|    Оқушылар: өздерінің жеңіл атлетикадағы ерекше қимылдарын сипаттай, талқылай әрі көрсете алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону; көтерілу, жерге қону; фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік; қадамдар, аттау; лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру; қауіпсіздік, қауіп-қатер; сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету;   Талқылауға арналған сұрақтар:     - секіру біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?     - лақтыру бойынша біздің жарыстарымызда қандай қауіпсіздік ережелері болуы тиіс?     - оқушылар лақтырулар орындайтын жаттығуларда қауіп-қатерді азайту үшін не істейсіңдер (қауіп-қатерді басқару)?     - ұзындыққа секіру үшін көтерілу кезінде неліктен барлығын бірізді орындау маңызды екендігін айта аласыңдар ма?     - сендер өз дене дағдыларыңды пысықтаған және оларды жақсартуға тырысқан кезде жақсы жаттықтырушының/мұғалімнің болуы неліктен маңызды екендігін айта аласыңдар ма?    - лақтырумен байланысты жаттығуларда қатаң қауіпсіздік   |