Сабақ тақырыбы: Футбол ойынының элементтерін үйрену. | Бәйтерек орта мектебі |
Күні: 25.05.2018 жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Тулебаев Анарбек Мырзаұлы |
Сынып: 5 сынып | Қатынасқандар:20 | Қатынаспағандар: 0 |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.2.8.8.Түрлі қимыл –қозғалыстарға негізделген рөлдерді анықтай білу. 5.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің қолынан не келетінін білу және анықтау. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: |
| Жаңадан берілген білімді түсінеді. Футбол ойынының тебу тәсілдерін біледі. Ойын арқылы ептілікке, жылдамдыққа үйренеді және ойын ережесін түсінеді |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
Допты екі аяқпен кезек-кезек алып жүру әдіс-тәсілін жақсы орындайды. Допты сыртқы және ішкі жағымен теуіп дәл пас беруді үйренеді. |
Кейбір оқушылар орындай алады: |
Допты тебу күшін саралап,допты серігіне дәл тебу. Жұппен және топпен жумыс істеу кезінде кеңістікті,денемен допты бақылау машығын қолдану. |
Жетістік критерийлері | Аяқпен пас беру, кедергілер арасымен өту әдісін меңгеруі допты тебу шапшаң жүгірудің әдісін меңгеруі Допты қақпаға тебу әдісін меңгеруі |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: |
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
Футбол добы ,алаң, термин сөздердің мәнін түсіне алады. |
Диалог құруға/шығарма жазуға/ арналған пайдалы тіркестер: |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
Спорттың қай түрінде доп қолданылады? Жүгіруден кейін тыныс алуды қалай қалпына тез келтіруге болады? Көңіл күй нашарлығын қандай белгілерден білеміз? |
Не себепті ... деп ойлайсың? |
төзімділікті арттыруға арналған жаттығу маңызды ентігу болады команда мүшелерінің бірлігі керек |
Жоспарланған уақыт: | 40 минут |
Алдыңғы оқу: | Бір-біріне допты қос қолдап лақтырып беру |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 минут | Бой сергіту жаттығулары. Топ оқушыларын сапқа тұрқызып түгендеу,спорттық киiмдерiн тексеру. Оқушылармен командалық ойындар кезінде тәуекелдерді мейлінше азайту туралы әңгімелесу. Доппен жаттығулар кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға назар аудару. Тақырыппен таныстыру. 1.Сынып спорт секторы рапорт тапсырады. 2.Сап жаттығулары: “Он-ға”, “солға”, “Ай-нал” т.б. орныдайды. 3.Жүру жаттығулары. “Алға бас” /Қолымыз жоғары, аяқтың ұшымен жүру/ “Қолымыз желкеде, өкшемен жүру”, “Қол белде, жартылай отыру”, “Қол тiзеде, толықтай отыру” 4.Жүгiру жаттығулары. “Оң жақ қапталмен, сол жақ қапталмен”, “жартылай отыра жүру, толықтай отыра секiру”, “артқа қарап жүгiру”, “тез жүгiру” 5.Жай жүгiрiспен жүгiру, жүгiре отырып, жай жүгiрiске көшу. Жүре отырып тынысты қалыпқа қелтiру жаттығулары. 6.Ортадан 4 тiзбекке бөлiнiп келуі. Жалпы дамыту жатты-ы ЖДЖ | Жаттығулар көрсетілімі. немесе видео материалдар. Сергіту сәті, денені қыздыру. |
Сабақтың ортасы 25 минут | Баяу қарқынмен жүгіру-2,5минут. Тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуы. Оқушыларға әртүрлі жүру (аяқтың ішкі жағымен,аяқтың сыртқы жағымен,аяқтың ұшымен, өкшемен)және жүгіру түрлерін (оң қапталмен, сол қапталмен, артқа қарай) орындау. Тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуы. Доппен орындалатын жаттығулар: Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп, алаңның екі шетінде екі қатардан қарсы тұрып төмендегі жаттығуларды жасайды. Футбол добын кедергілер арасымен алып өтіп, аяқтың ішкі жағымен теуіп пас бару. Футбол добын тура қақпаға тебу. Аяқтын ішкі және сыртқы жағымен допты тебу кедергілер арқылы өту. Футбол добы арқылы жаттығуларды қарама-қарсы тебу Сынып оқушылары екі команда болып жоғарыдағы жаттығулар бойынша жарысады. | Футбол доптары, Кеглилер,секундомер, ысқырғыш, |
Сабақтың соңы 5 минут | Оқушыларға өз қаблеттерін бағалату. Ол үшін оларды шеңбер бойымен тұрғызамын да теннис добын бір-біріне лақтырып бергізіп, сөйлемдерді толықтыруды ұсынамын: Мен..........(нені) үйрендім? Мен.........(не) істей алдым? .................(не) менің қолымнан келеді? Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. | Теннис добы |
Қосымша ақпарат |
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қаблетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі). |
Қаблеттілігі төмен оқушыға жеке дамытушы жаттығу тағайындаймын. Орта деңгейдегі оқушыға дене мүшелерін қозғалыс динамикасына үйлестіру жаттығуларын жасатамын. Қаблетті оқушыға футбол добын кедергілер арасымен алып өту кезінде кегли аралығын жақындатамын, баскетбол добын бір қолмен жерге соғып алып жүреді. | Футбол добын кедергілер арасымен алып өтіп, аяқтың ішкі жағымен теуіп пас беру. Футбол добын тура қақпаға тебу. Аяқтын ішкі және сыртқы жағымен допты тебу кедергілер арқылы өту. Футбол добы арқылы жаттығуларды қарама-қарсы тебу . | Биология,қазақ тілі; Видеокөрсетілім «футболда допты алып жүру» Жеке тұлғаны құрметтеуді үйрету |
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1.Топпен жақсы жұмыс жасалды. 2. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Допты кедергілер арасымен тез алып жүрсе 2.Допты екі қолдап алдына дұрыс соғып шапшаң алып жүрсе Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1.Кейбір оқушылардың қимыл ептілігі төмен, оларға арнаулы дамытушы жаттығулар дайындау керек. 2.Көшбасшы болатын оқушыны тәрбиелеу керек. |