Просмотр содержимого документа
«?арсылас ойыншыда ??мала?ты? бітуі»
Ашық сабақтың тақырыбы: Қарсылас ойыншыда құмалақтың бітуі.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету. Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға Тәрбиелілік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу. Керекті құрал - жабдықтар: 1. Тоғызқұмалақ тақталары, суреттер
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.
Пәнаралық байланыс: математика Уақыты: 45 минут.
Өтетін орны: №24 кабинеті. Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы. Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс Сабақтың жоспары: I. Дайындық бөлімі: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Қайталау сұрақтары. 3. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды? II. Негізгі бөлім: Жана сабақ “ Қарсылас ойыншыда құмалақтын бітуі ” Ол тоқырау немесе құмалақ бітті дегенді білдіреді“тоқрату дегеніміз ойын аяқталар кезде құмалақты есептей бастаймыз ышімізден санаймыз, Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның ойлау қабілеті, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Қазақша атаулары: №9 отау маңдай №8 отау көкмойын №7 отау қандықақпан №6 отау белбасар №5 отау бел №4 отау атсыратар №3 отау атөтпес №2 отау тектұрмас №1 отау арт Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды. Жүріс жасау ережесі Құмалақ ұту ережесі Тұздық алу ережесі Атсырау ережесі Бірінші ерекшелік – ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9 - шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы . Ойынды бастаушы 1 - ші отаудан жүріп, қостаушының 2 - ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік. Міне осы сәтте қостаушы 5 - ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының 6 - шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады. Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады. Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды. Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды. Мысалы, бастаушының1 – ші отауымен қостаушының 1 – ші отауы аттас, 2 - ші отауымен 2 - ші отауы аттас т. с. с. Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады.