Допты сауса?пен, білекпен ?абылдау ?дістерін ойнату. Бірінші топ?а допты ?р?ыза отырып, екінші топ?а со?ыл?ан допты ?абылдау ?дістерін жасату. О?ушылар?а еденде сыр?анай ж?ріп допты ?абылдау ?дісін ?йрету. Екі допты екі жерге тастай отырып, о?ушылар?а бірінші допты ?оз?алыста ж?ріп білекпен ?абылдап, екінші допты сыр?анау ?дісі бойынша ?абылдау жатты?уларын жасату.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шеберлігін шыңдау, волейбол ойынына деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Волейбол алаңы, доптар.
Өткізілетін орны: Спорт залы.
Әдісі: Волейбол ойыны.
Сабақтың өтілу барысы:
Жалпы денешынықтыру жаттығулары.
Оқушыларды сапқа тұрғызып кезекші мәліметін қабылдау, Сабақ мазмұнымен таныстыру. 3мин.
Залды айнала жүру жаттығуларын жасату (аяқтың ұшымен жүру, өкшемен жүру жаттығулары, аяқтың сыртқы қырымен жүру, жартылай отырып жүру, спорттық жүріспен жүру.). Дене қыздырыну жаттығуларын жасату. 10 мин.
ІІ. Негізгі бөлім: 27 мин.
1. Арнайы денешынықтыру жаттығулары. 12 мин.
Оқушыларды екі топқа бөліп, волейбол ойынының арнайы денешынықтыру жаттығуларын ( дорты екі қолмен бастан жоғары лақтыру, допты оң және сол қолдармен бастан жоғары лақтыру, әуеде тұрып допты еденге ұрып беру жаттығулары т.с.с. ) жасату.
2. Қорғаныста ойнау әдістерін үйрету. 15 мин.
Допты саусақпен, білекпен қабылдау әдістерін ойнату. Бірінші топқа допты ұрғыза отырып, екінші топқа соғылған допты қабылдау әдістерін жасату. Оқушыларға еденде сырғанай жүріп допты қабылдау әдісін үйрету. Екі допты екі жерге тастай отырып, оқушыларға бірінші допты қозғалыста жүріп білекпен қабылдап, екінші допты сырғанау әдісі бойынша қабылдау жаттығуларын жасату.
ІІІ. Қорытынды бөлім. 5 мин.
Бекіту:
Оқушыларды сапқа тұрғызып өткен сабақты талдау жасау.
Бағалау:
Оқушыларды орындаған тапсырмасына қарай бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Сабақ үстіндегі әдіс-тәсілдерді қайталау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Оқушыларға сабақ үстінде рұқсатсыз спорт жарақтарына тиісуге болмайтындығын, қорғаныста ойнаған кезде допты кішкене отырып, білекпен қабылдау керектігін, допты құлай қабылдаған кезде еденде сырғанай отырып алақанның сыртын допқа тура қоя білу керектігін түсіндіру.