Құрал жабдықтар: Баскетбол, волейбол доптары, гимнастикалық
отырғыштар, жалаулар.
Мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындары туралы мәлімет беру, Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар туралы баяндау, патриоттық сезімін арттыру, екпін, күш, жылдамдық қасиеттерін дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Қозғалыс ойындар»
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына арналған ашық сабақ
жоспары 6а сыныбы
Тақырыбы: Қозғалыс ойындар.
Өтетін орны: Спорт зал
Құрал жабдықтар: Баскетбол, волейбол доптары, гимнастикалық
отырғыштар, жалаулар.
Мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындары туралы мәлімет беру, Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар туралы баяндау, патриоттық сезімін арттыру, екпін, күш, жылдамдық қасиеттерін дамыту.
Мұғалімдер: Е.Ж.Абатов, О.З.Имашев
Кіріспе бөлім: Сапқа тұру, рапорт, сапты жаттықтыру орнында сап түзе, тік тұр, оңға, солға, артқа айнал, секіріп артқа айнал.
Оқушыларға: (10 минут) Оқушылар! Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарының басталуына тура 10 күн қалды. Төрткіл дүние көз тігетін басты додаға Қазақстан құрамасы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Отандастарымыз спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиада 9-25 ақпан аралығында өтеді. Биылғы Ақ Олимпиадаға Қазақстанның атынан барлығы 57 спортшы қатыспақ. 9 бен 25 ақпан аралығында өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 84 елінен бес мыңнан астам спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп күтілуде. Төрткүл дүние асыға күткен доданың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
Дайындық бөлімі: Бір орында негізгі дене жаттығулары.
1.Б.қ.. аяқ иық шамасында, қол белде басты 1 алға 2, артқа, 3 оңға, 4 солға.
2. Б.қ. аяқ иықтың шамасында қол иықта
3. Б.қ. саусақтарымызды бір-біріне қосып 1-4 алға айналдырамыз, 1-4 артқа айналдыру.
4. Б.қ. Қолымызды алға жартылай бүгіп ұстап, 1-4 шынтақты алға айналдырамыз 1-4 артқа айналдырамыз.
5. Б.қ. қолымызды иыққа қойып 1-4 рет алға айналдырамыз 1-4 рет артқа айналдырамыз.
6.Б.қ. Сол қолымызды жоғары ұстап, оң қолымызды төмен ұстап 1-2 артқа сермеу 3-4 қолымызды ауыстырып артқа сермеу.
7. Б.Қ. Қолымызды белімізде 1 дегенде сол аяққа иілеміз 2-Б.қ. келу 3 дегенде оң аяққа иілеміз 4 Б.қ. келу (7 минут)
Негізгі бөлім: Оқушылар екі топта, лекте.
Доппен эстафета.
Допты берде-отыр.
Допты қоржынға лақтыру
Допты аяқтың арасынан беру
Допты бастан асырып артқа беру.
Гимнастикалық скакалкадан өту
Арқан тартыс.
Қапшықпен жүру. (22 минут)
Қорытынды бөлім: Сапқа тұру, оқушыларды бағалап, үй тапсырмасын беру. (3 минут)