САБАҚ: Қыздырыну мен салқындау маңызды шолу. Әр түрлі қыздырыну жаттығуларын орындау. | Мектеп: НЗМ Шымкен қаласы |
Күні: 03-10.04.2015 жыл |
Мұғалімнің Т.А.Ә. Рыштай Қ.Қ Гасанов Н.А |
СЫНЫП: 7 сынып | Қатысатындар саны: | Сабақта жоқ: |
Оқу мақсаттары | Дене жаттығу жасағанда түрлі сезімдерді бағалау (4е) Қыздырыну мен созу жаттығулар реттерінің негізгі құрауыштарын денеге әсеріне байланысты түсіндіру (4b) |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар келесіге қабілетті болады: Қауіпсіздік ережені үйренеді Дене жаттығу жасағанда түрлі сезімдерді бағалау. Қыздырыну мен созу жаттығулар реттерінің негізгі құрауыштарын денеге әсеріне байланысты түсіндіру. Жаттығудың денеге кем дегенде үш әсерін анықтай алады. Жаттығудың денеге әсерін бақылаудың кем дегенде екі тәсілін анықтай алады. |
Көптеген оқушылар келесіге қабілетті болады: |
Кейбір оқушылар келесіге қабілетті болады: |
Тілдік мақсат жабдықтар бар дене әрекеттерінің алуан түріндегі біріккен оқу туралы түсінігін сипаттайды және көрсете алады. | Негізгі сөздер мен тіркестер: МСЖ: минутына соғу жиілігі демалғандағы жүректің соғу жиілігі, жұмыс істегендегі жүректің соғу жиілігі , қалпына келгендегі жүректің соғу жиілігі жүрек-тамыр жүйесі денені қыздырыну, салқындану пульсты арттыратын жаттығу бір орында жүгіру, секіру, бір орында тізелерді, өкшелерді көтеру, әр көтерілген аяқ астынан қол соғу, секіргенде бір жақтан екінші жаққа бұрылу жатқандағы позиция, денені көтеру позициясы фитнесс құрауыштары (күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік) Талқылау үшін сұрақтар Сау болу үшін осы жаста күнде қанша уақыт белсенді болу керек? Осындай ойнақы және екпінді дене жаттығулары көңіл-күйге және далпы саулыққа қалай әсер етеді? Екпінді, орташа және төмен деңгейлі жаттығулар арасындағы айырмашылық неде? Қыздырыну және салқындану үшін осы үш қарқындылық не үшін керек? Осы бұлшықеттердің қысылуынан сіздер қалай сезінесіз? Әр апта түрлі бұлшықет топтарын дамытатын түрлі дене жаттығуларын жасау неліктен маңызды болады? |
Алдыңғы білімдер | Ойын барысында командасы ең жылдам немесе ең шығармашыл шешім жасайтындығына көз жеткізу үшін бірге жұмыс істеу |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Құралдар |
0-5 минут 10-15 | Ұйымдастыру кезені, сабақтың мақсатын түсіндіру, орындау. Жалпы дайындық жаттығуларын орындау. Өткен сабақты пысықтау. Оқушыларды ара қашықтық сақтатып алаң ішіне тұрғызу, Мысалы (алдынғы қатарда тұрған оқушылар жүгірсе одан кейінгілер басқа жаттығуды жасап тұрады, алдынғы қатардағы оқушылар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып келіп сонғы қатарға тұрады одан кейін екінші қатардағы оқушылар жүгіреді немесе секіреді қалғандары басқа жаттығу жасап тұрады одан кейін үшінші, төртінші, осылайша жаттығулар қайталана береді. | Барлық жаттығулар үшін үлкен, таза алаң. Соқпалы аспаптар, музыка және медиа ойнатқыш. |
Ортасы
50-55 | № 1 Тапсырма. (Б, К) Қыздырыну мен салқындану маңыздылығын қарастыру. Пуль арттыру жаттығуларын талқылап, ойлармен бөлісу. Демалғандағы жүрек соғу жиілігін өлшеп, оны жазып алу. Жылдам музыка ойнағанда (5 минут бойы үздкісіз) осы кейбір қыздырыну жаттығуларын жасап көреді. Кейін жұмыс істегендегі жүрек соғу жиілігін өлшеу. 2 минуттан кейін қалпына келгендегі жүрек соғу жиілігін өлшеу. № 2 Тапсырма. (Т,Ф) «Жылан қуалаушы» ойынын ойнау. Топ-топпен белгіленген алаңда ойнайды. Бір оқушыда алаң ішінде жүгіргенде жерде өз артынан тартатын секіру жібі («жылан») болады. Басқа оқушылар жердегі жіптің ұшын қолмен ұстауға тырысады – олар бұны істей алса, олар жылан болады. Ойын білдіру жаттығуы: осы топтық ойыннан кейін өзіңізді қаншалықты шаршаған болып сезінесіз? Жүректің соғу жиілгі мен тыныс алуына не болды? Өз жүректің соғу жиілігін және тыныс алу жиілігін қалай бақылауға болады? Осындай ойын неліктен денсаулық пен өкпенің денсаулығына пайдалы болады? (жүрек-тамыр жүйесі) | Барлық жаттығулар үшін үлкен, таза алаң. Соқпалы аспаптар, музыка және медиа ойнатқыш. Доп, ысқырық, жіп шеңбер немесе төсеніш. |
Соңы 8-10 71-80 мин | Жабдықты топпен ақырын орнына қою және басқа топтар бұны аяқтамағанша, орын тауып, тұру. Оқушылар қолды жоғары созып алға қарай жылжый жұреді. Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуларын орындау үйге тапсырма беру қорытындылау. | Үлкен, таза алаң. |
Қосымша ақпарат |
Түрленім – көбірек көмек беруді қалай жоспарлайсыз? Көбірек қабілетті оқушылар үшін жаттықтыруды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру АКТ байланыстары Мәндік байланыстары |
Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық. Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз. Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету. Ең жақсы өрнектерді таңдап, сөз қорын тереңдету үшін барлық оқушылармен бөлісу. | Байқау, тыңдау, сұрақ қою. Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма? Оқушылар алаңда ара қашықтықты және динамикалық өзгерістерді біле ме? Топтық композиция мен талқылау сапасы. Қимыл жұппен орындау сапасы. Сұрақ, жауап топтық түсінік сапасы. | Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жалпы физикалық қалыпты жақсарту, жүрек қызметімен қан айналымды жақсарту. Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзгелермен жұмыс істеу, өзгелердің жұмысын құрметтеу. Тапсырманы бірлесіп орындау. |
Сын-пікір Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма? Оқушылар бүгін не үйренді? Оқу ортасы қандай болды? Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма? Уақыт жоспарын орындадым ба? Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім? | |
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе өте жақсы болды (оқыту мен үйренуді де қарастырыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсені келесі сабақта жақсарту керек (оқыту мен үйренуді де қарастырыңыз)? 1: 2: |