Просмотр содержимого документа
«Дене шыны?тыру саба?ында балаларды? а?ыл-ой, адамгершілік эстетикалы? т?рбиесін арттыру»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ, ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
БЕКІТЕМІН Колледж әдіскері
_______ А.К.Мамбетова
«___»_______2016 ж
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында балалардың ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық тәрбиесін арттыру
МДО-131 тобы
Г.А.Отарова
Ақсукент – 2016 ж.
Сабақ жоспары
Топ
МДО-131
Сабақтың өткізілетін күні.
05.02.2016
Пәні: Дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында балалардың ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық тәрбиесін арттыру
Сабақты мақсаты :
Білімділік : қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру
Дамытушылық: өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге,денені шынықтыру,икемділікке,шапшаңдылыққа,төзімділікке жаттықтыру.Тақырыптың мақсатын, мазмұнын түсініп іс жүзінде асыра білуге дағдыландыру.Жаңа тақырыпты талқылып, жаңа мәлімет беру, білімділік көлемдерін жетілдіру.
Технология ақпараттық технология қолдану.
Тәрбиелігі: адамгершілік ,жігерлік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету. Дене тәрбиесі жаттығулар көмегімен денсаулықты күшейту
Пән аралық байланыс: анатомия, ДТТӘ, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар.
Сабақтың өткізілетін орны: спорт зал
Сабақтың құрал жабдықтары: уақыт өлшегіш, ысқырық, доп
Сабақ бөлімі
Сабақтаң мазмұны
Жүктеме мөлшері
Оқу әдістемелік ұйымдастыру кезеңі
Дайындық бөлімі
Сапқа турғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу. Сабақтың мақсатымен таныстыру, Сапта орындалатын бұрылулар мен бүйырулар.
Жүрудің әр түрлі тәсілдері:аяқтың ұшымен өкшемен табанның ішкі және сыртқы жақтаулармен жартылай отырып жүру. Секірудің түрлері: қос аяқтың үшында оң және сол аяқта, екі аяқта жартылай, толық отырып секіру. Тынығу жаттығулары, қатарға тұру.
Жалпы дамту жаттығулары:
Еркін қимылдар бір саптан оңға, солға бұрылып жүріп қатарға өту.
Жалпы дамту жаттығулар топтамасы.
Әр бір жаттығулар
5-10 мин
Әр біржаттығулар
5-10 мин
Рапорт дұрыс баяндау.
Оңға солға, айнал. Бұрылулар бір орында қадамдап жүру. Қолды алға, жоғары, екі жаққа созып белге желкеге қойып т.б.
Негізгі
бөлім
Жастарды өнегелі тәрбиеге баулиды,зейінділік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады,адамның көркемдік-әсемдік танымына әсерін тигізеді. Бұл жарыс топтар арасындағы дәстүрлі ұйымдастырылатын жарыс түрі , ойынды өткізу қатысушылардың санына, жоспар құрылысына өткізілетін орын жағдайына байлынысты. Жарыстың ерекшелігі «аялдамадан» «аялдамаға» дейін әр түрлі қимыл –қозғалыстарды тапсырма ретінде қабылдай отырып нәтижеге жету.Тапсырма түрлері қызықты жарыс және балалардың көңіл –күйін көтеретін және жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек.Денеге салмақ түсіретін жаттығулар қарапайым жаттығулармен алмастырылып отырады. Жарыс созылмау керек , әрбір аялдамада жаңа тапсырма ала отырып , барлық ойынға қатысушы тапсырманы бірден орындауы қажет.
«Жүйріктер» -жаттығу жасату
«Секіргіштер»-доп,секірпе,қаппен секірту
«Тапқырлар»-спорт жайында сұрақтарға жауап беру
«Күштілер»-арқан тарту,кір тасын көтеру.
«Зейінділік»-жаттығулар айту оқушылар тез командамен орындау
«Құрастыру»-әр-түрлі қима қағаздардан әр топ гүл құрастыру
«Көңілді пойыз» жарыс ойынына 6 аялдама кіреді. 3 топ қатысады
35-40 м
Әр аялдамада озіне тән тапсырмаларды орындай отырып ойын жүзеге асады.
І,ІІ,ІІІ топқа бөліп жарыс өтеді.
Қорытынды бөлім.
Оқушыларды қатарға турғызу. Қан айналымын орнына түсіру үшін тыныс алдыру жаттығулары жасау.Би теорапиясынан жаттығу