«Біз спортпен доспыз»
Д/ш нұсқаушысы : - Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, балалар!
« Біз спортпен доспыз» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Музыка әуені ойналады, балалар саппен дене шынықтыру залына кіреді.
Тақырыбы: «Біз спортпен доспыз»
Мақсаты: Балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.Спорттық жаттығуларды сауатты, дұрыс орындау,топпен жарысу арқылы, балалардың жауапкершілік қабілеттерін қалыптастыру.
Білімділік: Алған білімдерін шыңдай отырып, ойындар арқылы балалардың ынта, зейіндерін арттыру.
Дамытушылық: Шапшаңдылық, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы болуға дамыту.
Тәрбиелік: Ойын арқылы балаларды жан жақты озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Д/ш нұсқаушысы :
-Қане, спортшылар!
Тік тұр!
Жүргізушіге қарай басынды бұр!
Тік тұр!
Оңға бұрыл!
Балалар бір тізбекпен алға жүреді.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасату:
«Биші қыз» -аяқтың ұшымен, табанмен жүру.
«Балапан»-өкшемен жүру.
«Пони»- ауыстырмалы қадам
«Күркетауық»- тізені бүгіп жүру. Жүгіруге арналған жаттығу
«Құс»- аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру
Секіруге арналған жаттығулар:
«Қоян»-екі аяқпен секіру.
«Бақа»- отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру.
«Қайшы»- аяқты айқастыра секіру
«Зырылдауық»- өзін айнала секіру
Д/ш нұсқаушысы: Балалар ілгері жүреді, екі колоннаға сапқа тұрады.Балалар сендер би билегенді жақсы көресіндер ме?
Балалар: Иә, жақсы көреміз.
Би: «Флеш моб»
Музыка әуенімен Аю мен қасқыр кіреді. Қолдарында ағаштың бұтақтары бар (кім күштті, деп бір-бірімен сынасып тұрады, мен мына бұтақты сенен күшті сындырам деп).
Д/ш нұсқаушысы :- Сәлеметсіздер ме, Аю, Қасқыр ұрысудың қажеті жоқ! Сендер екеуіңде, мықтысыңдар.
Аю:- Ал, біз қайда келіп қалдық?
Қасқыр:- Сен білмей тұрсыңба? Мен балабақшаға жиі келемін. Мені, балалар, қонаққа шақырып тұрады.
Д/ш нұсқаушысы:- Міне, сендер бүгін «біз спортпен доспыз» атты мерекеге келдіңдер.
Аю мен қасқыр: - Балалар, біздің қолымыздағы бұтақты сендер сындыра аласыңдар ма? Сендердің күштерің жетпейтін шығар? (өздері бір –бірден алып сындырады, біздің күшіміз көп деп мақтанады) Балалар бір-бірден алып сындырады. Д/ш нұсқаушысы: -Аю, қасқыр сендердің айтқандарың дұрыс емес. Себебі: бір бұтақ тез сынады. Ал егер, барлық бұтақтарды қосып сындырсақ, олар сынбайды. «Досы көпті жау алмайды»-деп бекер айтпаған. Сендер тату болсаңдар, достарың көп болады.
Аю мен қасқыр: Біз түсіндік. Біз, енді тату боламыз. Бір-бірімен құшақтасып достасады.
Д/ш нұсқаушысы: Аю, қасқыр сендер спортпен дос болғыларын келеме?
Аю мен қасқыр: -Иә, дос боламыз.
Д/ш нұсқаушысы: -Аю, қасқыр сендер екі топқа бөлініп тұра қалыңдар. Эстафеталық ойындар ойнайық.
1 эстафета: «Айға жету».
2- эстафета: «Доптар».»
3- эстафета: «Қаппен секіру».
4-эстафета: «Кенгуру»
Аю мен қасқыр:- Тамаша! Тамаша! Спорт деген қандай керемет! Біз, бәріміз сергіп, жақсы көңіл-күйде демалдық.
Д/ш нұсқаушысы: - Бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті. Аю мен Қасқыр балалармен қоштасып кетеді. Сау болыңыздар!
Д/ш нұсқаушысы: Құрметті, балалар! Бүгінгі мерекеміз аяқталды, денсаулықтарыңыз мықты болсын, ешқашан ауырмай біздің келесі мерекемізде кездескенше сау болыңыздар!