Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгелдеу, сабақтың тақырыбын хабарлау,қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, жалпы шынықтыру жаттығуларын жүргізу. -Орнында оңға-солға бұрылу. Жәй жүріс. -Екі қолды жоғары, аяқтың ұшында жүру. -Екі қол белде, өкшемен жүру. Жеңіл жүгіру : -Екі қол белде, тізені жоғары көтеріп жүгіру. -Екі қол белде, оң-сол жақпен жоғары секіру. -Жеңіл жүгіру. Жәй жүріс : -Екі қолды жоғары көтеріп тыныс алады, екі қолды төмен түсіре кеуде алға еңкейеді, демді шығарады Орнында тұрып жаттығулар жасау. -Екі қол белде, екі аяқтың арасын иықтың жалпақтығындай етіп қояды: басты оңға-солға айналдыру. -Б.қ. екі қолды иыққа қойып алға-4 рет,артқа -4 рет айналдырады. -Б.қ. Екі аяқтың арасын иықтың жалпақтығындай етіп қой- ып, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды төменде ұстайды. -1.-2. оң қол жоғарыда, сол қол төменде кейін қарай сермеледі. -3-4 сол қол жоғарыда, оң қо төменде кейін қарай сермеледі. -Б.қ. Екі аяқтың арасын иықтың жалпақтығындай ара қашық-тыққа қойып, екі қолды желкеде ұстайды. -1.2.- кеудені оңға қарай бұрады. -3.4.- кеудені солға қарай бұрады. -Б.қ. Екі аяқтың арасын иықтың жалпақтығындай ара қашық- тыққа қойып, оң қолды жоғары көтеріп, сол қолды белге қояды. -1.2. кеудені солға қарай иеді. -3.4.(сол қол жоғарыда, оң қол ды белге қояды.) Солға қарай иіледі. -Б.қ. екі аяқтың арасын иықтан жалпақ етіп қояды, екі қолды белге қояды. -1- екі қолды алға төмен қарай иіліп оң аяққа тигіземіз. -2- екі қолды ортаға еденге тигіземіз. -3- екі қолды сол аяққа тигіземіз. -4- Б.қ. -Б.қ. - екіаяқты қосып қояды, екі қол төменде бос ; -1-екі қол түзу жоғары көтеріп артқа шалқаяды. -2-кеудені алға еңкейтіп екі қолды аяқ ұшына жеткізеді. -3-екі қолды алға созып, аяқты тізеде бүгіп отырады. -4- Б.қ. -Б.қ. Екі аяқты бірге, екі қол төменде. 1 - Екі қолды алға түзу етіп көтереді. 2 - Екі қолды тіке жоғары көтереді. 3 - Екі қолды иыққа қояды. 4 - Екі қолды екі жаққа созып, бір қадам оңға. 5 - Бір қадамсолға, екі қолды иыққа қояды. 6 - Екі қолды екі жаққа созып, бір қадам солға. 7 - Бір қадамоңға, екі қолды иыққа қояды. 8 - Орнында секіріп: екі қолды жоғары көтереді, екі аяқтың арасын аша түседі. 9 - Кеудені алға еңкейте -екі қолды төмен түсіреді 10 - Кеудені көтере оңға бұрады, екі қолды екі жаққа жаза артқа кереді. 11 - Кеудені алға еңкейте - екі қолды төмен түсіреді. 12 - Кеудені көтере солға бұрады, екі қолды екі жаққа жаза артқа кереді. 13 – Кеудені алға еңкейте - екі қолды төмен түсіреді. 14 – Орнынан секіре кеудені көтеріп, екі аяқты қоса бастапқықалыпқа тұрады. -Сапқа тұру, оңға немесе солға бұрылып қатар түзеу. -Жәй жүріс. -Орнында жүру. -Тоқтау. -Сап құрау. -Екі топты оқу құралының қасына тұрғызу. Негізгі бөлім. Акробатика. Арнайы жаттығу: -Маттың шетіне теріс қарап отырып тізені екі қолмен ұатап матқа жатып алға-артқа шайқатылады. -Алға домалау: Екі қолдың ара-қашықтығын иықтың жалпақ- тығындай етіп мат үстіне қояды, оң аяқты тізеде бүгіп, сол аяқты шамалы артқа қояды. Басты екі қолдың арасынан кеу-деге қарай тарта мат үстіне қоя сол аяқпен еденнен серпіліс алып алға қарай домалайды. -Артқа домалау : Мат үстіне екі аяқты қосып отырады, екі қолмен екі аяғын қосып ұстайды. Шамалы алға еңкейіп, қай- таартқа шайқатылып кейін қарай домалайды. Екі қолды иық тұсынан мат үстіне тіреп домалап өтеді. - Қолдың күшімен басқа тұру: Сол аяқтың дізесін жерге тіреп отырады, екі қолдың арасын иықтың жалпақтығындай етіп қояды. Басты мат үстіне тіреп оң аяқпен еденне жәй итеріп екі аяқты бүге көтереді. Кеудені шамалы түзеп алған соң екі аяқты жоғары көтеріп түзетеді.Екі аяқты бүгіп алға домалап барып орнынан тұрады да тепе-теңдік сақтайды. Қорытынды бөлімі. Оқушыларды сапқа тұрғызу, жіберген қателеріне ескертулер жасау, бағалау, тапсырмалар беру,қоштасу. | Тәртіп пен ойын киіміне көңіл аудару, жаттығулар- дың толық және дұрыс орындалуына мән беру. Кеудені тік ұстау. Екі қол белде барынша жоғары секіріп екі қолды екі жаққа айналдыру. Тыныс алуды реттеу. Басты бос немесе еркін айналдыру. Қолды кең етіп айналдыру. Қолы түзу ұстап барынша қатты сермеу керек. Кеудені оңға-солға бұрғанда екі аяқты қозғалтпайды. Кеудені барынша оңға-солға иілуі керек. Әр еңкейгенде кейін қарай серпіліп кеудені көтеріп қайта еңкейеді. Барынша артқа шалқаяды, отырғанда кеудені түзу ұстайды,аяқтың ұшында отырады (өкшені еденге тигізбейді). Кеудені түзу-тік ұстау керек. Алақанды ішке қаратып иық- тың биіктігінде алға созады. Қадамды кең етіп жасау, екі аяқтың арасынкең етіп ашады. Екі қол төменде екі аяқтың арасына артқк қарай өтеді. Екі қол иықтың биіктігінде. Екі қол төменде екі аяқтың арасына артқк қарай өтеді. Барынша жоғары секіріп, екі аяқты қосып түсіп бастапқы қалыпқа келеді. Кеудені тік ұстап, аяқты қатардағылармен бірдей етіп көтеріп түсіру. Кеудені ішке қарай бүгіп ұстау керек, басты матқа тигізбейді. Мат үстіне қолды тіреп, басты тигізбей домалап өту керек. Домалаған кезде екі қолмен екі аяқты қосып ұстайды. Екі қол мен бастың ара- қашықтығы бірдей болуы керек. Жаттығу асықпай бір қалыпты жылдамдықта орындалады. Оқушылардың тынығуын қамтамасыз етіп,тәртібіне көңіл аудару. |