Өткізген мерзімі: 6.05.17
Сабақтың тақырыбы: Футболдағы қозғалмалы ойындар
Сабақтың мақсаты: Бір орындағы, домалап, ұшып келе жатқан доптарды тебу және
тоқтату әдістерін үйренуді жетілдіру. Ептілік,жылдамдық, төзімділік қасиеттерін дамыту;Оқушылардың жігерлік, ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыру
Сыныбы: 6 « В»
Өтетін орны: Спорт алаңы
Керекті құралдар: ысқырық, секундомер, футбол доптары, футбол қақпасы
Сабақ бөлімі
Сабақтың мазмұны
Уақыт мөлшері
Ұйымдастырушылық әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі
Сапқа тұру.
Рапорт беру, амандасу.
Орнындағы бұрылыстар.
Жүру түрлері:
-аяқтың ұшымен жүру;
-өкшемен жүру;
- аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру;
- спорттық жүріс;
Жүгірудің түрлері:
- кәдімгі жүгіріс;
-тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- балтырды артқа сермеп жүгіру;
- аяқтан аяққа секіріп жүгіру;
- кібіртіктеп жүгіру;
Орнында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
Керілу жаттығулары;
Мойын бұлшық етіне арналған;
Қол, иық белдеуінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
Иілу жаттығулары;
Аяқ бұлшық етіне арналған жаттығулар;
10 минут
5
Құрал – жабдықтарының қауіпсіздік ережесін ескерту.
Сапқа тұру, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережесін айту.
Бір бағытқа жүгіру және сырғанау, сағат тіліне қарсы.
2 санаққа бұрылу.
Арақашықтық сақтау керек.
Қолды жоғары көтеру.
Қол белде.
Қолды алдыға және жанына созу.
Адым жиілігін жоғарлатамыз.
Арақашықтық сақтау.
Бірқалыпты баяу жылдамдықта.
Тізе 90 градусқа көтеріледі.
Өкшені жамбасқа тигізу қажет.
Ұзаққа және биік секіруге тырысу.
Денені толық бос ұстап жүгіру.
Үлкен амплитудада орындау.
Қолды жоғары көтеріп артқа керілу.
Басты оңға, солға айналдыру.
Қолды артқа сермеп денені оңға, солға бұру.
Тізені бүкпей терең иілу.
Отырып тұру жаттығулары.
Негізгі бөлім
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру,алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс –әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы- ол ойыншының аяғынан кері серпіліп кетпеуі. Домалап келе жатқан допты табанының ішкі жағымен тоқтатқанда, дененің салмағы тірейтін аяққа түседі. Тоқтатын аяқ шамалы ғана ілгері шығарылады да,, допқа тиген мезгілде тірейтін аяқ деңгейіне дейін кейін шегеріледі.Доптың инерциялық күші азайып, тоқтатылады. Ұшып келе жатқан допты аяқ жетпейтіндей жағдайда кеудемен тоқтатып, жерге түскен соң, әрі қарай аяқпен теуіп алып кете береді.
25
Тіреуші аяқ доптың тұсына қойылады. Тебуші аяқ сәл бүгіліп, арттан алға қарай жылдам сермеліп тебу әдісіне және бағытына байланысты доптың орта, оң жақ немесе сол жақ тұсына тиіп, сол қол жоғары алға көтеріледі. Тіреуші аяқтың да басы допты тебу әдісіне байланысты қойылады, допты аяқтың орта алқымымен теберде аяқтың басы тура нысанаға бағытталып қойылса, сыртқы алқымымен теберде сыртқа бағытталып қойылады. Ұшып келе жатқан допты теберде, доптың жерге мүмкіндігінше төмен түсетін нүктесін есепке алып, денені қақпа жаққа еңкейтіп аяқтың орта немесе сырты бөлігінің ортаңғы алқымымен тебу қажет.Допты тоқтатарда допты тоқтатушы аяқ немесе кеуде доп тиер алдында сәл артқа жылжып доптың кері серпілу күшін басу қажет. Қысқартылған ережемен шағын алаңда
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру,көңіл аударту жаттығуы, сабақты қорытындылау бағалау, үйге тапсырма беру, сыныппен қоштасу
5
Жаттығу жасау кезінде жіберілген негізгі кемшіліктерге тоқталу, жақсы орындаған оқушыларды атап өту.