Бекітемін:__________________ Алдабергенова Р.А.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Алдабергенов Нұрым.Шонаевич
Күні
17.02.2017 ж
Сыныбы
7 « Ә »
Сабақтың тақырыбы
Баскетбол. Ойынның ойнау шеберлігін үйрену.
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Білім беру сауықтыру,дене бұлшық еттерін шынықтыру.
2.Дамытушылық: Денсаулықты жақсарту, ептілікті,төзімділікті, және жылдамдықты дамыту.
3.Тәрбиелік: Патриоттық сезімді, достыққа және мейірімділікке оқушыларды үйрету.
Өтетін орны
№ 1 орта мектеп спорт залы
Керекті құралдар
Баскетбол добы, ысқырық, баскетбол қалқаны.
№
Сабақтың мазмұны
Жүктеме
Әдістемелік нұсқаулар
1
Кіріспе ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сынып түзел, тік тұр! Кезекшінің баяндамасынан кейін оқушылар түгелдеу. Оң-ға! Солға! Артқа бұрыл! Нұсқаларын орындату.
Жаңа сабақпен таныстыру.
10 – 15мин
Спорттық киімдерін тексеру
Дұрыс орындалуын қадағалау.
2
3
4
Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
1.Б.қ. Қол белде аяқ иық деңгейінде басты алға 4рет, солға 4рет айналдырамыз.
2. Б.қ. Аяқ иық деңгейінде, қолды иыққа қойып алға, артқа иығымызды айналдырамыз.
3. Б.қ. Қол кеуде тұсында аяқ иық көлемінде 1,2 алға 3,4 оңға 1,2 алға 3,4 солға қолды ашып жаямыз.
4. Б.қ. Сол қол белде, оң қолды жоғары көтереміз, 1,2 оңға 3,4 солға иілеміз.
5. Б.қ. Қолымыз белімізде, аяқ иық көлемінде белімізде оңға 4рет солға 4рет айналдырамыз.
6. Б.қ.н.т. 1.Қол жоғары шалқаямыз. 2.Қол еденде еңкейеміз. 3.Қолды алға созып отырамыз.4. Б.қ.
7. Б.қ. Қолымызды алдымызда созамыз сол аяқты оң қолды, оң аяқты сол қолға тигіземіз.
8. Б.қ.Қол тіземізде, тіземізді ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4ретайналдырамыз.
Жүру жаттығулары
Қол жоғарыда аяқ ұшымен жүреміз
Қол желкеде өкшемен жүреміз.
Қол алда жартылай отырып жүреміз.
Қол желкеде отырып жүреміз.
Жүгіру кезінде орындалатын жаттығулар. Бір қалыпты алаңды айналып жүгіреміз. Қол белде оң жақ, сол жағымызбен ауысып жүгіреміз. Қол алда тізені қолға тигізіп жүгіреміз. Алақан артта өкшені алақанға тигізіп жүгіреміз. Баяу жүру, қолды жоғары көтеріп демді ішке алып, жүріп демді шығарамыз.
4 – 5мин
Денені тік ұстап тұру.
Жауырынды қоса қимылдату.
Белді қоса бұру
Барынша иілу
Денені тік ұстап бел ғана айналады
Тізені бүкпеуге тырысу
Тізені бүкпей аяқты көтеру
Денені тік ұстап басты жоғары көтеріп жүру. қадағалау.
Қатармен ара қашықтықты сақтап жүгіру.
Демалуды қалпына келтіру.
Негізгі бөлім
Оқушылар 3-4 оқушыдан корзинаның алдына сапқа тұрады. Қашықтық
3 – 4 метр болуы керек. Кезекпен – кезек екі қолмен корзинаға
лақтырады да,допты қайтарушы оқушының орнына барады сосын
допты келесі оқушыға беріп өзі саптың соңына тұрады. Осылай бірнеше
рет қайталайды. Әр топта 3 оқушыдан 2 доппен осы жаттығуды
жасайды, босаған оқушы допты алып береді. Оқушылар алаңының бір
шеткі сызығына қапталдап тұрады. Мұғалім қарсы бетте тұрады.
Әуелі 1 қатар сосын келесі қатар алып жүреді. Шапшаңдық
Мұғалімнің қолымен берген белгісіне байлансыты өзгереді. Мұғалімнің
Қолы алдында созулы – допты адымдап алу жүру, қолы жоғары көтерілсе
жүгіріспен алып жүру, қолы төмен түсірілсе – тоқтау, біріақ допты
түсірмей еденге ұрып тұрады. Егер мұғалім екі қолын жоғары көтерсе
допты алып келе жатқан қол ауыстырылады. Бұл жаттығу бірнеше рет
қайталанады.
Қорытындылау бөлім
4 – 5 мин
Б.қ. келу жаттығулары
Жекелеп баға қою
Оқушыларды сапқа тұрғызып, ағзаларын бастапқы қалыпқа келтіру. Жақсы көрсеткішке ие болған, сабақты жақсы меңгерген оқушыларды атап өту, бағалау.
Үйге тапсырма.