kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дене шыны?тыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ана мен бала арасында?ы с?йіспеншілік ?арым ?атынасты к?шейте отырып баланы? денсаулы?ын ?алыптастыру. Анамен бірлесе т?рлі жатты?улар жасау баланы? б?лшы?еттерін дамыту. ана мен бала арасында?ы с?йіспеншілікке ж?не дене шыны?тыру?а деген ?ызы?ушылы??а т?рбиелеу.?азіргі та?да?ы е? ?зекті м?селені? бірі балалар мен ата ана арасында?ы ?арым ?атынас. Ол балалрды? денсаулы?ы. К?п отбасыларда ата ана мен бала арасында эмоционалды? байланыс жо?ты? ?асы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дене шыны?тыру. »

Шебер сағат.


Тақырыбы: «Шынықсаң-шымыр боласың»


Мақсаты:

Білімділік: ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік қарым-қатынасты күшейте отырып, баланың денсаулығын қалыптастыру.


Дамытушылық: анамен бірлесе түрлі жаттығулар жасау арқылы баланың бұлшықеттерін дамыту.


Тәрбиелік: ана мен бала арсындағы сүйіспеншілікке және дене шынықтыруға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау.


Барысы: Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселенің бірі-балалар мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас. Ол балалардың денсаулығы. Көп отбасыларда ата-ана мен бала арасында эмоционалдық байланыс жоқтың қасы. Балаларға ата-аналар сүйіспеншілігі жеткіліксіз. Осы жағдайды ескере отырып, ата-аналар мен бала арасындағы байланысты күшейту мақсатында бірлескен шебер сағат өткізгелі отырмыз. Мұнда аналары мен балалар бірлесе түрлі жаттығулар, ойын, жарыстар көрсетеді.

-Ал балалар шебер сағатымызды бастауға дайынбыз ба?

-Иә

Олай болса өздерімізді серуенде жүргендей сезініп, шеңбер бойымен жүрейік. Қараңдаршы қандай биік ағаштар, қане бізде биік ағаштарға ұқсап аяқ ұшымен қолымызды жоғары созып жүрейік.

-Өте жақсы.

-Биік ағаштардың қасында кішкентай жас талдар бар екен сол кішкентай талдарға ұқсап жүрейік. Тізелерімізді бүгіп, жартылай отырып жүреміз.

-Өте жақсы.

-Жүрісімізді жәй жүріспен жалғастырамыз.

-Балалар қазір көктем мезгілі болғандықтан түрлі жәндіктер қысқы ұйқысынан ояныпты. Ағаш түптерінде құмырсқалар жүрген сияқты. Қане бізде құмырсқаларға ұқсап төрттағандап аналарымыздың аяқтарының арасынан өтейік.

-Жақсы.

-Ал енді балалар жолымыздағы кедергіден секіріп өтейік. Ол үшін біздің аналарымыз бөренеге ұқсап еденге екі аяқтарын созып, екі қолдарын артқа тіреп отырысын, ал сендер қос аяқтарыңмен бөренеден секіріңдер. Қане бастаймыз.

-Өте жақсы.

-Шеңбер бойымен жәй жүгірейік.

-Ал енді музыка әуенімен шашырап, еркін жүгірейік. Музыка әуені аяқталған соң әркім өз аналарын тауып, құшақтасып айналамыз.

-Керемет, өте жақсы.

-Серуен сендер ұнап жатыр ма? Олай болса шеңбер бойымен аналарымызға қарама-қарсы тұрып, аналарымыздың алақанына өз алақандарымызды беттестіріп, кезекпен алақандарды тірестіреміз.

-Қане балалар өзімізді қайықта серуендеп жүргендей сезінейік, ол үшін аналарымыз еденге екі аяқтарын созып отырсын, ал балаларымыз аналарының аяғының үстіне қарама-қарсы бағытта отырып, бір-бірінің қолдарынан ұстап ескек есуі тиіс.

-Өте жақсы, сендер қайықта жақсы жүзеді екенсіңдер.

-Келесі жаттығуды анамызбен бірге жасаймыз, ол үшін еденде аналарымыздың аяғының үстінде отырып, анамызбен бірлесе оң аяқты, содан соң сол аяқты жоғары көтеріп, түсіреміз.

-Жарайсыңдар.

-Балалар ағаштан ағашқа еркін секіріп жүре алатын, өзі банан жегенді ұнататын қандай жануарды білесіңдер?

-Маймыл.

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса осы маймыл сияқты әрекет жасайық. Біздің аналарымыз ағаш сияқты бір орнында тұрады, ал балалар ағашты екі аяғымен қапсыра құшақтап шалқасынан едендегі допты алып, анамызға көрсетіп қайта еденге қоямыз. Тапсырма бәрімізге түсінікті болды ма? Олай болса бастаймыз.

-Қандай керемет, ал енді ағаштан түсіп доптарымызды орындарына апарып қоямыз.

-Келесі жаттығуымыз соқпақ жолмен бір-біріміздің артынан жүріп өтіп, матрас үстінде жатып бөрене сияқты домалап өтеміз, ары қарай гимнастикалық үстел үстімен жыланша сырғып өтіп, келесі матрас үстімен баламызды алдымызға қапсыра құшақтаған күйде төрттағандап жүріп өтуіміз керек. Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба? Олай болса бастаймыз.

-Жарайсыңдар. Енді екі топқа бөлініп жарысып көрейік. Жарысқыларын келе ме?

-Иә.

-Бастапқы сызықтан анамыз баласының аяғынан ұстайды, ал балалар қос қолымен еденді ұстап мәреге дейін жүріп барады, қайтарда анасы баласын арқалап келеді.

-Жарайсыңдар.

-Ал енді анамыздың аяғының үстіне аяғымызды қойып, қолымызбен анамыздың қолынан ұстап тұрып мәреге жетеміз, қайтарда аналарымыз балаларын артына мінгестіріп төрттағандап келеді. Дайынбыз ба?

-Иә.

-Олай болса бастаймыз.

-Жарайсыңдар! Барлық тапсырмаларды бірлесіп жақсы орындадыңдар. Енді ойын ойнағыларың келе ме?

-Иә.

-Ойынның аты «Мысық пен тышқандар». Анасы мен баласы мысық болсын, ал қалған аналарымыз бен балаларымыз тышқандар болады. Оларға ленталар таратылып беріледі, бұл ленталар тышқандардың құйрығы болады. Мысық тышқандардың осы құйрықтарын жұлып алуы тиіс. Ойын соңында ленталарды жинап қанша тышқан ұстағанын анықтаймыз. Ойын шарты түсінікті ме?

-Иә.

-Олай болса ойынды мына сөздермен бастайық:

Біз тышқандар-тышқандар серуенді сүйеміз,

1, 2, 3 серуенге шық. /2 рет қайталау/

-Балалар ойын сендерге ұнады ма?

-Иә.

-Жарайсыңдар балалар, енді аналарымыздың алдына отырып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Балалар сендерге арнап аналарымыз сыйлықтары жасапты соны аналарың сендерге табыстасын.

-Балалар және аналар бүгінгі шебер сағатымызға жақсы қатыстыңыздар, барлықтарыңа көп рахмет!

-Ал балалар қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дене шыны?тыру.

Автор: Жамалова Айнабат Орынбаевна

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207364


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства