?имыл – ?оз?алыс ойындарыны? дене т?рбиесі ??ралы ж?не ?дісі ретінде сипаты
?имыл – ?оз?алыс ойындарыны? дене т?рбиесі ??ралы ж?не ?дісі ретінде сипаты
Балаларды? дене т?рбиесі процесінде ?имыл – ?оз?алыс ойындарына жетекші роль беріледі. Дене т?рбиесіні? негізгі ??ралдары мен ?дістеріні? бірі ретінде к?п ?оз?алысты ойындар сауы?тыру ж?не т?рбие-білім беру міндеттерін тиімді шешуге м?мкіндік береді. Ол бала денесіні? дамуына ж?не сауы?уына жан-жа?ты ы?пал етеді. Ойын кезінде балаларды? шира? ?имылы б?кіл а?зада жігерлілік жа?дай ту?ызады, алмасу процестерін к?шейтеді.
?имыл – ?оз?алыс ойындарын ?ткізу кезінде ?ол жеткізген сауы?тыру тиімділігі балаларды? ойнау ?рекеті кезінде пайда бол?ан ж?не баланы? мінез-??л?ына ізгілікті ?сер ететін жа?ымды эмоциямен ты?ыз байланысты.
Эмоциялы? ?рлеу балаларды? жалпы?а орта? ма?сат?а жетуге ?мтылысын ту?ызады ж?не тапсырманы ай?ын т?сінуінен ?имылдарды? жа?сы ?йлесімінен, ке?істікте ж?не ойын жа?дайында не??рлым д?л ба?дар белгіленуінен, тапсырманы жедел ?ар?ынмен орындауынан к?рінеді. Ма?сат?а жетуге ?мтылу к?тері?кі к??іл к?й балаларды? осындай ?уестенуі кезінде ?рт?рлі кедергілерді же?уге к?мектесетін ынта - жігерді? ролі артады.
?имыл – ?оз?алыс ойындары балаларды? игеріп ?лгерген ?имыл да?дылырын жетілдіру ж?не дене ?абілетін ?алыптастыру ?дісі ретінде ?ызмет етеді.
Ойын процесінде бала ?зіні? назарын ?имылды орындау ?дісіне емес ма?сат?а жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік к?рсетіп ж?не сол ар?ылы ?имылды жетілдіріп, ма?саттылы?пен ?рекет етеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?имыл – ?оз?алыс ойындарыны? дене т?рбиесі ??ралы ж?не ?дісі ретінде сипаты»
Қимыл – қозғалыс ойындарының дене тәрбиесі құралы және әдісі ретінде сипаты.
Балалардың дене тәрбиесі процесінде қимыл – қозғалыс ойындарына жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие-білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан-жақты ықпал етеді. Ойын кезінде балалардың ширақ қимылы бүкіл ағзада жігерлілік жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді.
Қимыл – қозғалыс ойындарын өткізу кезінде қол жеткізген сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті кезінде пайда болған және баланың мінез-құлқына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты.
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдардың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу көтеріңкі көңіл күй балалардың осындай әуестенуі кезінде әртүрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін ынта - жігердің ролі артады.
Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдылырын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді.
Ойын процесінде бала өзінің назарын қимылды орындау әдісіне емес мақсатқа жетуге аударады. Ол ойын шартына бейімделіп, ептілік көрсетіп және сол арқылы қимылды жетілдіріп, мақсаттылықпен әрекет етеді.
Қозғағыш іс – әрекет ретінде қимыл – қозғалыс ойындары белгілі бір ерекшелікке ие : ол баладан берілген белгіні қабылдауды және күтпеген жерден ойын жағдайын өзгертуді талап етеді.
Ойын кезінде пайда болатын әр түрлі жағдайлар қимыл мен әрекеттің сипатын, қимыл бағытының тез өзгеруімен бұлшық ет ширығуының дәрежесін өзгерту қажеттілігін туғызады. Мысалы, «Ұстап алу» ойынында әрбір бала қарсыласының әрекетін назар аудара бақылауы керек. Ол жақындаған кезде бала қарама-қарсы жаққа тез қашып кетеді. Өзінің қауіпсіз жағдайда екенін сезген соң қимыл қарқынын бәсеңдетеді, тежейді, тоқтайды. Қарсыласы тағы жақындаған кезде ол қимылын тағы да тездетеді.
Әрбір қимыл – қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Мысалы, « Ынтымақты, бағыт пен қимыл сипатын өзгертуді білдіретін балалардың тез сезінуін, қабылдауын туғызады : бытырыңқы жеңіл жүгіріс бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді.
Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктеу және тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады.
Қимыл – қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді : ойынның қалыптасқан жағдайға байланысты ол қимылды тынығумен алмастыра алады. Бұл қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадаға жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдап, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.
Райымбек ауданы,
Сүмбе ауылы,
Абай атындағы орта мектеп
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Көркенбаев Бекмұханбет Өкен ұлы.
Шаңғы дайындығы.
Шаңғымен жүру – сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін топтарына жақсы әсер ететін жоғары үнемелі циклді қозғалыс.
Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның дұрыс қалыптасуына көмектеседі, жүрек – қан тамыр, тыныс алу және жүйке жүйесін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе – теңдік сақтау, күш, төзімділік) дамытуға көмектеседі.
Жаттықтырушы әрбір жаттығудың нақты міндетін тұжырымдай отырып, жаттығуды үйретудің бүкіл кезеңіне жоспар жасайды. Нақ үйрету алдында ол жаттығудың мазмұнын, мөлшерін және қарқынын, сондай – ақ жаттығуды өткізу әдістемесіне нұсқауды нақтылайды.
Балаларды шаңғымен жүруге үйретудің алдында әңгіме өткізу керек, әңгімелесу кезінде жаттығудың маңызы, олар үшін арнаулы киім мен аяқ киімнің қандай болуы керектігі туралы түсіндіру қажет.
Жаттықтырушы алғашқы сабақта балаларға шаңғы мен таяқтың бойға қалай таңдалатынын түсіндіреді : егер шаңғы тігінен қойылса, ол баланың жоғарғы көтерген қолының ұшына жетуі, ал таяқ – қолтыққа жетуі керек.
Одан кейін балаларды шаңғыны сақтау әдісімен таныстырады : серуеннен кейін шаңғылар қардан тазартылады, олардың арасына таяныш қойылып байланып, тігінен қойып жиналады.
Одан әрі балаларды шаңғыны әртүрлі әдістермен : иыққа салып, қолтыққа қысып және қолға ұстап алып жүруге, онан соң шаңғыны кию мен шешуге үйретеді. Әуелі жаттықтырушы бұлардың қалай орындалатынын көрсетіп түсіндіреді, содан кейін балалар өз беттерімен бірнеше рет қайталап жасайды.
Шаңғы тебуге үйрету белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Әуелі таяқсыз адымдап және сырғанап жүруге үйретеді. Одан кейін бұрылуға, тежеуге, сондай-ақ төбеге шығуға және одан төмнен қарай сырғанауға үйретеді. Одан әрі екі аяқты алма-кезек адымдауға және бір мезгілде адымдамай таяқтармен жылжыуға үйретіледі.
Шаңғымен адымдап жүру арқылы таяқсыз жылжу тепе – теңдікті сақтауды, қолдар мен аяқтардың қимылдарын үйлестіруді дамытуды және балаларды неғұлым күрделі шеберлікті игеруге дайындайды. Таяқтарды орынсыз пайдалану балаларды оларға «асылып жүруге» үйретеді.
Ең алдымен балаларды шаңғышының тік тұру қалпына үйрету, яғыни шаңғы тебудің бастапқы тұру қалпына үйрету керек. Одан кейін шаңғымен және шаңғысыз дайындық жаттығуын жүргізу керек, мысалы, адымдап жүруді орындауды қимылмен көрсету, сондай-ақ аяқты шаңғымен алма – кезек көтеру, қапталға қарай аяқ басу және т.б.
Адымдап жүрушаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі бос қарда және төбеге көтерілу кезінде қолданылады.
Үйрету кезінде балаларға, дене саклмағын бір аяқтан екінші аяққа кезек ауыстыру, біртіндеп адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек. Жаттықтырушы жаттығуды қалай орындау керек екенін көрсетеді және түсіндіреді, содан кейін тапсырма береді : белгіленген жерге дейін тиісті мөлшерде бірнеше адым жасап жету.
Сырғанай адымдау – шаңғымен жүрудің неғұрлым күрделі әдісі. Сырғанай адымдауды қалай орындау қажеттігін көрсете және түсіндіре отырып, аяқты тізеден бүгіу және дене салмағын ілгері қарай жылжыған аяққа салу керек екендігін атап айтады. Балаларға аяқтарын бүгуді үйрету үшін оларға тізені бүгіп отыру және шаңғының екі таяғынан жасалған « қақпашадан » өту ұсынылады, ал адымды неғұрлым кең аттау үшін қолдарын артына салып, тірек еткен аяққа қарай иіліп жылжуға тапсырма береді. Бұған қоса жолдың белгілі бір бөлігінде жасалатын адым санының аз болуы, адымды ұзарта түсіп, бір затқа дейін сырғанау, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үдете отырып, қарқынмен сырғанау ұсынылады.
Күшті серпілісті қалыптастыру үшін балаларды қозғалыс бағытына қарай біршама бұрыш жасап серпіліп, шағын еңістен шаңғымен жылжуға жаттықтыру керек, мұндай жағдайда шаңғы ішкі қабырғаны тірек етіп, серпіліс күшейеді.
Шапшаңдықты дамыту үшін 30 – 40 м аралықты мүмкіндігінше тез жүріп өтуге тапсырма беріледі.
Бала сырғанай адымдауды меңгерген соң оны екі аяқпен бірдей сырғанаумен, сондай-ақ адымдап жүрумен ауыстыра алады.
Алма – кезек адымдап жүру. Шаңғымен жүруде үйлесімі жөнінен күрделі жылжу. Бұл орайда кәдімгідей жүріс кезіндегідей қолдар мен аяқтардың қозғалысы кезектеседі : ал оң аяқпен - сол қол. Таяқты ілгері қарай апарғанда қол шынтақтан сәл ғана бүгіледі, ал серпілу аяқталған кезде ол толық жазылады.
Жылжудың жоғарыда көрсетілген әдістерін балалар игергеннен кейін адымдамай таяқпен жүруге болады. Бала жеңіл сырғанау үшін еңістен төмен қарай жылжыған шаңғымен жылжу өте қолайлы болады. Үйрету кезінде балалардың серпіліс кезінде кеудемен алға қарай ширақ ұмтылуын бақылау керек. Бұл үшін орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын жаттығу өткізу қажет. Мұндай жағдайда балалар қолдарын төмен түсіріп, артына қарай созады, табанды нық басып, дененің бар салмағын аяқтың ұшына түсіріп, ал өкше сәл көтеріңкі тұру керек.
Биікке көтерілу кезінде : «шырша үлгісімен», «жартылай шырша жасау үлгісімен», «сатылай көтерілу» әдістері қолданылады.
Балаларға өрлеудің қандай әдістері қолданылатынын және ол әдістер өрлеудің көлбеу тіктігіне және қозғалыс бағытына қарай таңдап алынатындығын түсіндіру керек.
Биіктен түскен кезде балалар «аяқты қырынан басу» әдісімен немесе өздерін әртүрлі қалыпта (орташа, биік, төменгі) ұстап сырғанай алады. Төмен қарай сырғанау әдісі төбешіктің тіктігіне қарай қолданылады : жайпақ төбешіктен тік, қиғаш, ал неғұрлым тік төбешіктен – тік сырғанап түседі.
Жылжып жүрудің, жотаға көтерілудің және одан төмен түсудің сондай-ақ жеудің барлық әдістерін игергеннен кейін балаларды тегіс емес жерлермен өтуді игере отырып, ойлы-қырлы жерлермен жүруге үйрету керек. Бұл кезде шаңғышының қозғалыс жылдамдығы мен табандылығы нақ сол жағдайдағы өз бойын ұстау қалпына неғұрлым тиімді қамтамасыз етіледі.
Райымбек ауданы,
Сүмбе ауылы,
Абай атындағы орта мектеп
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Бекмұханбет Көркенбаев Өкен ұлы.