а)Әр түрлі биіктіктегі арыс жасалатын жаттығуларды жетілдіру.
  Ә)Акрабатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.
  Б)Күштілік ептілік икемділік қасеиттерін дамыту.  
  гимнастикалық қабырға.
       |   №   |    Сабақтың мазмұны   |    Уақыт мөлшері   |    Әдістемелік нұсқаулар   |  
  |   І Дайындық бөлім   |    15 мин   |         |  
  |   1   |    Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары   |    2 мин       |    Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.     |  
  |   2   |    Жүру бағытында орындалатын жаттығулар  Алға жүру:  1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру  2.Қол белде өкшемен жүру.  3.Қол желкеде жартылай отыр жүру.  4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.   |    2 мин   |        Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.  Кеудені тік ұстау.  Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.  Жоғары секіру.   |  
  |   3   |    Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:  1.Жеңіл жүгіріс  2.Тізені алға көтеріп жүгіру.  3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.  4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.  5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.  6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.   |    3 мин   |            Ара-қашықтық сақтау.  Тізені алақанға тигізу.  Аяқты алақанға жеткізу.  Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.   |  
  |   4   |    Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.   |         |  
  |   5   |    Жалпы дамыту жаттығулары   |    8 мин   |         |  
  |   1   |    БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.    2.БҚ  3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.     |            4-6 рет   |     Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.   |  
  |   2   |    БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.  1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.    2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.   |    6-8 рет   |     Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.   |  
  |   3   |    БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.  1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею  2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.   |    6-8 рет   |     Аяқты бүкпеу керек.   |  
  |   4   |    БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.  1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.  2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.   |            8-10 рет   |             Қолдарын жібермеуін қадағалау.   |  
  |   5   |    БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.  1.Жартылай отыру.  2.БҚ келу.   |        10-12 рет   |             Арқаларын түзу болу керек.           |  
  |   6   |    БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.  1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.  2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау.     |    10-12 рет   |         Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.           |  
  |   7   |    БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.    1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.  2.БҚ  3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.   |    6-8 рет   |     Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.     |  
  |   8   |    БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.  1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.  2.БҚ  3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.  4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды.     |    6-8 рет   |     Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.   |  
  |   9   |    БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.    1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады.    2.БҚ  3.Қайталау.   |    6-8 рет   |     Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.     |  
  |   ІІ Негізгі бөлім   |    25 мин   |         |  
  |   6   |    Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.  1.Гимнастикалық скамейкадан секіру;  2.Гимнастикалық төсеніште алға домалау.  3.Ағаш аттан аттау  4.Гимнастикалық төсеніште артқа домалау.  5.Тепе-теңдік сақтап жүру.  6.Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату.    7.Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу.     |                7 мин   |                Оқушылардың тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау   |  
  |        |    І топ  Әртүрлі биіктіктегі арыста  1.Тартыла секіріп, аяқты ашып міну.   2.Шалқаю  3.Қолын арыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.       4.Қарлығаш жасау.      5.Бұрыш жасап             6.90о-қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.     |            18 мин   |                Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.     |  
  |        |    ІІ топ  Акробатикалық жаттығулар  1.Алға домалау    2.Көпір жасау.  3.Артқа домалау  4.Жауырынға тұру.  5.Аяқты басынан асыра жерге тигізіп, алқанын жерге қою.    6.Жарты шпагатқа келіп отыру жаттығуларын жетілдіру.     |         |    Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.   |  
  |        |    ІІІ топ  Тепе-теңдік жаттығуларын  1.Қарлығаш жасау.  2. Қолды жайып, аяқтың ұшымен жүру.  3.Жартылай отырып, өкшені көтеріп бұрылу.  4.Тізені жоғары көтере жүру, жаттығуларын дамыта үйрету. Топтарды жаттығуларын бірнеше рет жасағаннан кейін орындарын алмастыру.   |         |    Сыныптасының көмегімен жасау.     |  
  |   ІІІ Қорытынды бөлім   |    5 мин     |         |  
  |   7   |    Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру.     |         |         |