Құрметті балалар! Бүгінгі «Денсаулық-зор байлық» атты іс шараға қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық,
Жылыған жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық.
Балалар, бүгін бізде денсаулық мерекесі. Баланың денсаулығы жақсы болу үшін ол таза болып және спортпен шұғылдануы керек. Күнде таңертең беті –қолымыз- ды жуып, жаттығу жасаймыз. Жазда суға шомылу, қыста шана,шаңғы,коньки тебу. Көңілді, әдемі, сау болу үшін бізге осының бәрі де қажет. Дені сау адам бақытты адам. Біз өз денсау- лығымызды шынықтыруымыз керек.
Шеңбер жасап тұру.
Гимнастикалық жаттығу.
Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз.
1)Басқа
Тік тұру,қол желкеде, басты 1-ші -оңға; 2-ші бастапқы қалыпқа келу;3-ші-солға бұру.
2)Қолға. 1.Көбелекті ұстау(шапалақтау). 2.Масалардан өзін қорғау.
3)Денеге. 1. Жердегі гүлдерді жинау. 2.Сағаттың тіліндей оңға,солға иілу.
4)Аяққа. 1.Қоянға ұқсап секіру. 2.Бақаларға ұқсап отырып, тұру.
5)Табанды шынықтыру массажы.
Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.
Ғажайып сәт: Топқа бір жақ тісі ісіп кеткен,ауызнда бетпердесі, қолында дорбасы бар қоян жылап кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім жылап келген?
Балалар: Қоян, оның тісі ісіп кеткен.
Тәрбиеші:Қоян, сен неге соншама жылайсың? Жылама, мен саған тәтті бере- мін,-деп кәмпит ұсынады.
Қоян: (шошып) Жоқ,жоқ! Мен енді кәмпит көп жемеймін. Тісім содан ауыра- ды. Мен соны балаларға айтайын деп келдім. Қазір дәрігерге барамын, менің тісімді емдейді. Балалар, сендер тәттіні көп жемеңдер,жарайды ма? Өйткені мен сияқты ауырасыңдар. Балалар келіседі.
Тәрбиеші - Қоян осы сен неге бетперде киіп келдін?
Қоян – білмеймін деп, екі йығын көтереді.(бізде орманда барлық аңдар бетперде киіп жүр).
Тәрбиеші: Балалар,қалай ойлайсындар не үшін бетперде қажет.
(Балалардың жауабы тыңдалады).
Тәрбиеші:Коронавирус туралы қысқаша айтып кету.(Жеке гигиена сақтау, қолды антисептикпен жуу). Тәрбиеші: Ал,енді қоян қолындағы дорбада не бар? Қоян:білмеймін. Тәрбиеші: Олай болса қоян бәріміз бірге көрейік. Тазалық заттары: (Тазалық бұйымдары)- сабын,сүлгі, тарақ,айна бар екен деп олардың аттарын, түсін,құрылысын, не үшін керек екенін балалармен бірге сипаттайды. Сабынмен жуынамыз, сүлгімен сүртінеміз, тарақпен шашымызды тараймыз,айнаға қараймыз деп айтып түсіндіру. 1.Темірлан:Дымқылдап күнде сен, қолыңды сүйкесең, Кетіп кір-ласың, Тап –таза боласың. (сабын)
2. Карима: Ауызы жоқ, көзі жоқ,
Бірақ –та тісі бар
Басыңмен ісі бар. (тарақ)
3.Бексұлтан: Шомылған баланы
Аймалап алады,
Сүртеді қолын да
Сүртеді бетін де. (сүлгі)
4.Есбол: Күнде оған қараймын,
Қара шашты тараймын. (айна)
Тәрбиеші : Ал,енді қоян бетпердені не үшін кию керектігін білесін және дорбадағы заттарды енді білесін не үшін қажет екендігін. Қоян: ия,білемін, қазір дәрігерге барамын, менің тісімді емдейді.
Тәрбиеші:Дәрігерді біз өзіміз шақырамыз . Міне, өзі де келіп қалды.
Дәрігер:Қанеки,мұнда кім жылап отыр? Қоян сенбісің? Тісін ісіп кетіпті ғой.Тісіңді тазартып күтпейсің,сондықтан ауырады. Дұрыс па, балалар? (Дәрігер тіс жуатын мезгілді және күн тәртібін дұрыс сақтау жайында айтып береді).
Тәрбиеші:Балалар, дәрігердің айтқанын тыңдаймыз ба? Ендеше,біз қазір ойын ойнайық. (Дәрігермен қоян балалармен бірге ойнайды)