Саба? барысында техникалы? о?ыту ??ралдары - видеокамера, фотоаппарат, мультимедиалы? аппарат, экран, компьютер тиімді ?олданылды. Озат т?жірибені ме?герту, болаша? маманды?ыны? ?ыр-сырын тере?нен танып білуге, ?з ойын толы?, ж?йелі т?рде жеткізу ма?сатында ?ткен «Ырыс е?бекпен келеді» семинар ?ткізіліп, о?ан арнайы мамандар ша?ырылып, болаша? фермерлерді жеке т?л?а ретінде ?алыптасуына, к?сіби білімдерін іске асыру?а.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Aшы? саба? та?ырыбы "?оян ?она?та"»
Сайыс сабақ
Сабақ тақырыбы: «Ақылды тақия»
Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық
білімін кеңейту; оны ұштау.
2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,
жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі
тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.
3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,
өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып,
түсіндіре дамыту.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды да «Ақылды тақия» сайысына қош келдіңіздер дегім келеді.
Өзінің аты айтып тұрғандай бүгінгі сайыс – қорытындысы ақылды, білімпаз оқушының қанжығасына байланбақшы. Сондықтан біз бүгін жайына көп тоқталмақшымыз.
Көрініс:
«Аталар сөзі – ақылдың көзі»
Қария: - Балам, осы адамға ақыл беретін кімдер деп ойлайсың?
Бала: - Ой, ата,ол деген ана тілі ғой адамға ақыл беретін.
Қария: - Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға аыл беретін ата-ана,
ұстаз, оның досы.
Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне
айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді, балам.
Қария: - Балам, сен ендеше мынаны акйтшы? Адамның ақылы қайда?
Бала: - Ой, ата адамның ақылы тілінде емес пе?
Қария:- Жо-жоқ, балам, тыңдап ал, есіңде болсын: Ханның ақылы -тағында
Ананың ақылы- жасында
Жігіттің ақылы-жақсылығында
Ал, Ғалымның ақылы- басында
балам, Иә балам ғалымның ақылы басында...
Жүргізуші: Ғалым- ол өте білімді тұлға олай болса, қариялардың дана
сөздерін ағы бір қайталап өтсек; Ғалымның ақылы басында
дейді.
Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды
тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін.
Алдымыздағы білімпаз оқушылардан ұлы ұстаздар, ұлы –
ғалымдар шықпасына кімнің таласы бар. Олай болса, ортаға 7а және 7б сыныбынан озық ойлы оқушыларымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Таныстырады.
Жүргізуші: Алдыңызда 1-4 дейінгі нөмір белгіленген. Өзіне тиісті нөмірді алуға шақырып, орынарына отырғызуын сұрайды. Және қорытындысын шығаратын әділ қазылар алқасын сайлайды. Есептеу комиссиясын сайлайды.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын алдымда тұрған тақия туралы айтып өтсем. Бұл тақия – «ақылды тақия» деп аталады. Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған оқушы осы «Ақылды тақияның» иегері болады Сонымен қатар, бүгінгі сайыстың өзі басқа киетін бас киімдер мен олардыңтүрлері қадір – қасиеті туралы болмақшы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз:
«Ақылды тақия» сайысының
Бағдарламасы:
І. тур. 1) Бәйге
2) Орамал тастамақ
3) Құнды сәукеле
ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер
2) Жұмбақтар әлемі
3) Математикалық мақал-мәтелдер
ІІІ тур. 1) Ақынжанды болу үшін
Математик болу керек
2) Егер де...
І Тур.
І Бәйге.
Бәйге сұрақтары оқылады.
Ұшбұрұштардың түрлерін ата.
Тік бұрыш деген не?
105 =?
Шеңбер деген не?
Гипотенуза деген не?
Тағыда басқа сұрақтар қойылады.
ІІ. «Орамал тастамақ» ойыны.
Ойын шаршы: Орамалдың өзі қандай фигураға тәріздес? (Шаршы)
Олай болса, 4 ұшына 4 түрлі кәмпит байланған және әр кәмпитте нөмірлер белгіленген. Әр топ өз кәмпитін, өз нөмірін алып ішіндегі тапсырмаға жауап береді.
Мысалы: Арифметикалық амалдарды қолдана отырып, жұлдызшаның орнына қойып теңдікті орында
2*2*2*2*2=6
2*2*2*2*2=7
Тақтаға орындап көрсет.
ІІІ. Құнды сәукеле сайысы.
Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар.
Сәукелені әшекйлеген.
І төмендегі бөлігі – күміспен көмкерілген ұпайы – 10
ІІ ортанғы бөлігі – алтынмен апталған ұпайы – 20
ІІІ жоғары бөлігі – жақұтпен жарқыраған ұпайы – 30
Күміс бөлігінде – 3 сұрақ
Алтын бөлігінде – 3 сұрақ
Жақұт бөлігінде – 2 сұрақ
Бұл сайыстың шарты ретсіз сөйлемді ретке келтіру
Мысалы: ішкен – жегенін, айтады, Ақымақ
көрген – білгенін, айтады, Ақылды. т.с.с.
ІІ. Тур.
І. Құпиялы бөріктер
(Тақтада плакатта бас киімніңсуреттері салынған. Тымақ, бөрік, тақия, сәукеле, қалпақ).
Бас киімдердің астында тапсырмалар жасырылынған.
ІІ.Жұмбақтар әлемі.
Темір тілді, сыңғыр үнді
Көкте туып, жерде өледі
Тек тебіне бермесең
Топжылмайтын шабақ ат. т.с.с
ІІІ. Мақал – мәтелдер сайысы
Барлығы қатысады. 1,2,3,7,8,9,25,40,30,100,1000 т.с.
Цифрларына мақал – мәтелдер айтып жарысады.
ІІІ. Тур
«Ақын жанды болу үшін,
Математик болу керек.»
Тапсырманың шарты бірінші жол айтылып, ұйқасы мен мағынасын өзі тауып аяқтайды.
Мысалы: Мен ақынмы, ақынмын...
немесе
Қарсыласым қалыспа...
Сайыс қорытындысы шыққанша, көрермендер ойыны ойналады және
концертік бағдарлама қойылады.
Сайыста жеңген топтар шақырылып, даярланған «Ақылды тақия» бас киімі кигізіліп марапаттау рәсімі жүргізіледі.