Просмотр содержимого документа
«"Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда" эстафеталқ сайыс»
Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөімінің «№35 «Балдырған бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
________________ Кабдрахманова М.М
« » қыркүйек 2017ж
«Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда»
(бөбекжай аралық денсаулық фестивалі)
Дайындаған: Төлегенова Г.Т
Өткізген: Төлегенова Г.Т
Ақтау қаласы
2017-2018 оқу жылы
Мақсаты:Балаларды негізгі қимыл-қозғалыстарды дұрыс орындауға үйрету.Қимыл белсенділігін, бұлшық еттерін дамыту. Балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау
Қолданатын құрал жабдықтар:кедергілер, ысқырық, қапшық, доп, арқан, керілген жіп, жеміс жидектер және т.б
Кейіпкерлер:Сайқымазақтар, Бүлдірген мен Күлдірген.
(Көңілді әуенмен балалар орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: -Бәрін бүгін шақырамыз
Спорттық алаңға жинап
Сайысымызды бастаймыз,
Спорттық сайысымызбен құттықтаймыз.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, қонақтар, жанкүйерлер. Бүгін, міне балабақша балаларының арасында өтетін «Біздің денсаулығым – өз қолымызда» - деп аталатын, спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Сіздердің салауатты өмір сүру салтын ұстану мақсатында, денсаулық фестиваліне шақырамыз.Фестивалімізді Қазақстан Республикасының гимнімен ашайық! (гимн орындалады)
Денсаулық фестивалімізді ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші: Шын жүректен әділқазы мүшелерін,
Қарсы аламыз шын ниетпенен
Әділ бола біледі әрқашанда,
Дұрыс шеше біледі әр уақытта!
Әділқазы алқаларымен таныстыру.
1. М.М Кабдрахманова
2.Д. Қарабалаева
3.М. Унайбаева
Жүргізуші:Жарысты бастамас бұрын бөлімдермен таныстырайын. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
Бүлдірген: Сәлеметсіздер ме балалар. Қандай әдемі, керемет. Балалар бұл жерде қандай мереке болып жатыр?
Күлдірген:Бүлдірген мен саған айттымғой, бүгін үлкен алаңда денсаулық фестивалі болады оған көптеген балалар жиналады, онда үлкен жарыстар болады, балалар өздерінің күштерін , ептіліктерін, шапшаңдықтарын сынайды.
Бүлдірген:Мен де өзімді сынап көрейін деп едім, сіздермен бірге жарыстарға қатысуға бола ма?
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
2-тапсырам: «Кім жылдам?»
Ойын шарты:Балалар кедергілерден аттап, қолын белге қойып, құрсаудан қос аяқпен секіріп, конустан айналып келеді, кай команда ойынды бірінші болып келсе сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
3-тапсырма: «Жеміс-жидек жинау»
Ойын шарты:Балалар құрсаудың ішіндегі жеміс-жидекті, бір-бірлем алып кедергілер арасымен жыланша жүгіріп өтіп, үлкен себетке жинайды.Кай команда жеміс-жидекті бірінші болып жинаса сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
4-тапсырма: «Допты жалғастыр»
Ойынның шарты:Команда ойыншылары бірінң артынан бірі қатарға тұрып, допты бір-біріне бастарынан асыра келесі балаға жалғастырады. Ойынды бастаған ойыншы допты басынан асыра келесі балаға береді де, өзі жүгіріп қатардың соңына келіп тұрады, Солай ойын өз мәресіне жетеді, қай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
5-тапсырма: «Кім епті?»
Ойынның шарты: Команда ойыншысы 1-керілген жіптің үстінен аттап өтеді, 2-керілген жіптің астынан өтеді. 3-керілген жіптің үстінен аттап өтеді, осылайша әр бір ойыншы ойынды әрі қарай жалғастыра береді. Қай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
6-тапсырама: «Қаппен секіру»
Ойынның шарты: Қапты кіиіп алып секіріп, кедергіден айналып өз орына келеді, келесі ойыншы ойынды жалғастырады, қай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
7-тапсырама: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Команда ойыншылары арқанның екі жағынан ұстап тартысадықай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.
Әділқазы алқалары әділ бағаларыңызды беріп отырыңыздар
Жүргізуші:Көрсетті міне өз өнерін балалар
Сайыстың да соңы таянар
Жеңімпазды анықтайық кәнекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.
Енді сайысымыздыңжеңімпаздары анықтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Қорытынды: Әділқазылар қорытындылау.
Жүргізуші:
Ұрпақ керек ертеңгі алда,
Болашақты болжайтын.
Елін, жерін қорғайтын!
Денсаулық- басты байлықөмірдегі,
Нәр беретінасыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өмірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау балалардың қолында. Денсаулықтың кепілі- салауаттылық. «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда»- деген ұранмен спорттық эстафеталық жарысымызды осымен аяқтаймыз. Белсенділік танытып жарысқа ат салысқандарыңызға размет.