Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Жалпы дамыту жатты?улары"»
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Казанка орта мектебі
Ашық сабақ
«Жалпы дамыту
Жаттығулары»
Өткізген: Науанов Ж.Д.
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жалпы даму жаттығулары.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып ақыл-ой тәрбиесін беру.
Жалпы даму жаттығуларының негізгі талаптарына сай ережелер және жаттығулар бойынша білім беру.
Денсаулықты арттыруға, денені жетілдіруге адам организмін бір қалыпты дамыту.
Сабақтың мазмыны: Оқушыларды жалпы даму жаттығуларымен таныстыру
Құралдары: гимнастикалық таяқ, кішкене доп, секіртпе, қысқа жіп, гимнастикалық қабырға.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сыныптын сапқа дайындығын қадағалау.
Сапқа тұрыңдар! Түзу тұрыңдар! Тік тұрыңдар!
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен балаларды таныстыру.
ІІ. Сабаққа дайындық:
Жаттығулар: (5 минут)
Қолды жоғары көтеріп аяқтын ұшымен жүру;
Қолды мойынға қойып, жартылай отырып жүру;
Жартылай отырған қалыпта екі аяқпен секіру;
Жүгіру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар:
11-12 жастағы оқушылар пайдаланатын гимнастикалық таяқтың ұзындығы 78 - 80 см, диаметрі 1-2 см болуы керек. Үйде орындайтын жаттығулар үшін мектеп шеберханасында гимнастикалық таяқты оқушылар өздері даярлау алуына болады. Таяқпен орындалатын жаттығулар көзбен мөлшерлей білуге және бұлшақ етті дамытуға көмегін тигізеді.
Негізгі тұрыс – таяқты арқа сыртына тігінен ұстап тұрып, отырып, тұру.
Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты арқа сыртында тігінен ұстап тұрып, бір бүй ірге қарай қисаю.
Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде қойып, ал таяқты горизонталь бағытта төмен түсіріп ұстап, оны сол қалыпта жоғары көтеру.
Екі аяқты иық кеңдігі мөлшерінде, ал таяқты горизонталь қалыпта арқа сыртында шынтақтың ішінен өткізіп ұстап тұрып, кеудені бүйірге қарай ию.
Негізгі тұрыс – таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, сол қалыпта жоғары көтеріп, төмен түсіріп, арқа сыртына апарып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Таяқты горизонталь қалыпта төмен түсіріп ұстап, үстінен алға және артқа аттап өту.
Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, еденге сызылған сызықтың бойымен немесе гимнастикалық орындықтың үстімен жүру.
Таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, 5-10 адым алға қарай жүру.
Тізерлеп тұрып, таяқты алақанға шаншыған сияқты тігінен ұстап, оны құлатпай тұру және қайтадан тізірлеп тұру қалпына келу.
Ескерту:негізгі тұрыс қалпында таяқ оң аяқтың ұшы жанында тік тұрып, ал жүрген кезде сол иықта ұсталуы керек. Таяқпен еркін тұрудың ең жақсы қалпы екі аяқты алшақ қойып, таяқты горизонталь қалпта төмен түсіріп ұстап тұру болып табылады.
Кішкене доппен орындалатын жаттығулар:
Доппен жаттығулар орындауға салмағы 65 -70 г, диаметрі 20 – 22 см болатын теннис немесе резеңке доптар пайдаланылады.
Допты жоғары лақтырып, оны отырыңқырап барып қағып алу.
Допты жоғары лақтырып, оны отырыңқырап барып сол жақтан (оң жақтан) қағып алу.
Түрігеліп тұрып, допты бір қолмен екінші қолдың астынан иықтан асыра лақтырып, алдыңғы жақтан екі қолмен қағып алу.
Бір аяқпен тұрып, допты бір қолмен екінші қолдың астынан иықтан асыра лақтырып, алдыңғы жақтан екі қолмен қағып алу.
Етпетінен жатып, допты екі қолмен жоғары лақтырып, қағып алу.
Допты жоғары лақтырып, тізірлеп отырып қағып алу; тізірлеп отырып жоғары лақтырып, түрігеліп қағып алу.
Жерде отырған қалыпта допты жоғары лақтырып, жата қалып қағып алу.
Бір қолмен жоғары лақтырылған допты екінші қолмен үстіңгі жағынан қуалай барып ұстау.
Секіртпе және қысқа жіппен секіру жаттығулары:
Секіре жүріп, екі аяқты бір-бірінен бірте-бірте алшақтатып және қайта жақындату.
Осылыйша секіруді бір аяқты алға, екінші аяқты артқа қою арқылы орындау.
Бір аяқты алға және артқа қарай сермеп тұрып, екінші аяқпен секіру.
Бір аяқты сыртқа, ішке және алға сілтей жүріп екінші аяқпен секіру.
Екі аяқты бірге ұстап, бұрыла секіру.Секірпені екі бүктеп, тұйықталған ұшы еденге тиіп жататындай етіп ұстап пайла болған тұзақтан алдымен бір аяқты, содан кейін бүкіл денені өткізу.
Екі бүктелген секіртпенің ұштарынан екі қолмен ұстап, одан секіруп өту.
Екі аяқты бірге ұстап, әрбір екінші саннан кейін секіртпені аяқтың астынан өткізіп секіру.
Гимнастикалық қабырғада қарап үшіншішабақта тұрып, кеуде тұсындағы шабақтағы ұстап, қолға күш сала отырып, тұру; осы ретпен бір аяқты артқа соза отырып, тұру.
Гимнастикалық қабырғаға қол күшімен өрмелеу.
Бір адым қашықтықта арқаны гимнастикалық қабырғаға қаратып тұрап, бір аяқты үшінші шабаққа қойып, еңкею және шалқаю.
Бір адым қашықтықта қабырғаға қарап тұрып, бір аяқты бел тұсындағы шабаққа қойып, екі қолды екі жаққа созып ұстау не иыққа қою немесе жоғары көтеру; алға қарай еңкейіп, осы қалыпта қолды жоғары көтеру.
Осы қалыпта қабырғаға бір қырынан тұрып, бір жақ жанына қисаю.
Қабырғаға арқасын қаратып асылып тұрып, екі аяқты кезекпен тізеден бүгіп жоғары көтеру.
IV.Екі жақты баскетбол ойыны.
V. Сабақты қортындылау: Оқушыларды қатарға сапқа тұрғызып, бағалау