Просмотр содержимого документа
«Допты тебу(ұру)әдістері.»
Алматы облысы Талғар ауданы
Тұздыбастау ауылы №13 орта мектептің
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қанзадаев Р
Сабақтың тақырыбы:Допты тебу(ұру)әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Допты тебу (ұру) әдістерін үйрету.Ұру және тебу тәсілдері көп болғанымен,оларды іріктеп жан-жақты қортынды жасап, негізгі бірнеше әдістерін үйрету.Допты тебу (ұру)дәлділігін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың шыдамдылық, ептілік, шапшаңдық қасиеттерін қалыптастыра отырып, допты тебу әдістері арқылы дененің кейбір жекелеген мүшелерін қалыптасып жетілуіне әсерін тигізу.
Тәрбиелік: Дене шынықтыру пәніне деген көзқарастарын қалыптастыру арқылы Салауатты өмір салтын насихаттау, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімдерді меңгерту.
Қажетті құрал-жабдықтар: Футбол алаңы, доптар, ысқырық, секундомер буклет, сызба нұсқа.
Пән аралық байланыс: Физика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу.
Мәлімет қабылдау (түгендеу).
Оқушылардың көңіл-күйіне, формасына көңіл бөлу.
Уақыты: 1-1,5мин.
Мақсат қою: Қозғалыссыз жатқан допты, домалап немесе ұшып келе жатқан допты әр-түрлі бағытта, бір орында, қозғалыста секіріп, айналып және құлап тебу әдістерін игеру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
Саптық жаттығулар (оңға,солға,шұғыл бұрылу).
Жалпы дамыту жаттығулары.
Жүру (жаттығулары).
Жүгіру (жаттығулары).
Мойын бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар.
Иық бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар.
Қол буындарына жасалатын жаттығулар.
Бел (арқа) бұлшық еттеріне жасалатын жаттығулар.
Аяқ буындарына жасалатын жаттығулар.
Сабақ барысына арнайы жасалатын жаттығулар.
Уақыты:10-12мин.
Жаңа сабақты меңгерту:
Допты табанның ішкі жағымен тебу.
Бұл ойын тәсілі көбінесе футболшы қысқа және жақын қашықтықтағы әріптесіне допты бағыттағанда және жақын қашықтықтағы нысанаға тепкенде пайдаланылады. Осы ойын тәсілдерінің негізгі ерекшеліктерін қарастырар болсақ. Допқа ұмтылып жүгіру, допты көздеп тебетін бағыт бір сызықтың бойына орналасқан. Допты тебетін аяқтың серпілуі ең ақырғы жүгіру адымына байланысты. Тебу қозғалысы балтырдың сыртқа қарай бұрылуымен бірге сыртқа және жоғары қарай бағыттала, тік бұрыш жасап доптың ұшу бағытына қарай қозғалады.
Допты табанның ішкі жағымен тебудің басты ерекшелігі доп түзу ұшады, себебі доппен табанның тию көлемі үлкен, бірақ ұру күші басқа да тебу түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
Допты аяқтың ұшымен (башпайлармен) тебу.
Бұл әдіс көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерде нысанаға допты бағыттап ұрған кезде қолданылады. Тебу қозғалысына қойылатын негізгі шартаяқтың ұшын жоғары қарай тарту.
Қозғалыссыз жатқан допты тебу.
Бұл әдіс көбінесе айып добын ойынға қосқанда, ойын басталарда және қақпашы допты ойынға қосқанда қолданылады. Допты тебу әдістеріне ұқсастығы және бір-біріне қатысы бар. Тек бір өзгешелігі ұмтылып допқа жүгіру кезінде жылдамдық ауыспалы әдістермен орындалады.
Домалап келе жатқан допты тебу тәсілі.
Қозғалыссыз жатқан допты тебуге ұқсас. Тәсілдің негізгі бір ерекшелігікеле жатқан доптың қозғалыс жылдамдығы мен тебетін адамның жылдамдығына сәйкес болуы. Допқа ұмтылып, бағыт алу қозғалыстары мына тәсілдерден: допқа қарсы, қарсылас ойыншыға оң немесе сол қанатпен қашудан және де басқа түрлерден тұрады.
Домалап келе жатқан допты тебудің қай түрі болса да (өкшемен болса да) доптың қозғалу жылдамдығына қарай оған тосқауылға тірелетін аяқ қойылады.
Төмендеп ұшқан допты тебу.
Төмендеп ұшқан допты тебу тәсілдері домалап келе жатқан допты тебу тәсіліне ұқсас. Доптың ұшатын бағыты тірейтін аяқтың қойылуына байланысты. Одан басқа ұшып келе жатқан допты бұрылып, өзінен асырып және жерге тигізбей тебу тәсілдері бар. Олар да жоғарыдағы айтылған тәсілдерге ұқсас.
Баспен ұру әдісі.
Бұл тәсіл ойынды жүргізу барысында ең керекті тәсілдердің бірі.Бұл тәсіл ойында белгілі бір мақсатқа жету, допты қақпаға енгізу және допты әріптесіне беру үшін қолданылады.
Допты көбінесе маңдайдың ортасымен ұрады. Бірақ ойын барысындағы әр-түрлі жағыдайларға байланысты сан алуан ерекшеліктері болуы мүмкін.
Бір орында тұрып маңдайдың ортасымен ұру кезінде аяқтың арасы 50-70см алшақ болуы керек. Ұруды орындағанда,ойыншы денесін артқа қарай шалқай-тып,артқы аяғын иіп, дене салмағын сол аяққа түсіреді.
Ұру қимылы артқы аяқтың қайта иіліп, дененің тік жағыдайға келіп, допты баспен алға қарай ұрумен аяқталады.
Маңдайдың ортасымен бұрылып ұру көбінесе доптың ұшу бағытын өзгерту үшін қолданылады. Бұдан басқа допты оң және сол шекемен ұру, секіріп ұру, алға қарай құлап ұру тәсілдері ойын барысында көбірек қолданылады.
Уақыты:25мин.
Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру:
Допты тебудің (ұрудың әдістері) атай аласың ба?
Допты аяқтың ұшымен (башпайлармен) тебу.
Қозғалыссыз жатқан допты тебу.
Домалап келе жатқан допты тебу тәсілі
Төмендеп ұшқан допты тебу.
Баспен ұру әдісі.
Оқушылардың білімін бекіту.
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіретін жаттығулар орындау. Сұрақтарды карточкалар арқылы оқушыларға таратып беріп жауаптарын алып сабақты қортындылап бекіту.
Бағаларын талдап қою және күнделіктеріне түсіру.
Үйге тапсырма беру: Допты тебу әдістерін одан ары дамытып, тебу (ұру) түрлеріне машықтану.