Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Диханбайева Маржан Аскарбековна
9 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Саптық дайындық кезіндегі бұйрықтар
түрлерімен таныстыру. Саптық және жорықтық
адыммен қозғалыс жасауға үйрету.
толықтыру. Топтық жұмыс жасауды дамыту.
жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Өтетін орны: Мектеп алаңы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
3.Сәлемдесу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ.
Орында тұрғандағы бұрылыстар: «Оң-ға!», «Сол-ға!», «Артқа бұ-рыл!» пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу – сол қол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыста екі тәсілде орындалады:
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 70-80 см.
Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 168-180 адым адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның шамасы 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайта келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарды қолданылады.
Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!») пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым – бас!» пәрмені бойынша басталады.
Алдын-ала пәрмені бойынша денені біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салу керек; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейіндей болу керек; артқа – иық буынның шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарай қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғалу керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Орында тұрып адым жасауды көрсету: «Орында адым – бас!» (қозғалыста: «Орында!») пәрмені бойынша жүргізіледі.
ІV. Сабақты бекіту.
Практика жүзінде орындау.
Сабақты қорыту.
көтерілуі керек?
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт