Бекітемін: Р.Құлбарақ Дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Күні
14.12.2016ж
Сыныбы
5Б
Сабақтың тақырыбы
Тоқтау, бұрылу әдістері.
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін меңгеру, үйрету, орындату.
2.Дамытушылық: Дененің қимыл-қозғалысты жетілдіру, жеке тұлғаны
қалыптастыру,дамыту.
3.Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа, спорттық ойындарды жие
ойнауға тәрбиелеу.
Өтетін орны
Спорт зал.
Керекті құралдар
Ысқырғыш, доп, секундомер.
№
Сабақтың мазмұны
Жүктеме
Әдістемелік нұсқаулар
1
Кіріспе ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сынып түзел, тік тұр! Кезекшінің баяндамасынан кейін оқушылар түгелдеу. Оң-ға! Солға! Артқа бұрыл! Нұсқаларын орындату.
Жаңа сабақпен таныстыру.
10 – 15мин
Спорттық киімдерін тексеру
Дұрыс орындалуын қадағалау.
2
3
4
Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1.Б.қ. Қол белде аяқ иық деңгейінде басты алға 4рет, солға 4рет айналдырамыз.
2. Б.қ. Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз.
3. Б.қ. Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға 3,4 оңға 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз.
4. Б.қ. Сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз, 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз.
5. Б.қ. Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізде оңға 4рет солға 4рет айналдырамыз.
6. Б.қ.н.т. 1.Қол жоғары шалқаямыз. 2.Қол еденде еңкейеміз. 3.Қолды алға созып отырамыз.4. Б.қ.
7. Б.қ. Қолымызды алдымызда созамыз сол аяқты оң қолды, оң аяқты сол қолға тигіземіз.
8. Б.қ.Қол тіземізде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4ретайналдырамыз.
Жүру жаттығулары
Қол жоғарыда аяқ ұшымен жүреміз
Қол желкеде өкшемен жүреміз.
Қол алда жартылай отырып жүреміз.
Қол желкеде отырып жүреміз.
Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар. Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз. Қол белде оң жақ, сол жағымызбен ауысып жүгіреміз. Қол алда тізені қолға тигізіп жүгіреміз. Алақан артта өкшені алақанға тигізіп жүгіреміз. Баяу жүру, қолды жоғары көтеріп демді ішке алып, төмен жүгіріп демді шығарамыз.
4 – 5мин
Денені тік ұстап тұру.
Жауырынды қоса қимылдату.
Белді қоса бұру
Барынша иілу
Денені тік ұстап бел ғана айналады
Тізені бүкпеуге тырысу
Тізені бүкпей аяқты көтеру
Денені тік ұстап басты жоғары көтеріп жүру. қадағалау.
Қатармен ара қашықтықты сақтап жүгіру.
Демалуды қалпына келтіру.
Негізгі бөлім
20 – 25мин
Допты мұқият беру.
Қолдың, аяқтың дұрыс қимылдауын қадағалау. Оқушылардың белгісімен саусақтарына мән беру, қателіктерін дұрыстау.
1)Екі немесе бір қатарға тұрғызып допты қатардан беру (оң және сол иықтан беру).
2)Екі қатарға тұрып, бір-бірлеп шығып допты жоғарыдан беру.
3) Екі өатарға тұрып, сол аяқты алға қойып, оң және сол иықпен беру.
4)Екі қатарға тұрып, бір-бірден шығып екі адым жасап, себетке лақтыру.
5)Екі қатарға тұрып бір-бірден допты алып жүру, тоқтау себетке лақтыру.
6)Екі баскетбол себетінің орнына кеглилер қойылады, оқушылар кеглилер арасымен ирелеңдеп жүріп шығу. Яғни оң, сол қолмен алып жүру.
7)Баскетбол ережесімен ойналады.
Қорытындылау бөлім
4 – 5 мин
Б.қ. келу жаттығулары
Жекелеп баға қою
Оқушыларды сапқа тұрғызып, ағзаларын бастапқы қалыпқа келтіру. Жақсы көрсеткішке ие болған, сабақты жақсы меңгерген оқушыларды атап өту, бағалау.
Үйге тапсырма. Баскетбол добын соғып үйрену.