І. Ұйымдастыру бөлімі | Оқушыларды сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау,сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Саптық жаттығулар: Түзел! Тік тұр!Оңға, солға, кері айнал Бағыттаушы соңынан оң иық алға қадам бас. Спорттық жүріспен жүру. - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру -қол алдыда жартылай отырып жүру Жүгіру жаттығулары: -Оң қапталмен қолды алдыға айналдырып секіру -Сол қапталмен қолды сыртқа қарай айналдыра секіру -Екі қол артта төмен өкшені қолға тигізіп жүгіру -Өкшені артқа қарай сермей жүгіру Дем алып,дем шығару. ЖДЖ Б.қ аяқ арасы иық кеңдігінде, қол белде, 4 сан басты оңға ,4 сан солға қарай айналдыру Б.қ аяқ арасы иық кеңдігінде, қол басы иықта,1-2 қолды айналдыру,3-4 сан артқа айналдыру Б.қ. аяқ арасы иық кеңдігінде,қол кеуде алдында,1-2 қолды жазбай сермеу,3-4 қолды жазып сермеу Б.қ. . аяқ арасы иық кеңдігінде, белді 1-4 оң жаққа айналдыру, 1-4 сол жаққа айналдыру | 12/ | Оқушылардың көңіл күйіне, спорттық киіміне назар аудару. Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. |
ІІ. Негізгі бөлім | Сапқа тұрғызу. Командаларға бөлу “ Допты шекіп бару” Белгі берісімен 1-ші тұрған ойыншы доптык едергілердің арасынан шекіп жүріп белгіленген жерге дейіп барып, допты сол жерге тастап кетсе, келесі ойыншы сол допты кедергілердің арасынан шекіп алып келу керек. “ Доп тасымалдау” Белгі берісімен 1-ші тұрған ойыншы допты аяқтың арасына қыстырып, белгіленген жерге дейін секіріп барып, допты сол жерге тастап келесі 2-ші ойыншы допты аяқтың арасына қыстырып допты алып келу.Ойын осылай жалғаса береді. Кім жылдам? Саптың ең алдында тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты басынан асырып келесі ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады. Доп келесі ойыншыға, сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді. Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді Кім жылдам? Допты аяқтың арасынан өткізу Скалкалкамен секіру Кедергілердің арасынан скалкамен секіріп өту Егін жинау Бірінші тұрған ойыншы кедергілер арасымен жүгіріп,. Командасындағы ойыншыларды белгіленген межеге дейін тасу қажет | 30/ | Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. |