Ұйымдастыру бөлімі | Сыныпты сапқа тұрғызу Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу Сабақтың мақсатымен таныстыру Саптағы бұрылулар: оңға, солға, кері т.б | 5 | Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау |
Дайындық бөлімі Жалпы дене жаттығулары | Жүру бағытында орындалатын жаттығулар Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру; Қол белде, өкшемен жүру; Қол белде, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру; Қол желкеде, жартылай отырып жүру; Қол тізеде, отырып секіру; Спорттық жүріс Жүгіру бағытындағы орындалатын жаттығулар Тізені жоғары көтеріп жүру; Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру Аяқтың басын алға сілтей жүгіру Арпен жүгіру Оң, сол жақпен қолды айналдырып жүгіру Артпен жүгіру Жай жүгіру Оқушыларды шеңбер жасап тұруға, саппен жүру, жұппен жүру, жүгіру, жан-жақты жүгіру, жаттығуларды аса белсенділікпен орындауға шақыру. Жалпы дене жаттығуларын орындау | 10 | Арақашықтықты сақтау, қолды бүкпеу, денені тік ұстау, басты көтеру Денені тік ұстау, қол бел тұста, қаз тәрізді жүру Қол бел тұста бүгулі, жылдам орындау Арақашықтықты сақтау Алақанға тізені тигізу Алаңды толық пайдалану Еркін жүгіру Тынысты қалыпқа келтіру |
Негізгі бөлім | Асық ойындары туралы мәлімет Асық ойындары ережелерін насихаттау Асықпен ойналатын ойындар Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асықты тігіп ойнау Бір топ бала, жастар жиылып келіп, ортадан шеңбер сызық сызады.Шеңбер ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы балалардың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1—1,20 см немесе 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен 4—5 м. не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншының сақалары | 25 | Қауіпсіздік ережесін сақтау Асықтың әдіс-тәсілдері Ойыншылар ойынды сызылған сызықтан бастау керек. Асықты шиырып лақтыру тәсілдерін қолдану. Дәлдік, ептілік қасиеттерін шыңдау. Асықты шеңберден атып шығару. |
Қорытынды бөлім | Сапқа тұрғызу Оқушыларға асық ойыны кезіндегі кеткен кемшіліктері туралы айтып өту, ескерту. Тыныс алу жаттығулары Сабақ барысын қорытындылау Үйге тапсырма беру-Асық ойындары туралы мәлімет жинау Оқушыларды бағалау, мадақтау Оқушылармен қоштасу | 10 | Сабақ барысында жіберілген қателіктерді айту, түзету Ескертулер жасау Тәртіпке назар аудару |