3 | Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары - Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. - Екі қол белде өкшемен жүру. - Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Бір қалыпты жеңіл жүгіру. - Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. - Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. | Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау |
4 | Саптағы бой жазу жаттығулары - Саппен келіп бірнеше қатарға тұру. - Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру. - Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру. - Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру. - Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу. - Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу. - Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу. - Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру. - Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру - Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру. - Дем алу, дем шығару. | Қатарға дұрыс тұруын ескерту. Қолды белге ұстауын ескерту. Дұрыс иілулерін ескерту. Қолдың Аяққа тиюін ескерту. Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту. Аяқтың қолға тиюін ескерту. Тізені дұрыс айналдыруын ескерту. |
Н Е Г І З Г І К Е З Е Ң | Футбол ойынының әдістері Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың негізгі мәні.Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады. Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату) Допты тебу. Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату) Допты тоқтату әдісі Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату) Допты алып жүру әдісі Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату) Допты тартып алу әдісі Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату) Қақпашының ойыны. Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек. | 30 минут
| Допты дұрыс тебу,тоқтату тәсілдерін жетік меңгеру Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту. Допты тартып алып,алып жүру тәсілдерін жетік меңгеру |