру.
Қалыпты жүру. Жылдам жүгіру. Жәй жүгіру.қалыпты жүру.
3 қатар сапқа тұрғызу.
ІІ-бөлім
Саптық жалпы дамыту жаттығулары (доппен):
1. Мойын жаттығулары: Б.қ. аяқтың арасын иық деңгейімен ашу, допты екі жоғары көтеріп ұстап тұру,басты солға, оңға бұру, жоғарыға қарау. Б.қ. келу.(4 рет қайталау )
2.Белге арналған жаттығулар: Б.қ. алдыңғыдай. Допты екі қолмен ұстап алға созу, оңға бұрылу,солға бұрылу. Б.қ. келу. (4 рет қайталау)
3.Б.қ. аяқ арасын иық деңгейімен ашу, екі қолмен допты алға созу, жоғары көтеру, қолды төмен түсіріп допты еденге қою. Б.қ. келу.(4 рет қайталау)
4.Б.қ. аяқ арасын иық деңгейімен ашу, екі қолмен едендегі допты алып, жоғары көтеріп, алдымен оңға қарай иіліп, содан соң солға қарай иілу. Б.қ. келу. (4 рет қайталау)
5.Б.қ. аяқты қосып тұру, допты жоғары көтеріп, өз орнында айналу. Б.қ. келу. (4 рет қайталау)
Тыныс алу жаттығуларын жасау.
ІІІ-бөлім
Негізгі қимылдар: балаларды 2 қатар сапқа тұрғызу.
1.Сызықтардың үстінен қос аяқпен секіру (сызықтардың арақашықтығы 1 метрден 4 сызық).
2.Музыкалық ырғақты қимылда тізені жоғары көтеріп жүру.
Дене шынықтыру залына Қасқыр келіп, балалармен ойын ойнағысы келетінін айтып... Ойын ойнайды.
Қимылды ойын: «Қасқыр мен лақтар»
Шарты: бірлесіп әрекет ету, кеңістікте бағдарлау.
Қорытынды: белгі бойынша жүру, жүгіру, сапқа тұрғызып топқа апару.