Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақтың тақырыбы: Шахмат ойындарының жүріс-тәсілдері»
HD 1920×1080
Youtube.com
Математика, НИШ, Онлайн урок, система координат
Шахмат – ми гимнастикасы
Жарияланды 30-04-2013, 12:08 Категориясы: Тәрбие сағаты
Шахмат үйірмесінің тәрбие сағаты
Тақырыбы: Шахмат – ми гимнастикасы. Мақсаты: Оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін жетілдіру. Салауатты өмір салтын насихаттау. Түрі: Дәстүрлі емес. Әдісі: Жарыс - сайыс, сұрақ - жауап, топпен жұмыс. Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, тастары, шахмат ойынына арналған белгілегіш сағат, магнитті шахмат тақтасы мен тастары, сұрақ таңдауға арналған көрнекі тор көз қағаз фигуралар. Пәнаралық байланыс: Математика, дене шынықтыру, бейнелеу өнері. Сайыстың барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Оқушыларды екі топқа бөлу. ІІІ. Әділқазы алқаларымен таныстыру.
ІV. Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен! Бүгін шахмат үйірмесіне қатысатын 5 - сыныптар, 6 - сынып, 7 - сыныптар оқушыларының «Шахмат - ми гимнастикасы» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық. Ортаңызға екі топ сайысқа түскелі отыр. Олай болса сайысымызды бастайық. Екі топтың сайыскерлеріне шахмат тастары бейнеленген ақ және қара түсті тәж кигізіледі. І топ. «Шах» (Ақ түсті тәж) ІІ топ. «Мат» (Қара түсті тәж)
Өнерпазды жарау аттай баптасын, Жүлде алып, ел намысын сақтасын. Өнерімен танылып бүлдіршіндер, Ел сенімін еңбекпен ақтасын,- деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін. Таныстыру.(Топтың аты, ұраны) І. Бәйге. Викториналық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан қойылады) ІІ. Көкпар. Сұрақ жауап.(Шахмат тақтасында тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау) ІІІ. Жорға.(Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру) ІV. Шахмат жарысы.(Әр топтан бес оқушыдан шығып, екі топ шахмат ойнаудан жарысқа түседі) Қорытындылау.
Кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастайық. Жарыс десе өртеніп жанып тұрар, Сусындап сол жарыстан қанып тұрар. Сегіз қырлы бір сырлы сайыскерлер, Кез келді деп өзін - өзі таныстырар,- дей келе кезекті таныстыруға берейік. Ақ тәж киген «Шах» тобының ұраны: Шахматты біз ойнаймыз, Амал тәсіл ойлаймыз. Патшаға қауіп төндіріп, Шах жасауды қоймаймыз. Қара тәж киген «Мат» тобының ұраны: Жекпе - жекке түскенде, Ұнатамын жеңгенді. Жүрістердің төресі, Матқа кім тең келеді.
І. Бәйге. Викториналық сұрақтар. Әр топқа бес - бестен сұрақ қойылады. Соған жауап берейік. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі. І топқа: І. Шахмат ойынында қанша түрлі тас бар? (Пешкі, піл, ат, тура, уәзір, патша) 2. Ми жұмысына арналған қазақтың ұттық спорт түрін атаңыз? (Тоғызқұмалақ) 3. Шахмат ойынында қандай тас және қай жағдайда басқа тасқа айнала алады? (Пешка. Жаудың төріне шыққанда) 4. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64) 5. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)
ІІ топқа: 6. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу) 7. Қазақстандық шахмат жұлдыздары кім? ( Динара, Жансая) 8. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан) 9. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль) 10. Шахмат ойынының тұмар белгісінде қандай фигура бейнеленген? (Ат)
ІІ. Көкпар. Сұрақ - жауаптар. Көрнекі шахмат тақтасындағы тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау. Кез келген бір тасты таңдап алып, ондағы сұраққа жауап береміз. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі. а) Шахмат ойынының басты мақсаты не? (Патшаға мат қою) ә) Шахматта дебют термині не ұғым береді? (Ойынның басқы кезеңі) б) Егер ат бұрышта тұрса оның неше жүріске мүмкіндігі бар? (Екі жүріске) в) Егер піл бұрышта тұрса оның неше жүріске мүмкіндігі бар? (Бір жүріске) г) Патшаға шабуыл қалай аталады? (Шах) ғ) Миттельшпиль ойынның қай кезеңіне жатады? (Ойынның ортаңғы кезеңі) д) Шахмат тастарының орналасуын атаңдар? (Тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура, екінші қатарда пешкалар) е) Шахмат ойыны ең алғаш қай елде пайда болған? (Үндістанда)
ІІІ. Жорға. Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру. Әр топтан бір - бір баладан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті әрі қарай жалғастырады, үш пар ойыншыдан қатысады, жеңген топ сайыскеріне 5 ұпай беріледі.
ІV. Шахмат жарысы. Әр топтан бес ойыншыдан шығып, арнайы дайындалған үстел үстінде шахматшының уақытын есептегіш сағаттарды белгілеп отырып, екі топ жарысқа түседі. Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Шахмат жарысындағы сағат бойынша іріктелген жеңімпаздармен, ұпай бойынша жеңген топ марапатталады.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Ілмек сөздер: Шахмат үйірмесі, тәрбие сағаты, сайысЖариялаған Касымова Оқылды: 13799 (рет) | Пікірлер: 0Баспаға шығару
Басқа жаңалықтарды оқу:
Tommy Hilfiger - финальная распродажа!
Лео Бокерия о смерти Марьянова
Непростые бойцы пришли на помощь России в Алеппо
Засекреченные факты о фильме "17 мгновений весны"
Информатик – интеллектуал
(Информатика)
Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы
(Математика)
Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?
(Тәрбие сағаты)
Есеп, неше жас. Ауызша қосу және азайту.
(Ма
икипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Солдан оңға: ақ патша, қара тура, қара уәзір, ақ пешка, қара ат және ақ піл
Шахмат — ақыл-ой спорт түрі. Шахмат сөзінің мағынасы парсышадан патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді. Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады.
Мазмұны
[жасыру]
1Ережесі
1.1Шахмат тастарының жүрістері
1.2Ойын басы
2Тарихы
3Түсініктемелер
Ережесі[өңдеу]
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойын тақтасы 64 шаршыдан тұрады. Ойының басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті он алты тас (шахмат фигурасы) болады: бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка. Ойынның мақсаты қарсыластың тастарын шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
Шахмат тастарының жүрістері[өңдеу]
Патша жүрістері
Тура жүрістері
Піл жүрістері
Уәзір жүрістері
Ат жүрістері
Пешка жүрістері
Ойын басы[өңдеу]
Ойын басындағы тастар жайғасымы
Бастапқы жайғасым: бірінші қатар: тура, ат, піл, уәзір, патша, піл, ат, тура; екінші қатар: пешкалар
Тарихы[өңдеу]
1969 жылғы қазақ жазуының соңғы орыстандыру емле реформасына дейін қазақ тілінде дәстүрлі шатыраш (санскрит chatur anga → пракріттер: chatur anja — төрт бұрыш → арабша: шатрандж) делініп келді. Үнді аңыздары бойынша, билеуші Шерам шахматпен ең алғаш танысқан кезде, оның өзгешелігіне, әр түрлі әдемі комбинациялардың байлығына масаттанды.[1]Ал осы ойынды ойлап шығарған дана оның қол астында екенін біліп, билеуші оған ерекше алғыс білдіргісі келді. Сонда әмірші үнді данышпанның кез келген бұйымтайын орындауға уәде береді. Ал дана оны бидай дәнімен таң қалдырады. Берілген шарт бойынша данышпанға шахмат тақтасының бірінші шаршысына бір, екінші шаршысына екі, ал келессі шаршыларға бұрынғыдан екі есе артық (1 + 22 + 23 + 24 + … + 263 = 264 – 1) бидай дақылдары берілуі тиіс еді және билеуші осы санның қанша екенін білмей, оны данаға лезде беруді бұйырды. Магараджи есептеушілері бұл санды түні бойы есептеп, таңертен ғана математикалық шешімге келіп, оның мүмкін емес екенін әміршіге түсіндіреді. Себебі данышпан айтқан сан бүкіл Үндістанның бидай дәндер санына, тіпті бүкіл әлемнің бидай дәндері санына жетпейді екен. Бұл сан - 18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 073 миллиард 709 миллион 551 мың 615. Осы мысал арқылы біз математиканың шахматта жасырған таңғажайып мүмкіншіліктеріне көз жеткізе аламыз.
Шахматтың пайда болу тарихы туралы тағы да бір гипотеза бар. Осы гипотеза бойынша шахмат сиқырлы шаршылардан пайда болды. N Тәртібі бойынша құрастырылған сиқырлы квадрат 1 және n2 аралығындағы бүтін сандардан тұратын n х n квадратты кестеден құрастырылған. Берілген кесте ерекшелігі: әрбір жол/бағана сандар қосындысы шахмат тақтасының екі маңызды диагональ сандарының қосындысына тепе-тең келеді. Саны сегізге тең сиқырлы шаршы үшін әрбір жол/бағана/маңызды диагональ қосындысы 260-қа тең.
Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің дәуірімізге дейін 1000 жыл бұрын үндістандықматематик ойлап тауыпты. Ал кейбір деректер бойынша, шахмат біздің дәуірімізге дейін II-III ғасырда Мысыр, Иракжәне Үндістанда пайда болған. Алайда, бұл ойыны туралы дәлелді нақты ақпарат болмағандықтан, көптеген тарихшылар шахматтың тарихын біздің дәуірімізден кейінгі 570 жылдан басталады деген тоқтамға келіп жүр. Шахмат туралы парсы дастандарында осы дәуірдің 600 жылдарында Үндістанда пайда болған деп жазылған. Ғасырлар бойы елге аса танымал болған шахматтан ресми әлем чемпионаты 1886 жылы өтті. Одан бері 14 шахматшы ғана жоғары дәрежелі атақты иеленді.
Даңқты чемпиондар деген бірінші болып ауызға Стейниц мен Ласкер, Капабланк, Алехин, әлем чемпионы Ботвинник ілінді. Ғасырлар көшіне ілесіп, өркениетті басып озып келе жатқан шахматтың тарихы әркімді-ақ қызықтырары даусыз. Археологиялық жәдігерлерге қарап біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырда Ассирия, Месопотамия және Мысырда халықтардың тақтайға тас қойып ойнағаны білеміз. Кейіннен бұл ойын әскери сипатқа ие болған. Әскери шендегі ойыншылар ұтысқа адам қанын садақа еткен. Мысалы, Ежелгі Мысырда (б.з.д 1270 жылы) «тау» ойыны, Грекияда(б.э.д. V) «петтеия», ал Римде (б.э.д. I-II) «латрункули» деген құмарлық ойыны болған.
Тарихшылардың дін көпшілігі шахматтың ережесі Үндістанда шыққан дегенмен келіскенімен, кейбірі оның тарихын Қытай мен Месопотамиямен байланыстырып жүр. Арабтардың Парсыны жаулап алуы ислам әлемінің осы ойынды жете игеруіне жол ашты. Алайда, арабтар аталмыш ойынды «шатрандж» деп атады. VIII-IX ғасырларда Араб Халифатында «шатрандж» кеңінен таралды. Алайда, ислам тақтай бетіндегі таста адам мен жан-жануарлар мүсінінің салынуына тыйым салынған. Діни қақтығысқа жол бермей үшін сәулетшілер шахмат фигураларын белгісіз бейнелермен алмастырды. Бұл фигуралар қарапайым халықтың қалтасына ауыр тимеді.
Батыс Еуропада шахмат XI ғасырдан басталады делінгенмен ол бұдан екі ғасыр бұрын белгілі болды. XI-XII ғасырларда феодалдар арасында танылды. Ақшалай ұтысты Батыс Еуропа шарықтатып жіберген. Рим котолик шіреуіойынға қанша тыйым салғанымен еш нәтиже бермеді. Кейіннен 1400 жылы тыйым мүлдем алынып тасталды. Кастилия мен Леонның королі Альфонс X Данагөй бұйрығымен Испанияда 1283 жылы «Ойын кітабы» атты 1 томдық қолжазба жарық көрді. Онда шахматтың 103 тапсырмасы көресетілген. Шахмат тастарын қалыптастырушылардың бірі Цессолес өз заманында: «Шахмат тақтайшасындағы әрбір тастың өмірдегі атқаратын құқығымен қатар, міндеттері бар»,- деген екен.
Компьютерлік шахмат тақтасы (испандық нұсқа).
1947 жылы Испанияда Францеска Висентаның «1495 100 тапсырма» және Луиса Рамиреса Лусенының «Шахмат өнерінің құпиялары» атты кітаптары алғаш рет баспаханадан шығарылды. Тіпті, XVI ғасырда Еуропада Марк Иероним «Шахматтың түрлері» атты дастан жазып қалдырған.
1575 жылы Мадридте король Филипп II-нің хансарайында испандық Рюи Лопеса және Альфонс Серонаның италяндық Джованни Леонардо мен Паоло Бои арасындағы өткен шешуші ойын тарихта алғашқы халықаралық турнир болып саналады. Онда испандық шахматшылар жеңіске жеткен. 1836 жылы Лабурдоннеде әлем бойынша шахмат туралы «Паламед» деген журнал шығарылды. Кейіннен 1837жылы Ұлыбританияда және 1846 жылы Алманияда осы тектес журнал жарыққа шықты. 1851 жылы Лондондатұңғыш рет халықаралық турнир өткізілді. Онда Андерсен деген шахматшының жұлдызы оңынан туып, жеңімпаз атанды. Тіпті, ол екінші халықаралық турнирді де бағындырған. 1867жылы Парижде өткен үшін додада Колиш жеңімпаз атанды. Матчта алға шыққан Стейниц алғашқы әлем чемпионаты атанды.