Сабақтың міндеті: а) Дене жаттығуларын дамыту арқылы денсаулықты нығайту. ә) Адамның ағзасын ,тұлғасын дене шынықтыру арқылы дамыту. б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке,саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дайындық бөлім 12' - 15'
1 Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау, сәлемдесу,оқушыларды түгендеу. 2 Сабақтың тақырыбын тусіндіру.Т.Қ. ережесін айтып өту. Сапта түзу тұруын,арнайы спорт киімдері талапқа сай болуын қадағалау.
Мұғалім сөзін зейін қойып тыңдаулары керек.
Саптық жаттығуларды орындау:
«Оңға!», «Солға!», «Кері бұрылІ», «Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұр!» т. б . пәрмендерін орындау. Берілген пәрмендерді қатесіз,дұрыс орындай білу.
Жай жүріспен орындалатын дене қыздыру жаттығулары:
- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру. - Қол белде, өкшемен жүру. - Қол белде, табанның ішкі және сыртқы қырымен жүру. - Қол белде, жартылай отырып жүру. -Қол тізеде, толық отырып жүру.
-Қол желкеде, секіре жүру.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.Дененің түзулігіне,ара-қашықтықтың сақталуына мән беру.
Бір қалыпты жай жүгіріспен орындалатын жаттығулар:
Тынысты бір қалыпты ұстап жүгіруге дағдылану. Тізені неғұрлым жоғары көтеру керек.Аяқты сермеу барысында тізені бүкпеу керек.Жаттығуларды дұрыс орындауларын қадағалау керек,қателіктерін түзеп, айтып отыру керек.
Тыныс алу жаттығуларын орындау: - Қолды жоғары көтере мұрын арқылы терең дем алып, , еңкейіп демді ауыз арқылы шығару керек. 4-5 рет орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
- Б. Қ. аяқ иық көлемінде, қол белде 1 – 2 дегенде басты онға,солға, 3 – 4 дегенде алға, артқа иіп шалқайту. 7-8 рет. - Б. Қ аяқ иық көлемінде қол иықта 1 – 4 дегенде шынтақты алға, 5 – 8 дегенде артқа айналдыру. 7-8 рет. - Б. Қ аяқ иық көлемінде,оң қол жоғары көтерілген,сол қол белде 1 - 2 дегенде денені солға иіп, 3 - 4 дегенде оңға иіп орындаймыз. 8-9 рет. - Б. Қ аяқ иық кеңдігінде 1дегенде қолды жоғары көтере артқа аздап шалқаю, 2дегенде еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, 3 дегенде қолды алға созып отыру, 4 деп Б. Қ келу. 6-7 рет. - Б. Қ аяқ иық кеңдігінде қол белде, 1 дегенде екі қол шынтақтан бүгіліп иыққа қойылады , 2 дегенде екі қолды жоғары көтереміз, 3-4 дегенде шапалақ ұру, 5 дегенде қолдарымыз қайта иыққа қойылады, 6 дегенде Б:Қ 9-10 рет. -Б.Қ қол белде,оң(cол) аяқтармен алма кезек 15 рет секіру, қос аяқпен 25 рет секіру.
Сапқа тұрып тынысты қалыпқа келтіру . Терең тыныс алу.
Негізгі бөлімге дайындық.
Жаттығу орындағанда санау арқылы бірдей орындау.Мұғалімді зейін қойып тыңдау керек.Әр кезеңнің жаттығуларын қатесіз дұрыс орындау.
Негізгі бөлім 25 - 30'
. Жоғарғы сөреден шығып ары-бері жүгіру техникасын қайталау.
- Жоғарғы сөреден жүгіру, түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.
-«Сөреге» пәрмені берілгенде негізгі оң(сол) аяқ сөре сызығына тақалып қойылады.
-екінші аяқ 1,5-2 табан артта тұрады.
-салмақ екі аяққа тең түседі.
-дене түзеліп,қол төмен түсіп тұрады.
-«Дайындал» пәрменін естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені 45° алға еңкейтеді. -салмақ алда тұрған күшті аяққа түседі.
-«Марш» пәрмені естілгенде сөреден бар жылдамдықпен екпіндей шыға жүгіру керек. Жүгіре шыққаннан кейін арнайы қойылған белгілер арасымен ары-бері жүгіру техникасын орындау.
Аяқтың ұшын сызыққатақап ,қолдың көмегімен ырғалаалдығасекіру керек.Секіріп жерге түскен кезде қолды алдыға созған қалыпта түсу керек.Секірудің үш кезеңі бар. Ырғалу,секіру,жерге түсу.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру әдісін қайталау.