kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

1. Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету;

2. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және оларды қажетсіну дағдысын қалыптастыру; 

3.Кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыруға,оны қағып алуға үйрету.

Құрал-жабдықтар:балаға  доп,тақтай(ені 20 см,биіктігі 30 см),орындықтар,төсеніштер,текшелер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар»»

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі










«Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар»








ЕДШ инструкторы

Ундетбай Кунсауле
















Кішкенекөл 2019



Тақырыбы: «Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар»

Мақсаты:

1. Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету;

2. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және оларды қажетсіну дағдысын қалыптастыру;

3.Кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыруға,оны қағып алуға үйрету.

Құрал-жабдықтар:балаға доп,тақтай(ені 20 см,биіктігі 30 см),орындықтар,төсеніштер,текшелер.

Әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Амандасу рәсімі. Бір-бірден сапқа тұру. Екі сапқа тізіліп тұру.

Нұсқаушының балаларға әңгімелеуі:

а) доптардың түрлі өлшемі туралы;

б)доп қолданылатын спорт түрлері туралы.

Топтардағы жүгіру жаттығулары. (Ысқыру бойынша қарқынды өзгерту.)

Ысқыру бойынша қайта құрылып тұру.

Балалар баскетбол,волейбол,футбол ойындарын ойнауға арналған доптармен танысады.

1.Жылдам қарқынмен жүгіру;

2.Баяу қарқынмен жүгіру.

Ұйымдастырушы-Іздену




















1. Доппен орындалатын ЖДЖ:

Б.қ.:негізгі тұрыс,доп оң қолда. 1-қолдарымызды екі жаққа созамыз;

2-қолдарымызды жоғары көтереміз,допты екінші қолға ауыстырып қоямыз;

3-қолдарымызды екі жаққа созамыз;4-бастапқы қалып.

Б.қ.:аяқты екі иықтың деңгейіне қойып,допты оң қолға аламыз. 1- оң қолға қарай иілу;2-3-допты оң аяқтан сол аяққа қарай домалату және керісінше орындау;

4-алғашқы қалыпқа келу,оң аяқтан сол аяққа қарай домалату.

Б.қ.:тізерлеп тұру,екі қолмен допты ұстау.

1-2-отырып,кеудені оңға бұрып,допты еденге тигізу;

3-4-алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.: еденде отырып,допты табанмен қысып,қолды артқа қарай тіреу. 1-2-аяқты түзу ұстап көтеру,допты түсірмеуге тырысу;3-4-алғашқы қалыпқа келу.

Б.қ.:етпетінен жатып,басынан асыра қолдарын созып,допты ұстау. 1-2-қолдарын және оң аяғын алға қарай түзу созу,допты аяққа тигізу;

3-4-алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау.

Б.қ.:аяқтардың арасы сәл ғана ашылған,доп оң қолда. Допты оң қолмен еденге соғу,ыршыған допты қағып алу.

Б.қ.:допты жоғары қарай оң қолмен лақтырып,екі қолмен қағып алу.

Балалар тапсырманы педагогке қарап орындайды.





Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.



































Жүру кезінде қолды екі жаққа созу,алға қарау.

Қолдарын беліне қою,аяқтарын біріктіру. Ұзынырақ секіруге тырысу. Ал ол үшін еденнен күш салып секіруге тырысу,секірер алдында жартылай отырып барып секіру.

Тізені бүгіп,аяқтың ұшымен еденге жаймен отыру.


Рефлексті-түзету

«Үлкен және кіші дөңгелек» ойыны.

Балалар екі шеңбер құрып тұрады:сыртқы және ішкі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар бір шеңбер бойымен оңға жүреді,екіншісі солға жүреді,ысқырық бойынша бағыттарын өзгертіп отырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар»

Автор: Ундетбай Кунсауле

Дата: 21.02.2019

Номер свидетельства: 500819


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства