kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?ша к?рес – д?ст?рлі ?лтты? спортты? ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?ша к?рес – д?ст?рлі ?лтты? спортты? ойыны

Алмаз Оспанов,

№ 2 ?зынк?л орта мектебіні? дене шыны?тыру м??алімі

?лемде болып жат?ан жа?анды? ?згерістер: жер бетіні? жа?анды? жылынуы, ірі-ірі экологиялы? апаттар, азы?-т?лік тапшылы?ы адамдарды? ?мірлеріне де т?бегейлі ?згерістер ?келіп жат?аны барша?а м?лім.  Оны? н?тижесі – адамзат арасында ?ан ?ысымыны? ?суі, ж?рек аурулары, ?ант диабеті, дене салма?ыны? б?зылуы, онкологиялы? ауруларды? к?рт ?суі. Ал компьютерлік технологияларды? дамуы, ?аламторды? таралуы – адамдарды? кішкентай кезінен компьютерді? ?асына б??ауланып, гиподинамия?а шалды?у?а ?серлетеді. Жалпы ал?анда балаларды? к?бі к?з ауруларымен, ж?йке ж?йесіні? тозуымен, денесі д?рыс ?алыптаспау м?селелерімен кезігіп жатады. Сонды?тан б?гінгі к?ні мектеп ?мірінде денсаулы? са?таушылы? технологияларды ?ол?а ала бастады, жастарды салауатты ?мір салтын ж?ргізуге да?дыландыру?а к?п назар аударылады. Соларды? ішінде к?нделікті ж?ргізілетін та??ы жатты?улар, спортты? секциялар, жарыстар, мерекелер.

Осы орайда ?аза? ?лтты? ойындар мен спорт т?рлеріні? ма?ызы ерекше. Соларды? бірі – ежелден бері белгілі ?аза?ша к?рес ойыны.

?аза?ша к?рес ?лемдегі е? тарихы тере? спорт т?рлеріні? бірі. ?аза?ты? ешбір ?лы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз ?тпеген. Сонау ы?ылым замандардан бері, ?аза? білекті азаматтарына ?ара к?шті? киесі дары?ан жан деп ?ана ?арамай, ?лт ?уаттылы?ын, ел ??діретін танытар ?нер иесі деп ?адір т?т?ан. Б?л д?ст?рлі ?лтты? ойын?а ежелден бері еркіндікті азаматтарды? б?рі дерлік жастайынан ?атысты. Ойынны? ?асиеті – ол ер адамны? дене пішініні? д?рыс ?алыптасуына, денсаулы?ыны? мы?ты болуына, психологиялы? мінез-??л?ы д?рыс болуына ?з ?серін тигізді.

К?ресті? ?лтты? т?рі - «?аза?ша к?ресті?» даму тарихы ?аза? хал?ыны? тамыры тере?нен тартылатын тарихымен т?тасып жатыр. Т?рлі бас ?осулар мен мереке тойлары ?аза?ша к?рес жарыстарысыз?ткен емес. К?ші басым т?сіп, же?іске жеткен балуандар халы?ты? т?бесіне т?тар ??рметті адамына айнал?ан. ?аза?ты? ?лы батыры ?ажым??ан М??айтпасов есімі ?аза? хал?ыны? тарихына ?ана еніп ?ой?ан жо?, сонымен бірге спортшыларды? ?лемдік элитасыны? ?атарына кірді.

«?аза?ша к?ресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылы?ы айма?тары арасында?ы спартакиада аясында ?ткен екен. Сол с?ттен бастап жарыс д?ст?рлі т?рде республика ?алаларында т?ра?ты ?ткізіліп келеді. Ірі Халы?аралы? турнирлер 1952 ж?не 1975 жылдары Азия айма?ы спортшыларыны? ?атысуымен ?ткізілді. ?лтты? к?ресті? дамуы ?аза?стан егемендік ал?аннан кейін жа?а серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалы? чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын ?ткізілетін болды.

2004 жылы ?аза?тарды? Берлиндегі Б?кіл?лемдік ??рылтайында конференция болып, сонда «?аза?ша к?рес» бойынша халы?аралы? федерация ?йымдастырылды. Федерацияны? президенті – Т?кеев Серік Адам?лы та?айындалды. 2005 жылы Ресейде (Алтай ?лкесі) «?аза?ша к?рес» бойынша І Азия Чемпионаты ?тті. 2005 жылы ?арашада Астанада ?Р Президентіні? ж?лдесіне «?аза?ша к?рес» бойынша ірі халы?аралы? турнир ?ткізілді. О?ан ?лемні? 25 елінен 100-ден аса спортшы ?атысты. Оларды? ?атарында Германия, Т?ркия, Голландия, Франция ж?не бас?а спортшылары болды. 2006 жылы Алматы ?аласында «?аза?ша к?рестен» 1-ші ?лем біріншілігі ?ткізілді, о?ан 36 мемлекетті? палуандары ?атысты. Б?л жарыста ?аза?станны? 4 балуаны ?лем чемпионы атанды, атап айтса,  Бауыржан Т?ліп, М?ди ??рымбаев,Ба?тыбай ?исы?ов, Бейбіт Ыстыбаев. 2011 жылы 20-шы тамызда «?аза? барысы» ж?лдесі ?ткізілді, о?ан ?р облыстан 4 палуаннан, жалпы 64 балуан ?атысып бас ж?лдені сарап?а салды.  М?ндай жарыстар жылда ?ткізіліп т?рады.

Мен ж?мыс істейтін № 2 ?зынк?л орта мектебінде «?аза?ша к?рес» бойынша спортты? ?йірме т?ртінші жыл ?йымдастырылып келеді. О?ан к?бінесе 8-9 сынып о?ушылары ?атысады. Осы т?рдылды? т?жірибеме с?йеніп, о?ушыларды? денсаулы?тарын са?тау ж?не салауатты ?мір салтына да?дыландыру ?шін осындай секцияны? ж?мыс жоспарына енгізілгені абзал деп есептеймін.

Біріншіден, ?аза?ша к?рес ойыны жеткіншекті? дене пішіні? д?рыс ?алыптасуына ?сері мол. Себебі, е? ?арапайым ?имылды орында?анны? ?зінде де адам денесіні? бір?атар органдары ?зара ?имыл?а келіп, оны орталы? ж?йке ж?йесі реттеп т?ратынды?ы белгілі. Жас палуанны? жеке б?лшы?еті салма?ыны? ?суіне, ?оз?алмалы болуына,  к?ресте оны ?ысу немесе тарту   к?ші   тарту   ?за?ты?ы,   шапша?ды?ы   арта т?седі. Осы к?штер ?сер еткенде палуан денесі ?рт?рлі жа?дай?а т?сіп, оны? жасына сай ?алыпты дамуына ы?пал етеді.

         Екіншіден, спортшыны? ке?істікте ба?дарлануы, тепе-те?дікті са?тау м?мкіншілігі арта т?седі. Себебі к?рес барысында к?рескер айналада?ы ортаны, тіреу ала?ын ??зырында ?стауы ?ажет, егер ол ке?істікте ба?дарлана алмаса, же?іліске ?шырайды.

         ?шіншіден, ?аза?ша к?рес те ай?асудан басталады. Сонды?тан к?ресушілер ?оз?ал?ан кезде тепе-те?дікті са?тау за?дылы?тарын ескерулері ж?не жалпы ауырлы? центрін ?ада?алаулары?ажет. К?рес ?стіндегі шабуылда?анда к?ресушіні? бірі екіншісін тепе-те?діктен шы?ару?а, ал екіншісі жы?ылып ?алмау ?шін тепе-те?дігін са?тап, сондай жа?дайда ?арсыласын т?сіруге тырысады. Біра??арсыласын тепе-тендіктеншы?ар?андапалуанны??зі де тепе - те?діктіса?тайалмайды. ?йткеніондай?имылдардыбірорындат?рыпорындаум?мкінемес. С?йтіп, к?рескезіндеекіжа? та ?дайы тепе-те?дігіненайырылыпж?не оны са?тапт?рады.

К?рескен кезде палуандар к?бінесе тіреу ала?ын к?збен ба?ылайды. М?ндайжа?дайдатіреуала?ыекітабаны мен табандарыны?арасында?ыке?істікболыптабылады. Палуанны?жа?дайына?арайоны?ая?тарытірейтінала?ы?згеріпотырады. ?ринетіреуала?ыне??рлым?лкенболса, сол??рлымпалуанны?берікт?ратынды?ы да таби?ин?рсе. Жалпыауырлы?центрінет?сетінт?зусызы?тіреуала?ыны?шетінекелсенемесеоданшы?ыпкетсе, тепе-те?дікб?зылады. Сонды?танпалуан?имылда?анкездеауырлы?центріні?т?зусызы?ытіреуала?ыны?ортасынажа?ынболуыны?ма?ызызор.

Т?ртіншіден, ?аза?ша к?рес психологиялы? салма?тылы?ты талап етеді. Онсыз ол н?тижеге жете алмайды, б?л жеткіншекті? мінез-??л?ын, шыдамдылы?ы мен жауапкершілігін ?алыптастырады. Сонды?тан ?аза?ша к?рес ойыныны? т?рбиелік ма?ызы зор. ?сіресе баланы? патриотты? сезімдері арта т?седі.

Денесі сау, ой-?рісі д?рыс дамы?ан, ?негелі т?рбие ал?ан жеткіншекті? кейін елімізді? на?ыз азаматы болып ?алыптасуы с?зсіз. Сонды?тан, мектептерде то?ыз??мала?, алтын са?а, ?аза?ша к?рес сынды ?лтты? ойындар?а назар к?бірек аударыл?аны жа?сы болар еді, деймін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ша к?рес – д?ст?рлі ?лтты? спортты? ойыны»

Қазақша күрес – дәстүрлі ұлттық спорттық ойыны

Алмаз Оспанов,

№ 2 Ұзынкөл орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі

Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер: жер бетінің жаһандық жылынуы, ірі-ірі экологиялық апаттар, азық-түлік тапшылығы адамдардың өмірлеріне де түбегейлі өзгерістер әкеліп жатқаны баршаға мәлім. Оның нәтижесі – адамзат арасында қан қысымының өсуі, жүрек аурулары, қант диабеті, дене салмағының бұзылуы, онкологиялық аурулардың күрт өсуі. Ал компьютерлік технологиялардың дамуы, Ғаламтордың таралуы – адамдардың кішкентай кезінен компьютердің қасына бұғауланып, гиподинамияға шалдығуға әсерлетеді. Жалпы алғанда балалардың көбі көз ауруларымен, жүйке жүйесінің тозуымен, денесі дұрыс қалыптаспау мәселелерімен кезігіп жатады. Сондықтан бүгінгі күні мектеп өмірінде денсаулық сақтаушылық технологияларды қолға ала бастады, жастарды салауатты өмір салтын жүргізуге дағдыландыруға көп назар аударылады. Солардың ішінде күнделікті жүргізілетін таңғы жаттығулар, спорттық секциялар, жарыстар, мерекелер.

Осы орайда қазақ ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің маңызы ерекше. Солардың бірі – ежелден бері белгілі қазақша күрес ойыны.

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері, қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, ұлт қуаттылығын, ел құдіретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Бұл дәстүрлі ұлттық ойынға ежелден бері еркіндікті азаматтардың бәрі дерлік жастайынан қатысты. Ойынның қасиеті – ол ер адамның дене пішінінің дұрыс қалыптасуына, денсаулығының мықты болуына, психологиялық мінез-құлқы дұрыс болуына өз әсерін тигізді.

Күрестің ұлттық түрі - «қазақша күрестің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлары қазақша күрес жарыстарысыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан Мұңайтпасов есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

«Қазақша күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен екен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.

2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті – Төкеев Серік Адамұлы тағайындалды. 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» бойынша ірі халықаралық турнир өткізілді. Оған Әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқа спортшылары болды. 2006 жылы Алматы қаласында «қазақша күрестен» 1-ші Әлем біріншілігі өткізілді, оған 36 мемлекеттің палуандары қатысты. Бұл жарыста Қазақстанның 4 балуаны әлем чемпионы атанды, атап айтса, Бауыржан Тәліп, Мәди Құрымбаев, Бақтыбай Қисықов, Бейбіт Ыстыбаев. 2011 жылы 20-шы тамызда «Қазақ барысы» жүлдесі өткізілді, оған әр облыстан 4 палуаннан, жалпы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салды. Мұндай жарыстар жылда өткізіліп тұрады.

Мен жұмыс істейтін № 2 Ұзынкөл орта мектебінде «қазақша күрес» бойынша спорттық үйірме төртінші жыл ұйымдастырылып келеді. Оған көбінесе 8-9 сынып оқушылары қатысады. Осы төрдылдық тәжірибеме сүйеніп, оқушылардың денсаулықтарын сақтау және салауатты өмір салтына дағдыландыру үшін осындай секцияның жұмыс жоспарына енгізілгені абзал деп есептеймін.

Біріншіден, қазақша күрес ойыны жеткіншектің дене пішінің дұрыс қалыптасуына әсері мол. Себебі, ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық жүйке жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Жас палуанның жеке бұлшық еті салмағының өсуіне, қозғалмалы болуына, күресте оны қысу немесе тарту күші тарту ұзақтығы, шапшаңдығы арта түседі. Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әртүрлі жағдайға түсіп, оның жасына сай қалыпты дамуына ықпал етеді.

Екіншіден, спортшының кеңістікте бағдарлануы, тепе-теңдікті сақтау мүмкіншілігі арта түседі. Себебі күрес барысында күрескер айналадағы ортаны, тіреу алаңын құзырында ұстауы қажет, егер ол кеңістікте бағдарлана алмаса, жеңіліске ұшырайды.

Үшіншіден, қазақша күрес те айқасудан басталады. Сондықтан күресушілер қозғалған кезде тепе-теңдікті сақтау заңдылықтарын ескерулері және жалпы ауырлық центрін қадағалаулары қажет. Күрес үстіндегі шабуылдағанда күресушінің бірі екіншісін тепе-теңдіктен шығаруға, ал екіншісі жығылып қалмау үшін тепе-теңдігін сақтап, сондай жағдайда қарсыласын түсіруге тырысады. Бірақ қарсыласын тепе-тендіктен шығарғанда палуанның өзі де тепе - теңдікті сақтай алмайды. Өйткені ондай қимылдарды бір орында тұрып орындау мүмкін емес. Сөйтіп, күрес кезінде екі жақ та ұдайы тепе-теңдігінен айырылып және оны сақтап тұрады.

Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанның жағдайына қарай оның аяқтары тірейтін алаңы өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, солғұрлым палуанның берік түратындығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлық центріне түсетін түзу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.

Төртіншіден, қазақша күрес психологиялық салмақтылықты талап етеді. Онсыз ол нәтижеге жете алмайды, бұл жеткіншектің мінез-құлқын, шыдамдылығы мен жауапкершілігін қалыптастырады. Сондықтан қазақша күрес ойынының тәрбиелік маңызы зор. Әсіресе баланың патриоттық сезімдері арта түседі.

Денесі сау, ой-өрісі дұрыс дамыған, өнегелі тәрбие алған жеткіншектің кейін еліміздің нағыз азаматы болып қалыптасуы сөзсіз. Сондықтан, мектептерде тоғызқұмалақ, алтын сақа, қазақша күрес сынды ұлттық ойындарға назар көбірек аударылғаны жақсы болар еді, деймін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
?аза?ша к?рес – д?ст?рлі ?лтты? спортты? ойыны

Автор: Оспанов Алмаз Рамазан?лы

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255748


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства