Са?ат тіліне ?арсы ?р отау?а 1 ??мала?тан сала отырып, со??ы т?скен ??мала?ты? отауында?ы ??мала?тарды ж?п саны бол?ан кезде ??мала?тарды жинап, ?з ?азанды?ына салу. Мысалы: 2, 4, 6, 8,10 12, 14, 16,18, 20.. Егерде отауда ??мала?тар саны та? болса онда отауда?ы ??мала? алынбайды. Мысалы: 3, 6, 9, 13, 11,15, 17, 19, 21,..
Екі ойыншыда ?з отауында?ы сандарды ж?птау ар?ылы ??мала?тарын алдырмау.
?арсыласты? отауын т?зды? деп атау ар?ылы ?зіне отау етіп алу.
Екі ойыншы бір санды отаудан т?зды? алу?а болмайтынын ескерту.
Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?лтты? ойыны - то?ыз??мала?»
Алматы облысы
Панфилов ауданы
«Сұптай орта мектебі» КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Сағымбеков Арыстан Әбілұлы
Тоғызқұмалақ ойыны
Тоғызқұмалақ - қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Ежелде оны мал баққан қойшылар қойдың құмалағы арқылы жерді шұңқырлау әдісімен ойнай берген. Шығу тарихы белгісіз. Тоғызқұмалақты екі жақты ойыншы ойнайды. Тоғызқұмалақ жұп сан, тақ сан деп құмалақтарды есептеп, жинау арқылы ойналады. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақтың арнайы тақтасы арқылы ойнатылады.
Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ (3 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Тоғызқұмалақ ойынын меңгеру.
Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.
Ұлттық ойынға деген қызығушылығын ояту.
Өтетін орны:сынып бөлмесі
Спорттық жабдықтар: тоғызқұмалақ тақталары, тақта, бор.
Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
Оқушыларды сапқа тұрғызу, тексеру
Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыру
Қауіпсіздік ережесін ескерту.
Дайындық бөлімі: (7 минут)
Тоғызқұмалақ тақталарын тарату. «9» санын қайталау.
9 қандай сан? Тақ сандарды қайталау, жұп сандарды қайталау. 9 санының көбейту кестесін еске түсіру.
2. Отауларға 9 құмалақтан салу. Әр отауға 9 құмалақтан салу.
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Бір жақтағы ойыншының жалпы құмалақ саны – 81.
Екі ойыншының жалпы құмалақ саны – 162.
Негізгі бөлім: Ойынның жүрісі:
Сағат тіліне қарсы әр отауға 1 құмалақтан сала отырып, соңғы түскен құмалақтың отауындағы құмалақтарды жұп саны болған кезде құмалақтарды жинап, өз қазандығына салу. Мысалы: 2, 4 , 6 , 8 ,10 12, 14 , 16 ,18, 20 ......... Егерде отауда құмалақтар саны тақ болса онда отаудағы құмалақ алынбайды. Мысалы: 3, 6, 9, 13, 11,15, 17, 19, 21, .......
Екі ойыншыда өз отауындағы сандарды жұптау арқылы құмалақтарын алдырмау.
Қарсыластың отауын тұздық деп атау арқылы өзіне отау етіп алу.
Екі ойыншы бір санды отаудан тұздық алуға болмайтынын ескерту.
Тұздық үш құмалақ болған кезде алынады.
Оқушылардың өз еріктерімен ойнауына мүмкіндік беру.