kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа тренажер қондырғыларын волейбол ойынында тиімді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Статья по предмету физическая культура на тему  Жаттықтырушы-оқытушының кәсіби дайындығының

бүгінгі күнгі талаптары. Автор Кельмурзанов А.К.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа тренажер қондырғыларын волейбол ойынында тиімді пайдалану»

Алматы Қалалық білім басқармасы

алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі













әдістемелік баяндама

тақырыбы: Жаттықтырушы-оқытушының кәсіби дайындығының

бүгінгі күнгі талаптары










Дайындаған:

дене тәрбиесі оқытушысы

Кельмурзанов А.К.



«ЖББП» ЦӘБ қаралып,мақұлданды

Хаттама /протокол №______

ЦӘК төрайымы _______________/Қалауова А.К.






аЛМАТЫ – 2016ж

Жаттықтырушы-оқытушының кәсіби дайындығының

бүгінгі күнгі талаптары


Кельмурзанов А.К.-Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі


Жаттықтырушының қызметі әсіресе бүгінгі таңда ғарыштап дамыған заманда оның кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Өйткені ол спортшыны тәрбиелеуде аса маңызды тұлға болып табылады. Жаттықтырушының педагогикалық шеберлігі оның тәжірбиесіне ғана емес, сондай-ақ спортты таңдаған түрінің теориялық жағынан да терең біліміне байланысты екендігі даусыз. Жаттықтырушы өз қызметінде бүгінгі таңдағы ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерді пайдалана отырып жүргізгені абзал. Педагогикалық шеберліктің негізі-жұмысқа шығармашылық ізденістер мен жаңаша бағыт-бағдармен, теориялық білімді іс-жүзіне тиімді қолдана отырып келуімен қаланады. Жаттықтырушы әркез өзінің білімін көтерумен, тек қана білімін емес кәсіби дайындығын шыңдап отырғанда ғана тәрбиеленушісіне терең және пайдалы әсер ете алады. Бүгінгі жаттықтырушы оқушының жұмысына аса қажетті деген қасиеттерді анықтауға болады [1,3].

Бүгінгі жаттықтырушы-оқытушы рухани жан дүниесі таза, адамгершілігі биік, аңғарымпаз жан болуы керек.

Егер тәрбиеленушінің бойынан биік қасиеттерді көргісі келсе ол міндетті түрде өз бойынан табылғаны жөн.

Адалдық пен ішкі дүниенің тазалығы-жаттықтырушының басты ұстанатын қазығы десек те болады. Жаттықтырушы қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жастарға тәртіп жайлы әсіресе әр адамның ішкі тәртібі, ортада өздерін қалай ұстау керектігі, спорттық этикалық талаптарын жалпы ұжымға, отанға, қоғамға, ортаға қалай қарым қатынас жасауды үйретулері міндетті.

Бүгінгі күннің жаттықтырушысы жалпы биік мәдениеттің көрінісі болуы тиіс.

Жаттықтырушының биік мәдениеті оның педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда болашақты болжауға, әрбір тәрбиеленушінің бойындағы ерекше қабілеттерді анықтауға, психология педагогика жағынан белгілі бір жаңаша бағыттарға жол ашуға мүмкіндік жасайды. Ең бастысы жаттықтырушы-оқытушы жастар тәрбиесіне қай қырынан келуді білгені абзал. Тәрбие және оқу үрдісінде әр ұстаз өзінше, өз жолымен түсіндіруге тырысады. Педагогикалық әсер етудің негізгі түрі ретінде сөз алынады. Әдемі, анық, мәдени, әдеби сөйлеу арқылы жаттықтырушы жастарды өзіне қарата алады. Сонымен қатар жаттықтырушының іс қимылы, кәсіби деңгейі өзін-өзі ұстауы да аса маңызды.Тіпті бірдей деңгейдегі сөйлеу мәнері ұқсас жағдайлардада кейде ол бір балаға жағымды, ал екіншісіне тіпті керсінше ұнамауы мүмкін сәттер болады. Осындайда жаттықтырушы-оқытушы сөз қабылдамаған жасқа ісінен, әрине өзінің шеберлігі арқылы көрсеткені әлдеқайда тиімді. Педагогтің жетістігі де сол, ол қай балаға қандай тіл ұғымды қай тіл жеңіл соны дөп басып тануы шарт [2,3,4].

Бүгінгі күннің жаттықтырушы-оқытушысына қойылатын талаптардың бірі, ол өзі спортқа басымен ден қойған адам болғаны жөн. Ол ештеңеден, еш кедергіден қорықпайтын жаңалықтарды бірден қабылдайтын, ізденгіш, жүрегінде түгі бар, от-жалыны бар адам болуы керек, өте білімді, теориялық жағынан көп оқыған, мәдениетті бола тұра, кейде жаттығу кезінде салғырттық танытып жатса, оны бала бірден сезініп қояды. Егер біліп тұрған нәрсеңді жан жүрегіңмен жеткізе алмасаң ол-әлсіздік. Оны спортқа қызығып келген жастардың жүрегіне жеткізбеу өзіңді педагог ретінде алдау болса, үйренейін деп келген баланың, спортқа деген қызығушылығын төмендету [1].

Жаттығу кезінде жеңіске жетелеу керек, біздің команда ең мықты қарсыластарымызды жеңеміз деген мақсатпен жұмыс жүргізілгенде ғана нәтиже болмақ. Жаттықтырушы өзіне сый-құрметі еңбегімен яғни жастардың өзіне сенімі арқылы келеді.

Жаттықтырушы-оқытушының бойында шыдамдылық, төзімділік, біліктілікпен қатар әр сабаққа келгенде командамен жұмыс істеуге деген құмарлық тұруы шарт. Эмоция болғаны да дұрыс.

Егер бәріне селсоқ, әйтеуір сағатым өтсе болғаны деген көзқарас қалыптасса, онда жаттықтырушының өз жұмысына деген немқұрайлы қарағаны. Онда балаларда қызығушылықтан айырылады. Қолынан келмей жатқан нәрселерді көрсетіп, ерінбей бірнеше рет қайталап, оларды жарыстарға апарады да жеке-жеке әңгімелесіп, команда ішінде жақсы көңіл күй қалыптастыру да жаттықтырушының міндеті. Өзі балалармен бірге жаттығу жасап, олар 2-3 сағат жаттықса, оқытушы олардан артық уақыт жаттығады, үлгі болғаны дұрыс. Кәсіби дайындығы мол жаттықтырушы спорт жаттығуларының жүйесін, мазмұнын, негізін, жоспары мен есебін жасап отырғанда ғана нағыз кәсіби шеберлігі шыңдалған маман болып есептеледі [3,4].

Спорттық жаттығулардың жүйесі. Бұл сөздің төркінінде қай спорт түрінің болса да спорттық жаттығу жүйесінде, тағыда білім мен біліктілік, сондай-ақ жаттығу процесін басқару мен ұйымдастыру қызметін көреміз. Жаттығу процесін ұйымдастыру дегеніміз жаттығуды жақсы өткізудің кешенді шаралары. Жаттығуды басқару алдын ала жоспарланып, арнайы дайындықты талап етеді.

Жаттығуды ұйымдастыру түрлері. Жаттығуды ұйымдастыру түрлеріне сабақ, өзіндік дәрістер және спорт жарыстары енеді. Олар өз ерекшеліктеріне қарай нақты міндеттерді шешеді.

Спорт жаттығуының принциптері. Спорттық жаттығу педагогикалық процесс болғандықтан оған жалпы білім мен тәрбие міндетті түрде кіреді. Сонымен қатар жаттығуды арнайы атап айтар болсақ, дене әрекетінің қабілетіне қарай және жарыстың түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

Спортшы алдына қойған міндеттері мен жаттығудың әдістерін түсінуі керек. Жаттықтырушы-оқытушы өз кезегінде оқушының өздігімен жаттығуына жағдай жасап, оның естігені мен көргенінен қорытынды шығаруына, сөйтіп өз түйсігімен жаттығуға ат салысуына мүмкіндік туғызғаны абзал. Жаттығудың күрделілігіне қарай қимыл-әрекеттерді де дұрыс пайдалана білу керек. Ол уақытымен дұрыс бөлінгені жөн. Жаттығу принциптерінің негізі тұрақтылық, төзімділік. Аз мөлшерде басталған жаттығу бірте-бірте баяу, жүйелі түрде жоғары деңгейге көтеріледі. Шамам келіп тұр деп, бірден жоғары деңгейдегі жаттығуға бел бууға болмайды. Әрбір жаттықтырушы спорт жаттығуының мазмұнын жақсы білуі шарт. Ол физикалық, яғни дене, техникалық, тактикалық, теориялық, моральді-жігері, осылардың барлығы спортшының дайындығымен тығыз байланысты [1,2,3,4].

Қорытынды. Дене тәрбиесі дайындығы денсаулықты жақсартуға, белгілі бір деңгейге жетуге, дене тәрбиесі санасын көтеруге әсер етеді. Спортшының техникалық жағынан дайындығы спортшының өзі таңдаған түрі бойынша жүріп тұру, жүгіру, қимыл-әрекетінің техникасын қалыптастырады. Ал тактикалық дайындық жарыс кезінде спортшыларды күресу әдістері мен тәсілдері, түрері мен қаруландырады.Тактика, яғни әдіс, бұл жарыс жүргізудің өнері. Тек қана доппен немесе басқа да спорт құралымен жұмыс істеу ғана емес, айла, тәсіл де ойын кезінде шешуші фактор бола алады. Сондай-ақ спортшының ойын, жұмыс кезінде мінез тануы, табандылық көрсетуі, бастаманы қолына алуы да, батытылдығы да таптырмайтын қасиет. Егер сен теориялық жағынан бәрін өте биік деңгейде меңгеріп, ал жарыс кезінде мінез көрсете алмасаң онда тактикалық жағынан дайындықсыз болғаның. Жаттықтырушы-оқытушы спорт жаттығуларының мезгілін біліп отыруы керек. Жылдық жаттығу кезеңі дайындық, жарыстық, өтпелі кезең болып бөлінеді. Әр кезеңнің қандай міндет арқаратындығын зерттей отырып, оқу процесі жоспарланады. Жаттығу жоспары алдын ала көп жылға, жылдық жеке сабақ және шұғыл апталық, күндік болып жасалуы мүмкін. Әрбір жаттықтырушы есеп жүргізіп отыруға міндетті. Педагогтік бақылау үшін спорт нәтежиелерінің сараптамасы мен есебі қажет.


Әдебиеттер тізімі

1. Қ.І. Адамбеков, Ә.Ж.Тастанов, С.Ә. Әбілдабеков «Таңдамалы спорт түрлерінің теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2011.

2. Массовая физическая культура в ВУЗе (учебное пособие). Под редакцией В.А. Маслякова, В.С. Матякова-М, «Высшая школа», 1991.

3.Физическая культура как элемент культуры общества и человека.

Н.И. Пономарев. Алматы, «Мерей», 1996.

4. Физическая культура студента. Под редакцией. В.П. Ильинича. М.Гардарики, 2001


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаңа тренажер қондырғыларын волейбол ойынында тиімді пайдалану

Автор: Кельмурзанов Азамат Кулжабаевич

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450425


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства