Мотивациялық – қозғаушылық | 1. Бір қатар сапқа тұру. 2. Сәлемдесу. (Нұсқауларды орындау). Арнаулы жаттығулар: -тізбекпен жүру; -қол белде, аяқты кезек-кезек жоғары көтеріп жүру; -баяу жүгіру; -жай жүріспен жүру. Балаларға үлкенсебеттегі кішкентай доптарды беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. | Тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады. Сәлемдеседі. Бірінің артынан бірі жүріп, жүруге арналған жолдармен жаттығуларды орындайды. Кішкентай доптарды алып, бірінің соңынан бірі жүріп,шеңбер құра дөңгеленіп тұрады. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік | Жан жақты дамыту жаттығулары: (Кішкентай доптармен) 1. Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: «Допты иыққа тигіз!» Бастапқы қалып:негізігі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру. 1.Екі қолмен ұстаған допты алға созу; 2.Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу; 3.Екі қолмен ұстаған допты алға созу; 4.Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу; 5.Бастапқы қалыпқа келу. 2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: «Иілу» Бастапқы қалып:негізгі тұрыс, допты қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ. 1.Допты қос қолмен жоғары көтеру; 2.Допты алға созып иілу; 3.Бастапқы қалыпқа келу. 3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: «Алға артқа секіру» Бастапқы қалып: аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау. 1.Алға қос аяқпен секіру; 2.Артқа қос аяқпен секіру; 3.Бастапқы қалыпқа келу. Тыныс алу: тік тұру. допты алақанға қою. алақандағы допты үрлеу. (Мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару). Негізгі қимыл жаттығулары: 1.Бір қатармен баяу және жылдам жүру. (Педагогтің соңынан бір қатармен ілесіп жүру). 2.Қол ұстасып, шеңбер жасау. «Қуыршақтарға қонаққа бару» ойыны: 1.Ойын шартын түсіндіру. 2.Балалармен бірлесе ойнау. | Шеңбер құрып тұрады. Нұсқауларды орындайды. Допты алға созып, қос иыққа кезек-кезек тигізді. 3-4 рет Допты ұстап, алға қарай иіледі. 3-4 рет Қос аяқпен алға, артққа секірді 3-4 рет 2-3 рет Допты үлкен себетке өздері салады. Бір-біріне кедергілер жасамай, арақашықтықты сақтап жүреді . Бірінің қолынан бірі ұстап, айнала шеңбер болып тұрады. Бірлесе ойналады. |