kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?оз?алмалы ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?оз?алмалы ойындар О?ыту мен т?рбиелеуді? міндеттері : 1. О?ушыларды? ойын кезінде ?зін – ?зі ба?ылау ар?ылы белсенділікке, сенімділікке, ?айсарлы??а, батылды??а, ?йымшылды??а ?йрету. 2. О?ушыларды? т?зімділік, жылдамды?, ептілік де?гейін дамыта отырып, денені? жалпы даму сапасын арттыру. 3. О?ушыларды ?арсыласын сыйлау?а, ойын кезіндегі ?ділдікке, жолдасты? сезімге, ойынды жетілдіруге т?рбиелеу. ?тілетін орыны: спортзал, спортты? ала? ??рал жабды?тар: ны?ыздал?ан доп, секіртпе, гимнастикалы? т?сеніш, гимнастикалы? орынды?, ше?бер (обручь), лента, жіп, ыс?ыры?. Саба? т?рі: Ойын саба?ы (жарыс т?рінде) Саба? жоспары: 1. Дайынды? б?лімі 5-10 2. Негізгі б?лім 25-30 3. ?орытынды б?лім 5-10 Саба? барысы: Кіріспе б?лім. Класты ?абылдап алу,амандасу, кезекші м?ліметімен танысу. Саба?ты? та?ырыбын айтып, ма?сатымен таныстыру. І. Дайынды? б?лімі: Сапта?ы жатты?улар: «Сап?а т?р!», «?атар т?зе!», «Тік т?р!», «Еркін т?р!», «О?-?а», «Сол-?а», « кері айнал», « Сол-?а», «Ж?ріп бас» о?ушыларды? а?засын біртіндеп ?ыздыра отырып, саба?ты? негізгі б?ліміне дайындау. А?заны? ж?мыс істеу ?абілетін арттыру. Ж?ру, ж?гіру, жай ж?ріс, демалу жатты?улары. Жылдамды?ты дамыту жатты?улары: 1. С?йеніп т?рып бір орында ж?гіру (3-4 рет.) 2. ?ріптесіні? ?арсылы?на ?арамай ал?а жылжу (2-3 рет) 3. Бір орында т?рып ж?гіруді? жиелілігін бірте-бірте арттыра отырып кенеттен ал?а екпіндей ж?гіру (3-4 рет) 4. 1,5-2 метр жерге дейін жарыса ж?гіру (2-4 рет ?айталау) ІІ. Негізгі б?лім:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?оз?алмалы ойындар »

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындар

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері :

  1. Оқушылардың ойын кезінде өзін – өзі бақылау арқылы белсенділікке , сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа , ұйымшылдыққа үйрету.

  2. Оқушылардың төзімділік , жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасын арттыру.

  3. Оқушыларды қарсыласын сыйлауға, ойын кезіндегі әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Өтілетін орыны: спортзал, спорттық алаң

Құрал жабдықтар: ныңыздалған доп, секіртпе, гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық орындық, шеңбер (обручь) , лента, жіп, ысқырық.

Сабақ түрі: Ойын сабағы (жарыс түрінде)

Сабақ жоспары: 1. Дайындық бөлімі 5-10

2. Негізгі бөлім 25-30

3. Қорытынды бөлім 5-10

Сабақ барысы:

Кіріспе бөлім. Класты қабылдап алу,амандасу, кезекші мәліметімен танысу. Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстыру.

І. Дайындық бөлімі: Саптағы жаттығулар: «Сапқа тұр!», «Қатар түзе!» , «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Оң-ға» , «Сол-ға», « кері айнал», « Сол-ға», «Жүріп бас» оқушылардың ағзасын біртіндеп қыздыра отырып, сабақтың негізгі бөліміне дайындау. Ағзаның жұмыс істеу қабілетін арттыру. Жүру, жүгіру, жай жүріс, демалу жаттығулары.

Жылдамдықты дамыту жаттығулары:

  1. Сүйеніп тұрып бір орында жүгіру (3-4 рет.)

  2. Әріптесінің қарсылығна қарамай алға жылжу (2-3 рет)

  3. Бір орында тұрып жүгірудің жиелілігін бірте-бірте арттыра отырып кенеттен алға екпіндей жүгіру (3-4 рет)

  4. 1,5-2 метр жерге дейін жарыса жүгіру (2-4 рет қайталау)

ІІ. Негізгі бөлім:

Эстафета түрінде (ретінде) өтілетін қозғалмалы ойындар.

Эстафета - бұл жарыс шынайы және әділ түрде жеңімпаз команданы анықтау. Ойындарды ойнату үшін команданы іріктейміз. Ол үшін сыныпты 1-2 ге санатамыз.Команданы іріктеу барысында мүмкіндігінше екі жақтың теңдей болуын қадағалау тең емес жағдайда саны аз команданың бастаушысы ойынның аяғында тағыда қайталайды. Әр эстафеталық ойыннан соң талдау жасай отырып, жеңіспен жеңілістің себебін түсіндіру. Оқушылардың ойынға деген ынта- ықыласын арттыру. Дәл қимыл жылдамдыққа шақыра отырып, эстафетаның тәрбиелік мәніне жету.

Жүгіру түрінде өтетін эстафеталар.

  1. «Лентаны үзіп ал» сөре сызығының алдында оқушылар екі команда болып бірқатар сапқа тұрады. Алаңның қарама-қарсы жағында әр команданың алдында тартылған жіпке байланып, ойыншылардың санына қарап ленталар ілінген. Бастаушының белгісі бойынша бірінші ойыншы жіпке қарай жүгіреді де, лентаны үзіп алып қайтадан артқа қарай жүгіреді де, екінші ойыншының ыйығынан қағып ойынға қосады.Лентаны үзіп біткенше ойын осылайша жалғаса береді. Қай команда эстафетаны бұрын аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

  2. «Гимнастикалық шеңбер арқылы өткелден өту эстафетасы» сөре сызығының алдында командалар бір қатар лекпен тұрады. Бастаушының қолында гимнаст шеңбері. Белгі бойынша алдыңғы екі оқушы гимнастикалық шеңберді белдеріне киіп, тез екінші жағаға қарай жүреді. Ара қашықтық 10-15 метр. Бірінші ойыншы жағада қалады да екінші ойыншы шеңберді шешпеген бойда тез артқа қайтады да, үшінші ойыншымен осы тапсырманы орындап оң жағада қалады. Енді өткелден өтуді үшінші ойыншы жалғастырады. Ойын осылай жалғаса береді. Өткелден бірінші болып өткен команда жеңімпаз болып саналады.

  3. Секіру арқылы орындалатын эстафеталар. «Шегірткелер» сызығының алдына командалар бір қатар сапқа тұрады.Белгі бойынша бірінші ойыншылар 10-15 метр арақашықтықта секіріп барып,секіріп қайтады. Бірінші ойыншы сөре сызығына секіріп жетіп, екінші ойыншының қолына қолын тигізеді. Енді ойынды екінші ойыншы жалғастырады. Секіру түрі ойынды бастағанда оң аяқпен секіріп, қайтқанда сол аяқпен секіреді.

  4. «Кенгуру» командалар сөре сызығының алдында бір лекпен тұрады. Бастаушының екі тізесінің арасына волейбол добы қосылған.Белгі бойынша бірінші номер екі аяқтап секіріп белгіленген затты айналып өтіп, секіріп артқа қайтады да екінші ойыншыға береді. Екінші ойыншы осылай қайталайды. Допты түсіріп алған жағдайда, ойынды алғашқы тұрған орыннан бастайды. Ал командаға айып қпай қосылады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді. Барып келу арақашықтығы 8-10 метр. Ойын тағы екі вариантпен ойналады.


Жүкті тасымалдау эстафетасы

  1. «Нығыздалған допты тасымалдау эстафетасы» командалар бірқатар лекпен тұрғызылған. Бастаушының алдында гимнастикалық шеңбер жатады. Қарсы жағындада шеңбер жатады, орталарында үш-үштен нығыздалған доп. Белгі бойынша біріншілер алға жүгіреді, шеңбердегі допты алып, кері қайтып гимнастикалық шеңбердің ішіне қояды.Екінші номердегі доптарды алып қайтадан, екінші жаққа апарып қояды. Сонан соң жүгіріп кері қайтады. Ойын осылайша жалғаса береді. Доптады ең бірінші тапсырған команда ұтады. Ойынның тағыда екі варианты бар. Оқушылардың қалауы бойынша ойнауға болады.

  2. Үлкен эстафета. Сөре сызығының алдында командалар бір қатар лекпен сапқа тұрғызылған.Белгі бойынша бірінші ойыншы арақашықтықты жүгіріп өтеді,мына тапсырмаларды орындайды.

1«Слалом» үш-төрт тұрған затты ирелеңдей жүгіріп айналып өтеді.

2.Кедергіден секіреді.

3.Гимнастикалық орындықтан қолмен тартыла отырып ішпен сырғанап өтеді.

4.Гимнастикалық төсеніштен алға тоңқалаң асу.

5.Кедергінің астынан өту.

Қайтадан мәреге қарай жүгіріп келіп екінші ойыншыны жібереді.

Ойын осылайша оқушылар түгел жүгеріп біткенше жалғаса береді.

Эстафетаны бірінші біткен және аз қате жіберген команда ұтады.

Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызып,ағзасын және тыныс алу жүкелтіретін жаттығулар жиындығын жасату.Сабақты қортындылау,ойын барысында ойнлған эстафета түрлерінен әр командаға ұпай бере отырып,жеңімпаз команданы анықтау.Жеңіпаз команданы анықтау барысында өте әділ шешіп дәл бағалай білу.Жеке оқушыларға ойын барысында көрсеткен іс-қимыл әрекетіне қарап,жеке тапсырмалар беру.Жалпы оқушыларға үзбей дене қимыл жаттығуларын жасауға,таза ауада қозғалмалы ойындар ойнай отырып,денсаулығы мен күш қуатын аттыруға тапсырма беру.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?оз?алмалы ойындар

Автор: Тулеушов Берик Ма?сотович

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187892


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства