Та?ырыбы: Дене т?рбиесіні? ерешеліктері
Ма?саты: О?ушыларды? ойлау ?абілеттерін арттыру, ?з ойларын орта?а сала отырып, тіл байлы?тарын арттыру.Дене т?рбиесі саба?ына ?ызы?ушылы?тарын ояту, салауатты ?мір салтын насихаттау.
?тілу барысы:
Адам да – таби?атты? бір б?лшегі. Сонды?тан к?н мен т?нні?, жыл мезгілдеріні? ауысуы оны? жеке ж?йесіне, тыныс алу, ?ан айналу,ас ?ортуына белгілі бір ?серін тигізеді. Адамны? к?нделікті орындайтын ?имыл – ?оз?алыстарына да, дене б?лшы? еттеріне де ы?пал етеді. Сол себепті таби?атты? ауысу за?дылы?тарын жа?сы біліп, со?ан ?арай бейімделу керек. Ол ?шін денені шыны?тыру?а ?ажетті жатты?улар мен спорт т?рлерін жыл мезгілдеріні? ?згеруіне ?арай та?дап ала білген д?рыс. ?имыл- ?оз?алыс жатты?уларын жасау ж?не спорт т?рлерімен ш??ылдану адамны? ?оз?алыс ?абілетін жетілдіріп, а?ыл-ойын ?сіруге к?мектеседі.
О?ушы балалар ?здеріне ?ажетті ?оз?алыстарды екі т?рлі жолмен орындайды:
1. ?з бетімен ?оз?алыста болу ар?ылы:
2. Арнайы ?йымдастырыл?ан жатты?улар жасаумен ойындар ойнау ар?ылы.
?р бір адамны? ?зіндік жаратылыс ерекшелігіне байланысты оны? ?имыл-?оз?алыс жасау ?абілеті мен денені? ?имыл –?оз?алысты ?ажет ету м?лшері де ?р т?рлі болады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дене т?рбиесіні? ерешеліктері »
Тақырыбы: Дене тәрбиесінің ерешеліктері
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортаға сала отырып, тіл байлықтарын арттыру.Дене тәрбиесі сабағына қызығушылықтарын ояту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Өтілу барысы:
Адам да – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы оның жеке жүйесіне, тыныс алу , қан айналу ,ас қортуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамның күнделікті орындайтын қимыл – қозғалыстарына да , дене бұлшық еттеріне де ықпал етеді. Сол себепті табиғаттың ауысу заңдылықтарын жақсы біліп, соған қарай бейімделу керек. Ол үшін денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлерін жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай таңдап ала білген дұрыс. Қимыл- қозғалыс жаттығуларын жасау және спорт түрлерімен шұғылдану адамның қозғалыс қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын өсіруге көмектеседі.
Оқушы балалар өздеріне қажетті қозғалыстарды екі түрлі жолмен орындайды:
Өз бетімен қозғалыста болу арқылы:
Арнайы ұйымдастырылған жаттығулар жасаумен ойындар ойнау арқылы.
Әр бір адамның өзіндік жаратылыс ерекшелігіне байланысты оның қимыл-қозғалыс жасау қабілеті мен дененің қимыл –қозғалысты қажет ету мөлшері де әр түрлі болады
Оқушылар қимыл-қозғалыстың пайдасын терең түсініп, дене шынықтыру жаттығуларын жасап , спорт түрлерімен шұғылданса , олардың қабілеттеріде арта түседі.
Оқушылардың күнделікті жасайтын жалпы қимыл – қозғалыстары үшке бөлінеді:
Таңертең жасалатын қимыл-қозғалыстар;
Мектепте жасалатын қимыл-қозғалыстар;
Сабақтан тыс кездері жасалатын қимыл-қозғалыстар.
Оқушыларға дене жаттығуларымен айналысуға деген орнықты, жағымды көз қарасты қалыптастырудың алғы шарты, алған білімді әдеттің тұрақта түріне ауыстра білу деп есептеген жөн. Бұған педагоктың ынталандыруы және оларды оқушылардың жеке тұлғаға қатысты себепке айналдыруы арқылы қол жеткізуге болады.
Оқушылардың орнықты және дене жаттығулары мен айналысуға жағымды көзқарасын қалыптастыруға бағытталған ұстаз қызметіне тән ерекшеліктерін төрт кезең есебінде қарастыруға болады.
І кезең. Дене туралы білім түсініктерді хабарлау.
Бұл сабақтың бүкіл барысында жүзеге асырылады (бағдарламалық және қосымша материал, оның ішінде ұлы адамдардың өмірінен мысалдар келтіре отырып, дене шынықтырудың оқудағы еңбектегі және тұрмыстағы маңызы туралы, дене тәрбиесінің тарихы мен теориясынан мәліметтер және т.б. келтіру).
ІІ кезең. Сабақтағы міндеттерді белгілеу.
Әдетте , олар бүкіл сабаққа да және оның жеке бөліктеріне де бөлінеді. Бұл кезеңде ұстаз іс-әрекетінің мақсатын анықтайды, оған қол жеткізудің тәсілдері мен құралдарын және міндеттерді шешудің жолдарын белгілейді.
ІІІ кезең. Міндеттерді орындау барысын реттеу.
Ұстаз міндетті белгілеген бойдан-ақ , бірден оны шешу процесін басқару басталады. Реттеу тәсілдері ретінде оқушылар орындайтын іс-қимылдың қажеттігі бар тәсілдер мен құралдарды іріктеп алу және мақсатқа жету жөніндегі ағымдағы ақпарат – хабарды пайдаланады.
ІVкезең. Міндеттердің орындалуы туралы бақылау ақпараттары.Бұл сабақтың соңында ғана емес, сонымен біргн оның әрбір бөлігіндегі жеке мәндеттерді шешуде де жүзеге асырылады. Ұстаз бұл кезеңде оқушының мақсатқа қол жеткізгенін ғана атап қоймайды, сонымен бірге оның іс –қимылына баға береді, бағдарламалық материалды игеруде ол алға қарай қаншалықты жылжыды, алда қалай жұмыс жасау керектігі айтылады.
Оұушының ағзасы қимыл-қозғалысты қажет етуін азайтқан сайын оныі қабілеті мен біліктілігі өсуін бәсеңдетеді. Оның сабақ үлгерімі төмендеп, салмаңы ауырлап, ынжық , жалқау болып кетуі мүмкін.
Ал қимыл-қозғалыс әрекеттерімен арнайы жасалатын жаттығулар адамнаң күш-қайратын ғана арттырып қоймайды, сонымен бірге оның ойлау, есту, есте сақтау, байқау, зейінділік сияқты оқып білім алуға өте қажетті қабілеттерін жетілдіреді. Сабаққа ынтасы артып, жалпы біліктілігі жоғарлайды. Сондықтан оұушы өзіне ұнайтын спорт түрлерін, шама-шарқына сай келетін қимыл-қозғалыстар мен ойынды таңдап алып, жыл бойы үзіліссіз орындап отырса, оның ағзасының жұмыс қабілеті жақсарады. Мұндай оқушының денсаулығы арттырып, сергек, икемді, күшті болып өседі. Білім алу қабілеті де арта түседі.
Дене жаттығуларымен таза ауада үздіксіз айналысу, суға шомылу, күн сәулесән қабылдау- осының бәрі өсіп келе жатқан организмнің үйлесімді дамуына , денсаулықты нығайтып, денені шынықтыруға әсер етеді.
Сабақ кезінде оқушылардың отыру кейпіне бақылау жасап отырудың да маңызы үлкен. Алғашқы күннен бастап-ақ бірінші сынып оқушыларының дұрыс отыру кейпін қалыптастыруға назар аударып, оларға үйде, мектепте де өздерінің отыру кейпін қадағалаудың ең қарапайым тәсілдерін үйрету қажет. Педагоктар , медециналық қызметкерлер, ата-аналар, әсіресе бастауыш сыныпта, білім алушылардың жұмыс істеу кейпін шыдамдылықпен түзетіп отыруы керек. Парта мен оқушының кеудесінің арасындағы ара қашықтық баланың алақанының еніндей болуы керек.