kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Менің педагогикалық сенімім»
Шығармашылық жұмыс
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір»- деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті - бастапқы білім берумен қатар жан - жақты жарасымды жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және олардың денсаулығын мықты етіп өсіру. Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты денешынықтыру сабақтарын оқушыларға игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік – ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және оқу - тәрбие процессін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол оқу жылына арналған оқу - тәрбие жұмыстарының жоспар - графигін, әр тоқсанның жұмыс жоспарын, әр сабақтың сабақ конспектісін жасауды, оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады.


Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене тәрбиесі сабағында оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып оқушыларды тәрбиелеу»

«Менің педагогикалық сенімім»
Шығармашылық жұмыс
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір»- деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті - бастапқы білім берумен қатар жан - жақты жарасымды жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және олардың денсаулығын мықты етіп өсіру. Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты денешынықтыру сабақтарын оқушыларға игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік – ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.

Дене тәрбиесі мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және оқу - тәрбие процессін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол оқу жылына арналған оқу - тәрбие жұмыстарының жоспар - графигін, әр тоқсанның жұмыс жоспарын, әр сабақтың сабақ конспектісін жасауды, оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады.

Атап айтқанда:
Негізгі жетекші және арнайы жаттығуларды анықтау;
Әрбір жаттығудың қайталау санын белгілеу;
Жекелеген жаттығудың қайталану санын белгілеу;
Сөздік \ айту, түсіндіру, баяндау\, көрнекілік \ суреттерді, плакаттарды, видеопроектормен көрсету, қозғалыс пен қимылды мұғалімнің өзінің көрсетуі\ секілді үйретудің жалпы педагогикалық әдістерін және тұтас немесе бөлшектенген құрылымдағы арнайы жаттығуларды іріктеп алу.

Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа қатысуының өзі мұғалімнің беделіне байланысты. Оқушылар әдетте, әсіресе жоғары сынып балалары сабақта көбірек өз бетінше, еркін ойнағанды жақсы көреді. Сондықтанда оларға еркіндік беріп, керек уақытта ғана ақыл кеңес беруге болады.
«Жай мұғалім баяндайды, қарапайым мұғалім түсіндіреді, ал ұлы мұғалім құлшындырады» деп Артур Уильям бекер айтпаған.

Сабақ берудегі алдыма қойған мақсатым - білім алушының денсаулығын нығайту, жалпы спорттық ойын түрлерін жетілдіру және ұлттық ойынның мәртебесін көтеру. Шығармашылық көзқарас, жаңаша жұмыс істеу - рухани парасаттылық рухта тәрбиелеудің бірден - бір жолы. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында денешынықтыру пәні барысында қозғалмалы халық ойындарын жиі қолданамын. Атап өтсем «Бір топ үйрек», «кім жылдам», «Қамалды қорғау», «Бестас», «Мәреге кім бұрын», «Қашпа доп» сияқты қимыл - қозғалыс ұлт ойындарын төменгі сынып оқушылары өте белсенді түрде қызыға қатысады. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылардың танымдық деңгейін арттыруға болады. Мысалы өзімнің дене тәрбиесі сабағының гимнастика бөлімінде акробатикалық жаттығулар кешенін техникалық құралдармен қашықтықтан оқыту арқылы өткізіп, сол бойынша әдіс тәсілдерін меңгерте білдім. Сондай - ақ тоқсан соңында қорытынды ретінде оқушылардан тест аламын.

Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән мұғаліміне көмегін тигізеді. Сабақты «комплексті түрде өткізудің тиімділігі, негізінен оны өткізудің әдістемелік тәсілдерге байланысты». Әр жаттығуды орындағанда, оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін оқушылар біліп отырса, олардың жаттығудағы белсенділігі артады. Нәтижесінде оқушылардың спорттық шеберліктері шыңдала түсіп, өз беттерімен спорттың жекелеген бір түрімен шұғылдануына себепкер болады. Сонымен бірге өзімнің үнемі ізденіспен, әртүрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану іс тәжірибием бойынша «комплексті сабақ» өткізудің тиімділігінің нәтижесінде негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөлемін.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Керимбаев Арнур Джумабаевич

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393903


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства