А | А Түйінді идеяларды білуі және түсінуі Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп: Жаңа форматта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу арқылы сыныпты толық қамтуға және барлық балалар назардан тыс қалмай жұмыс жасайды. Үшінші деңгейдегі курста оқып жүріп, тәжірбиемізбен бөлісе жүріп, менде негізгі бір сұрақ пайда болды. Мен неліктен тәжірбиеме өзгерістер енгізуім керек? Осы орайда, дәстүрлі білім берудің нәтежиелі тиімді оқытуға айналып отырғанын байқаймыз. Бірлескен оқудың мәні болашақ ұрпаққа тигізер пайдасы мол болғандықтан, ынтымақтастық, топтық сияқты адамдарды өзара жақындататын білім берудің бұл тәсілі менің физикалық пәніме де зор үлесін қоспақ. Уақыт жеткізбейтін бұл ғасыр, әр адамнан өзгерісті талап етеді. Топтық жұмыс менің дене шынықтыру сабағымда өте керек әдіс. Әлеуметтік, танымдық эмоционалдық мақсаттардан тұратын бұл әдіс өз кезегінде тек оң нәтежиелерге қол жеткізбек. Мысалы: әрбір сыныптағы әр баланың идеясы, мінезі, қабылеті, тіпті өмір сүру принципі де әр қалай болмақ, сондықтан тәжірбиеме өзгеріс енгізіп, балаларды ынтамақтастық арқылы шапшаңдыққа, өз елінің патриоты болуға, достыққа, бірлесіп жұмыс жасауға, жұмылған жұдырықтай бірге болуға баулу мақсатын айқындадым. XXI ғасыр білімділер мен білімге құштарлығының арқасында өмір сүретұғын ұрпақ елімізге де зор үлес қоспақ. Мен негізгі мақсатым – саналы, дені сау, физикалық қабылетті жас ұрпақты тәрбиелеу болса, демек, дәстүрлі білім беруге жаңартылған бағдарлама жүйесін қосып оқыту әсте артық болмасы хақ. Мен қалай оқу керектігін өз тәжірбиеме енгіземін. Менің ойымша, баланың жеткілікті дәрежеде сабаққа ынталы болмауы, мұғалімнің тақырып аша алмай немесе шеберліктің аз болуы мен үйлестіруші, ынталандырушы және сол сияқты жандандырушы болмауынан деп түсінемін. Жаңартылған бағдарлама жеті модульден тұратынын ескерсек бұл орайда сын тұрғысынан ойлау – бұл білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік екені анық. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз бақылаудың, тәжірбиенің, ойлау мен талқылаудың нәтежиесінде алынған ақпараттарды ойлауға , бағалауға , талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешімі болып табыла отырып, болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікірді жеткізуде, ойын ашық сөйлеуде, баламалы шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Ашық сұрақтар арқылы балалардың ойын немесе пікірін білу мақсатында, сыни тұрғыда ойлауды қолдана отырып, процесстің негізгі деңгейде: *релеванттық ақпараттар жинауды; *дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; *кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар *ауқымды тәжірбие негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлаудың балаға зияны мен пайдасы қандай? Қазіргі дамыған дәуренге ілесу үшін балалар шапшаң ойлауға, әрбір іске нақты жұмыс жасауға бейімделуі керек. Топтық жұмыс кезінде адами жағынан оқушылар ұжымшылдыққа, ақылдасып шешуге, достыққа бейімделсе, ал осы сыни тұрғыдан ойлауда уақытты ұтуға, логикалық дәлдікке және өмірмен тығыз байланыстыра отырып ойлауға машықтанады. Аталмыш курстың негізгі мақсаты да осы сыни тұрғыда ойлаудың пайдасы мен балалар үшін маңызды жағын қарастыру. Ендігі кезекті диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауға келсек, бұл ерекше өз талдына зерттеудің бір бөлегі болар еді. Егер сыныптағы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы үлкен байланысты диалог деп алсақ, білімді игерудегі бірлескен іс- әрекетке тартумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабылеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Оқытудың диологтік әдісін пайдаланған мұғалім, ол – басқарушы емес, бағыттап отырушы рөлін атқарады. Балалар диолог пен дәлелдеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда, олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатына сенімдімін. Осы кезекте Александердің зерттеу тәжірбиелеріне көңіл бөлсек, «Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» делінсе, білімді игерудің бес үлгісін анықтап көрсетті, олар: механикалық есте сақтау, декламация, нұсқаулық немесе баяндау, талқылау және диалог. Осы сын тұрғысынан ойлау - оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау тиімді бағаны түсінумен тығыз байланысты. Балалар өздерінің идеяларын құра алатын және жүзеге асыра алатын белсенді оқушы болатын болса, онда мұғалім үшін де зор мәртебе және оған қолдау көрсету қажет. Келесі модуль туралы кез- келген педагог маман білуі де, түсінуі де керек екендігі өте маңызды. Ол - жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Психологтардың айтуынша, балалар әр жаста әртүрлі екенді анық. Мысалы талантты және дарынды балаларды оқыту деп аталатын модульмен тығыз байланысты екенін ескерсек, бұл екі модульде де балалардың жас ерекшелігі туралы анық айтылған. Түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы , әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай берілген. Мен сабағымда қолданатын физикалық жаттығуларды оқушылардың денсаулығына, шама – шарқына, жас ерекшелігіне байланысты беремін. Тіпті балалар дарыны мен талантында ескерусіз қалдыруға болмасын білемін. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылым және спорт салаларын дамыту мақсатында, жаңа бағдарламалар білім жүйесіне енгізіліп, жүзеге асырылуда және бұл өте тиімді жүйе екені сөзсіз. XXI ғасырдың әрбір ұрпағы білім мен ғылымның негізін қалаушы. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты оқыту мен оқуда Қазақстанда дұрыс қарастылған. Тіпті танымдық даму да өз кезегінде оқуға деген қабілеттілігі, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Жалпы зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқудың жекелеген теориялары бар: оқудағы бихевиористикалық тәсіл, оқудағы танымдық тәсіл, оқудағы гуманистік тәсіл, оқудағы әлеуметтік – жағдаяттық тәсіл. Оқудағы бихевиористикалық тәсіл - психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез – құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалауды қарастырады. Джон Б. Уотсон бихевиоризмнің негізін қалаушы болып саналады, психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, тиісті түрде мүмкін емес деп есептеген, оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесі «түрткі – реакция» моделі әзірленді, онда орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады деп саналады. Оқудағы танымдық тәсіл – бихевиористер ортаны зерттеген болса, Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның ақыл – ой үдерістеріне сүйенген, осылайша білім алу әрекеті немесе үдерісі ретінде сана оларды едәуір қызықтырған. Жан Пиаже, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теориктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын анықтай отырып, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген. Ғалымдар кіші жастағы балалар дәл өзін қоршаған ортамен және адамдармен әрекеттесу кезінде оқу және даму жүзеге асады деп сендірген. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мойындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт сатысын (сенсорлы- моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі) айқындады. Джером Брунер жаңалық ашу арқылы оқудың маңызын атап көрсетіп, ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген. Бұл теория оқу үдерісіне балалардың белсенді қатысуын атап өтеді, тіпті бастауыш мектеп жасындағы балалар оқу және даму үшін қажетті қызмет түрлерінің басым бөлігіне бастамашылық етеді деп сендіреді. Бұл теорияны басшылыққа алатын мектептер кіші буынды оқыту ортасына және оқу мазмұнына ерекше назар аударады. Педагогтар мен ересектер балалармен тікелей қарым-қатынас жасайды, олар орындайтын қызмет түрлері оқу мазмұнындағы балалар тәжірибесін пайдалануда аса маңызды болады. Ересектердің іс әрекетін толық қайталайтын ерте жастағы балалар үшін ересектердің әрбір әрекеті маңызды. Оқушыларды жас ерекшелігінен бөлек, талантты және дарынды деп оқытудың келесі сатысына ойыссақ. Дамыған қоғам еңбекке қабылетті, дені сау , білімді, зияткер, интелектуалды тұлғаларды талап етеді. Талантты оқушылар мен дарынды балалар сондай қоғамда өздерінің еңбектерімен көзге түспек. Бізде дарынды және талантты балалардың «күрделі немесе ынталандыратын» тапсырмаларды қажет етеді деп санайтынымыз бар.Эйр міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. «Экстернат» деп аталатын оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам ,тез игерудің бұл түрі кейбір қиындықтардан шығуға жол ашады. Топтағы жұмысты құрылымдау да жаңартылған бағдарламаның бізге қолайлы түрі болмақ. Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және экстернат модельдерін қолдана алатындығын айта отырып, ол үш түрлі өзгеріс енгізу кезінде Мейкер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады: *мазмұнына өзгерістер енгізу; *қолданылатын әдісті өзгерту; *оқу жағдайын өзгерту. Яғни, біз өзімізге мақсат қоя отырып, міндеттемелер мен әдісті өзгеріспен қолдана отырып, балалар мүмкіндігінің шексіз екеніне және оның сол мүмкіндіктерді тиісінше практикалық тұрғыда қолдана алатынына шүбә келтірмеуге болатынын талантты балалар мен дарынды жастар дәлелдеуге дайын. Біз қоғамнан алыста өмір сүре алмасымыз түсінікті екені анық, деседе қоғам дамуына едәуір үлес қосатын жандардың бірі де , бірігейі де ол – жас ұрпақ. Ал жас буынның білімді , зиялы болуы ұстаздан. Маған ұнайтын модульдердің бірі осы – АКТ. Дамудан қалыспай, сол дамуға үлескер болып отырған Еуропа елдерінде өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Қазіргі таңда ақпараттық- коммунникациялық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, ал біздер яғни мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Білікті мұғалім үшін теориялық және практикалық білімдер өзара тығыз байланыста болу қажет. АКТны енгізген кезде теориялық және тәжірбиелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады және сабақта теориялық пен практикалық білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылатындығы айқын. Қорыта келгенде, «білім – инемен құдық қазғандай». Мейлі қандай жаста, қандай ортада өмір сүрсеңізде, білімге, жаңашыл болуға, үйренуге ұмтылыңыз және сол ғана сізде жетістік мен сәттілікке қарай бастайды деп ойлаймын. Сапалы және тиімді білім беру немесе келешек елінің патриоты болатын жас ұрпақ тәрбиелеуде мұғалім орнының маңыздылығы алғашқы сатыға жайғаспақ. Менің маңызы зор мамандығымның жемісінде жалынды ұрпақ саналы да, білімді, дені сау болуы үшін, барлық дәстүрлі әдіс – тәсілдерімді жаңартылған бағдарлама аясында жоспарларымды іске асыруға бел байладым. Cын тұрғысынан ойлаған оқушы кез- келген жағдайда оны өмірде практикалық түрде қолдана алса, демек мен жеңіске бір қадам бастағаным. 1505 | 1, 3, 2 | Жақсы | Қанағатанарлық | Шекті деңгей | Қанағаттанғысыз |