Кіріспе (дайындық) бөлімі | Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1. қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. 2. қолды белге койып, өкшемен жүру. 3. қолды белде ұстап, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру. 4. қолды желкеге қойып, жартылай отырып жүру. 5. қолды тізеге қойып, оңға, солға секіру. 6. спорттық жүріс. | | Арақашықтықты сақтау. Қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру. Денені тік ұстау, қол белдің тұсында. Қаз тәрізді жүру, жоғары секіру. Қол белдің тұсында бүгулі жылдам орындау. |
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1. тізені жоғары көтеріп жүгіру. 2. өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру. 3. аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 4. оң, сол жақпен қолды белге қойып, айналдыра жүгіру. 5. артпен жұгіру. 6. жеңіл жүгіру. 7. спорттық жүріс. 8. тыныс алу жаттығулары. | | Арақашықтықты сақтау. Алақанға тізені тигізу. Кеудені тік ұстау. Қол белдің тұсында, алақанға тигізу, қол белде, аяқты бүкпеу. Денені тік ұстау. Алға, артқа барынша толық айналдыру. Оң, сол иыққа қарау. Алаңды толық пайдалану. Еркін жүгіру. Қол белдің тұсында, тынысты қалыпқа келтіру. |
Жалпы дамытатын жаттығулар: 1. Бастапқы қалып, қол белде 1-4 оңға, 5-8 солға, басты айналдыру. 2.Б.қ. қол иықта, 1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру 3. б.қ. оң қол жоғары, сол қол төмен. 1-2 оң қолды, 3-4 сол қолды керу. 4. б.қ. қол бүгулікеуде тұста, 1-2 бүгулі, 3-4 түзу куйінде артқа керу. 5. б.қ. қол алда түзу, 1-2 ішке, 3-4 сыртқа қарай шынтақтан айналдыру. 6. б.қ. қол кеуде тұсында қалып қолдың басын өз бетінше оңға, солға айналдыру. 7. б.қ. қол алда түзу, 1-4 алға, 5-8 артқа иықпен айналдыру. 8. б.қ. қол белдің тұсында жартылай отырып, оң аяқпен аттап, денені оңға бұру. 2 сол аяқпен аттап денені солға бұру 3-4. Б.қ. қол белде 1 оң аяққа еңкею, 2 б.қ. сол аяққа еңкею. | | Арақашықтықты сақтау. Тепе-теңдікті сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру. Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу, жылдам орындау. Барынша артқа керу, шынтақты бүкпей иық көлемінде ұстау толық айналдыру, қолды төмен түсірмеу. Оңға, солға білезік сүйекті айналдыру. Қолды түзу ұстау, толық айналдыру, денені тік ұстау. Барынша денені бүру. Тізені бүкпеу, әр қадам сайын еңкею, шынтақты букпеу. |
Негізгі бөлім | Доп алып жүру, тоқтап беру, топқа тұрғызу. 1. допты оң қолмен алып жүріп, екі қолмен көкіректен беру. 2. допты бір қолмен ұрып келіп, алға бір адым шығып, жерге соғып беру. 3. допты екі қолмен иықтан беру. 4. допты еденге ұрып келіп, иықтан беру. 5. допты ұрып келіп, бір қолмен иық үстінен беру. | | Топқа тұрғызу, қарама-қарсы тұрғызу. Допты жанында алып жүру. Допты алақанмен қатты ұрмау. Допты белден жоғары көтеру. |
Қорытынды бөлім | Сапқа түрғызу. Сабақ барысын қорытындылау. Оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырма беру. Оқушылармен қоштасу. | | Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзеу, есекрту жасау. Тәртіпке назар аудару. |