Саба?ты? ма?саты: Волейбол ойыныны? мазм?нын, ережелерін,ерекшеліктерін,
ойын шарттарын, ?абылдау ?дістерін ?йрету.
О?ушыларды? волейбол ережелерін ме?гергенін тексеру.
Дамытушылы?: Жатты?улар ар?ылы допты ?абылдау, ?айтадан беру т?сілдері,
ептілік, икемділік, шапша?ды? ?асиеттерін дамыту, тез шешім
?абылдау да?дыларын ?алыптастыру.
Т?рбиелік: Спорт?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, адамгершілікке,
??ыптылы??а т?рбиелеу.
??рал-жабды?тар: Волейбол добы, ыс?ыры?.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока физкультуры на тем ": Волейбол добын беру ж?не ?абылдау т?рлері "»
Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға допты жоғарыдан және томенннен қабылдау әдістерін үйрете отырып, допты беру әдісін жетілдіріп, допты қабылдай білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық алған білімдерін дамыта отырып, ептілік, жылдамдық, бағдарлай білу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілік: Дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Үйрету сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Волейбол сеткасы, добы, ысқырық, секундомер.
Сабақтың өтілетін орны: Спорт зал.
Бөлімі | Сабақтың барысы | Уақыт мөлшері | Әдістемелік нұсқау |
Ұйымдастыру бөлімі Даярлық бөлімі | Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Кезекші оқушының мәліметін қабылдау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар: «Оңға» және «Солға», «Кері» бұрылулар, «Орнында тұрып аяқты тебу» Жүріс және олардың ерекшеліктері: Саппен жүру, жүруден жүгіруге ауысу. Қолды белге қойып аяқтың ұшымен, аяқтың сыртымен, өкшесімен, қолды белге тіреп толық отырып жүру. Жүгірудің ерекшеліктері: Қолды созып, тізені жоғары көтере қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе. Қолды иыққа, иілген қалыпта алға, артқа, оңға, солға тербелу. Волейболдың арнайы жаттығулары: | 10 мин | Саптағы жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау. Денені түзу ұстау. Толық аяқтың сыртымен, ішімен жүру Денені түзу ұстап, аяқтың ұшымен жүру. Тізені бүгіп, белгімен ауыса қол қабылдауда |
Негізгі бөлім
Допты жоғарыдан қабылдауды меңгерту.
Құрбысына бетпе – бет қарап арақашықтықты 7-8 м допты жоғары лақтырып қайтадан қабылдап, ары қарай құрбына көтеріп беру, құрбың керісінше т.с.с.
Уақыт мөлшері: 5 мин.
Әдістемелік нұсқаулар: Жаттығудың дұрыс жасалуына назар аударындар.
Бір оқушы допты жоғары көтеріп қарама – қарсы құрбысына береді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап қайта береді. Арақашықтық 8 – 10 м.
Уақыт мөлшері: 5 минут 10-12 рет
Әдістемелік нұсқаулар: Тура құрбыңның қолына дәл беруге дағдылан.
Бір оқушы допты құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолымен қабылдап қайта береді. Арақашықтық 8 – 10 м.
Уақыт мөлшері: 5 минут 8-10 рет
Әдістемелік нұсқаулар: Допты төменнен қабылдаудың дұрытығын қадағалау.
Допты сетка арқылы алмастыруды меңгерту.
Арақашықтығы 8-9 м. Құрбысына бетпе – бет қарап тұрып, допты сол алақанға бүгілген ң алақанымен допты ұрып құрбысына беру.
Уақыт мөлшері: 5 минут 8-10 рет
Әдістемелік нұсқаулар: Аяқтың дұрыс тұруына назар аударып, денені төмен бүгіп, допты алақанмен ұру керек.
Қорытынды бөлім
Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау.
Оқушылардың білімдерін бағалау. Үй тапсырма: кермеде тартылу. Сергіту жаттығулары.
Уақыт мөлшері: 5 мин