2. Дамыту:Ой- өрісін,дене бітімін,допты қабылдау және шабуылдау
3. Тәрбиелеу. Тәртіпке,ұжымшылдыққа,өз бетімен дене тәрбиесімен айналысуға
№ | Сабақтың мазмұны | Жүктеме мөлшері | Ұйымдастыру және әдістемелік нұсқаулар |
Кіріспе бөлім 12'-15' |
1 | Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Сабақтың тақырыбын ж/е мақсатын хабарлау. | 2' | Оқушылардың сапта тұруын қадағалау, спорттық киімге және көңіл – күйге назар аудару. |
2 | Саптық жаттығулар: 1.Оңға бұрыл! 2.Солға бұрыл! 3.Кері айнал! 4.Секіріспен кері айнал! 5.Оңға! Бағыттаушының соңынан оң иық алға, жай жүріспен бас! | 1' | Оқушылардың денесі тік, қол жанда, аяқ арасы сәл ашық, қай бағытқа бұрылса сол жақ аяғының басын, екінші аяғының өкшесін көтеріп бұрылуын қадағалау. |
3 | Жүру жаттығулары: а) қол жоғары, аяқтың ұшымен жүріп бас! ә) қол желкеде, өкшемен жүріп бас! б) қол белде, табанның сыртымен және ішкі жағымен бас! в) қол алда, жартылай отырып бас! г) қол еркін, толық отырып бас! Тапсырмасыз! Жай жүгіріспен бас! | 1'30'' | Қолды шынтақтан бүкпеу,басты көтеріп ұстау. Басты көтеріп,шынтақтың арасын ашып жүру. Ара қашықтықты сақтап, табанның сыртқы және ішкі жағымен жүруін қадағалау. Қолды алға созып, аяқты тізеден жартылай бүгіп, денені тік ұстап жүру. Ара қашықтықты сақтау. |
4 | Жүгіру жаттығулары: 1.Оң қапталмен қолды алға айналдырып, тіркеме адыммен бас! 2. Сол қапталмен қолды артқа айналдырып, тіркеме адыммен бас! 3. Қол жанда оң (сол) қапталмен аяқты қайшылап бас! 4. Қол алда,тізені алақанға тигізіп бас! 5. Қол артта, өкшені алақанға тигізіп бас! 6. Қол белде, аяқты алға сермеп бас! 7. Қол желкеде,аяқты артқа сермеп бас! 8. Торға тосқауыл қою қалпын жасау! 9. Торға шабуылдау қалпын жасау! Бар жылдамдықпен жүгіріп бас! Тоқта, дем алу жаттығулары | 3'30'' | Жоғары секіріп, қолды шынтақтан бүкпей, толық айналдыруын қадағалау. Арақашықтық сақтап, аяқты дұрыс қайшылау. Тізені биік көтеріп, шапшаң қимылдау. Денені тік ұстап,өкшені алақанға шапшаң тигізу. Арақашықтық сақтап, аяқты толық сермеу. Торға секіру, дене үйлесімді ретте, екі қолды жоғары созу, алақан ашулы. Ж. к торға бағытталып секіру, денені шалқайту қолды арттан алу. Алаңның бұрышынан, бұрышқа жылдам жүгіру. Аяқтың ұшына тұрып, дем алып, дем шығару |
| Ж.Д.Ж 1.Б.қ.а.а.и.к. қол белде, басты 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру. 2. Б.қ.а.а.и.к. қол басы иықта, қолды иықтан 4 сан алға, 4 сан артқа айналдыру. 3. Б.қ.а.а.и.к. қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі, 1-2 қолды жазбай сермеу, 3-4 қолды жазып сермеу. 4. Б.қ.а.а.и.к. қол жанда, қолды 4 сан білезіктен, 4 сан шынтақтан, 4 сан иықтан айналдыру, келесі 4 сан артқа айналдыру. 5. Б.қ.а.а.и.к. оң қол жоғары, сол қол төмен 1-2 қолды артқа сермеу,3-4 қол алмастыру. 6. Б.қ.а.а.и.к. оң қол жоғары,сол қол белде, 1-2 солға иілу,3-4 қол алмастырып, оңға иілу. 7. Б.қ.а.а.и.к. қол белде, белді 4 сан оңға, 4 сан солға айналдыру. | 7' | Басты мойыннан толық айналдыруын қадағалау. Жаттығуды толық орындауын қадағалау. Қолды толық жазып, жаттығуды орындау. Қолды білезіктен,шынтақтан, иықтан толық айналдыруын қадағалау. Денені тік ұстау, қолды шынтақтан бүкпеу. Оңға,солға толық иілу.
белді толық айналдыру. |
| 8. Б.қ.а.а.к. қол басы құлыпта, 1 қолды оң аяққа тигізу, 2 ортаға аяққа, 3 сол аяққа тигізу, 4 бастапқы қалып. 9. Б.қ.а.а.к. қол алда, 1 оң аяққа отыру, 2 бастапқы қалып, 3 сол аяққа отыру, 4 бастапқы қалып. 10. Б.қ.н.т. қол басы құлыпта айналдырып,4сан оң аяққа, 4сан сол аяққа, 3сан қос аяққа, 4ші сан 360°-қа секіріп айналу. | | Аяқты тізеден бүкпей қолды толық тигізіп орындау. Денені тік ұстап, толық отыру. Жаттығуды толық жасауын қадағалау. |
Негізгі бөлім 25'-28' |
| І. Шабуылдау әрекетін үйрету; 1. Шабуылдау әрекетін /қалпы/ орындау 2.Кішкене доппен шабуылдау 3.Допты ұру, соққы жасау; 4. Допқа соққы жасау II. Волейбол ойынын ойнау /сабақты бекіту/ ІІІ. Сергіту сәті | 2' 3' 6' 4' 7' 3' | Екі топқа бөліну.Жүгіріп келіп, жерден секіре көтерілу, ұшу, денені шалқайту қолды арттан алу; Теннис добымен секіріп келіп тордан асыра лақтырып соғу Ұру құралымен допты ұстап тұру. Секіру техникасын дұрыс орындауын қадағалау. Тордан түрліше болып лақтырылған допқа соққы жасау;
Үйретілген техникалармен тактикаларды пайдалана отырып ойынды ережесімен ойнау;
Ойын |
Қорытынды бөлім 3`-5' |
1 2 3 4 5 | Оқушыларды жалпы сапқа тұрғызу. Сабақты өту барысы бойынша қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма беру. «Сұрақтарың бар ма? «Сабақ аяқталды, сау болыңдар!» | 3' | Дұрыс тұруын, тыныштық сақтауын қадағалау. Оқушылардың қателерін айтып, түсіндіру. Үздік жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды бағалап, айтып өту. Қолдың және аяқтың бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар жасау. (ер балалар: кермеге тартылу,аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларды орындау; қыздар: отырып тұру және секірмемен секіру т.б.) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру. |