Мектебімізде 3 «а,б», 2 «а,б» сыныптар арасында 3 ұл, 3 қыз бала қатысуымен «Тұлпар», «Сұңқар», «Шымыр», «Қыран» командалары арасында өткізілетін «Көңілді сөре» атты спорттық сайыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ептілікке, төзімділікке, достыққа, шеберлікке баули отырып, денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу, спортты сүйюге тәрбиелеу, қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: доп, қап, скакалка.
Жарысымызды бастамай тұрып әділ-қазыларымызды сайлап алайық.
Жарыстың өту бағыты.
Топтың аты.
Ұраны.
Таныстыру.
Топ. «Тұлпар»
Біздің ұранмыз: Гүлден Отан анамыз,
Бағбаның боламыз.
Таныстыру.
Сыныптың ар-намысын жалау еткен,
Тұлпарымыз алуан түрін жаннан өткен.
Спорттың алуан түрін нақ меңгеріп,
Жеңіске күшпен емес, жеткен еппен.
Топ. «Сұңқар»
Біздің ұранымыз: «Өнер жастар-жалындар,
Спорт жастар-жаныңдар»
Таныстыру.
Жарысқа келіп тұрамыз бәріміз,
Біз шәкірт білім алған ұялдағы.
Жарыста жеңіп шығу-мақсатымыз,
Сұңқар боп самғай ұшқан қиядағы.
Топ. «Қыран»
Біздің ұранмыз: Біз қыранбыз, қыранбыз,
Көкте талмай ұшармыз.
Түсірмей сынып беделін,
Биікке самғап ұшармыз.
Топ. «Шымыр»
Біздің ұранмыз: Шынықсаң шымыр боларсың,
Сауығып айдай толарсың.
Спортты серік ете біл,
Салауатты сен боларсың.
Кім шапшаң.
Допты жерге бір қолмен алып жүріп, межелі жерден қайтып, допты екінші ойыншыға беріп өзі топтың соңына барып тұрады. Барлық ойыншылар қатысады.
Допты басына асырып беру.
Допты аяққа қыстырып жүгіру.
Қап киіп жүгіру. Топ мүшелері толық қатысады.
Скакалкамен жүгіру. Топ мүшелері толық қатысады.
Жүрелеп отырып, бақаша секіріп жарысу.
Поезд болып жарысу.
Қорытынды.
Әр топты сапқа тұрғызып, әділ-қазылар алқасына сөз беру. Оқушыларды марапаттау, алғыс айту, залдан шығару.
М. Бегалиева атындағы орта жалпы білім беретін мектеп.